Квадрат теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


 №1 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадрат теңсіздік »

 «Теңсіздіктер» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді шешу

 

 Оқу мақсаты:

 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу

 Оқу мақсатын жүзеге асыруға 5 сағат бөлінген. Бірінші сабақта сәйкес квадраттық функцияның графигі арқылы теңсіздіктерді шешу қарастырылады.

 

 Теориялық материал

Анықтама

немесе түріндегі теңсіздіктерді квадрат теңсіздіктер деп атайды, мұнда  - айнымалы, , ,  - сандар, .

және белгілерін қатаң, ≤ және ≥ белгілерін қатаң емес теңсіздік белгілері деп атайды.

Егер квадрат теңсіздік қатаң емес болса, онда түбірлер сандық аралыққа енеді, ал егер – қатаң болса, онда енбейді.

Квадрат теңсіздіктерді шешу алгоритмі

  • Үлкен коэффициенті арқылы параболаның тармақтарының бағытын анықтау (жоғары немесе төмен)
  • Квадрат теңдеудің түбірлерін табу немесе жоқ екендігін анықтау
  • Графиктің сұлбасын салу және Ох осімен қиылысу нүктелерін белгілеу (бар болса)
  • График арқылы теңсіздіктің жауабын анықтау.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Мұғалім оқушыларды жұптарға бөледі оларға квадраттық функция графигінің сұлбалары берілген карточкаларды таратады, оқушылар таңбатұрақтылық аралықтарын қалай анықтайтындарын естеріне түсірулері керек. Кейін басқа жұппен бірігіп жауаптарын салыстырады, бір-біріне комментарий береді. Мұғалім сыныпты аралап жүріп оқушылардың жұмыстарын қадағалайды. Жаңа материалды мұғалім диалогтық әдісті пайдалана отырып түсіндіреді. Теңсіздікті шешуге графиктің сұлбасын салу жеткілікті екенін ескертеп кету керек. Ұсынылған 2 мысалды талдап болған соң оқушыларды шағын топтарға бөліп, оларға квадрат теңсіздіктерді шешу алгоритмін құрастыруды тапсырады. Кейін әрбір топтың жұмысы тақтаға ілінеді, жауаптары қорытындыланады, тақтадағы көрсетілген алгоритмді оқушылар дәптерлеріне түсіріп алады. Бекіту кезінде оқушылар ұсынылған теңсіздіктерді өздіктерінен орындайды, қажет болғанда көршісінен немесе басқа сыныптасынан көмек сұрай алады. Есептің шешімін дұрыс жауап үлгісімен салыстырып, өздерін бағалайды.

 

Жауаптары мен шешімдері

Теңсіздіктерді шешіңіз:

1.

2.

3.

4.

5. 0

6. 0

Жауаптары:

1)

2)

3)

4)

5)

6)

 

 Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар

 Теңсіздіктерді графиктік әдіспен шешіңіз:

  • 2+40х+10˂-х2+11х+3
  • 2-х+9≥3х2+18х-6
  • 2х(3х-1)>4х2+5х+9

 

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Шыныбеков Ә. Н., Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2004.
  • Мордкович А.Г. и др. Алгебра. 8 кл.: В двух частях. Ч. 2: Задачник для общеобразоват. учреждений. М.: Мнемозина, 2003.
  • Виленкин Н.Я., Виленкин А.Н., Сурвилло Г.С. и др. Алгебра: учеб. для 8 кл. с углубленным изучением математики. – М.: Просвещение, 2006.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу