Функцияның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.


«Сөйлемді толықтыр!»

(оқушылардың теориялық білімін тексеру)

  • Егер Х аралығында мәндері үшін ............ теңсіздігі орындалса, онда f функциясы осы аралықта өспелі функция деп аталады.
  • Аргументтің үлкен мәніне функцияның ........ мәні, кіші мәніне функцияның ............ мәні сәйкес келетін болса, онда функция осы аралықта өседі.
  • Егер f функциясының анықталу облысынан алынған әрбір x үшін ............ теңдігі орындалатын болса, онда f функциясы жұп функция деп аталады.
  • Аргументтің үлкен мәніне функцияның ............ мәні, кіші мәніне функцияның ............ мәні сәйкес келетін болса, онда функция осы аралықта кемиді.
  • Егер f функциясының анықталу облысынан алынған әрбір x үшін ............ теңдігі орындалатын болса, онда f функциясы тақ функция деп аталады.
  • Х аралығында бірыңғай өспелі (не кемімелі) болатын функцияны осы аралықта ............ деп атайды.
  • Егер f функциясында кезкелген х Х үшін

............ теңдігі орындалса, онда ол периодты функция болады. Т≠0

«Сөйлемді толықтыр!» жауабы:

  • Егер Х аралығында мәндері үшін теңсіздігі орындалса, онда f функциясы осы аралықта өспелі функция деп аталады.
  • Аргументтің үлкен мәніне функцияның үлкен мәні, кіші мәніне функцияның кіші мәні сәйкес келетін болса, онда функция осы аралықта өседі.
  • Егер f функциясының анықталу облысынан алынған әрбір x үшін f (−x) = f (x) теңдігі орындалатын болса, онда f функциясы жұп функция деп аталады.
  • Аргументтің үлкен мәніне функцияның кіші мәні, кіші мәніне функцияның үлкен мәні сәйкес келетін болса, онда функция осы аралықта кемиді.
  • Егер f функциясының анықталу облысынан алынған әрбір x үшін f (−x) = − f (x) теңдігі орындалатын болса, онда f функциясы тақ функция деп аталады.
  • Х аралығында бірыңғай өспелі (не кемімелі) болатын функцияны осы аралықта монотонды/бірсарынды деп атайды.
  • Егер f функциясында кезкелген х Х үшін f (x – T) = f (x) = f (x +T) теңдігі орындалса, онда ол периодты функция болады. Т≠0


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу