Функциялардың қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
Функцияның қасиеттеріОқу мақсаты
10.5.1. 4
функцияның берілген графигі бойынша
оның қасиеттерін біледі
Бағалау критерийлері
Берілген функцияның графигіне бойынша:
1)функцияның анықталу облысын;
2) функцияның мәндер жиынын;
3) функцияның нөлдерін;
4) функцияның периодтылығын;
5) функцияның бірсарындылық аралықтарын;
6) функцияның таңбатұрақтылық аралығын;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін;
8) функцияның жұп, тақтылығын;
9) функцияның шектелгендігін;
10) функцияның үзіліссіздігін;
11) функцияның экстремумдарын анықтай алады
Анықтама. Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін заңдылық немесе ереже функция деп аталады.
Квадраттық функция деп мына түрдегі функцияны айтамыз
у=ах2 + bx + c , а≠0 Мұндағы х –тәуелсіз айнымалы; а, b және с – нақты сандар. Квадраттық функцияның графигі – парабола
Төбесі (х0;у0)
Анықтаманы толықтыр
Жұптық жұмыс
1.Сурет бойынша функцияның анықталу облысын табыңыз.
2.Сурет бойынша функцияның мәндер жиынын табыңыз.
3.Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәндерін атаңыз.
4.Функция қай аралықта өседі, қай аралықта кемиді?
Топтық жұмыс
Тапсырма. Берілген функцияның графигіне қарап, оны барлық он бір қасиетін анықтаңыздар.
1)функцияның анықталу облысы;
2) функцияның мәндер жиыны;
3) функцияның нөлдері;
4) функцияның периодтылығы;
5) функцияның бірсарындылық аралықтары;
6) функцияның таңбатұрақтылық аралығы;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
8) функцияның жұп, тақтылығы;
9) функцияның шектелгендігі;
10) функцияның үзіліссіздігі;
11) функцияның экстремумдары.
Критерийлері:
жұмыс таза, жақсы безендірілген
барлық қасиеттері толық қамтылған
жұмысты жақсы түсіндірілді (таныстырылды)
топ мүшелері толық қамтылған
уақытқа үлгеруі
Топтық жұмыс
1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
Өзін-өзі бағалау парағы
Мен функцияны зерттеуде қиналамын
Мен функцияны зерттей алмаймын
Мен функцияны зерттеуді түсіндім, бірақ ...
Мен функцияны толықтай зерттейаламын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру