Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Оқу мақсаты: 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;
- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады;
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Математикалық софизм
- Бекіту
- Үй тапсырмасы. Рефлексия.
3-теорема. Кез келген х үшін теңдігі орындалады.
Жалпы жағдайда , мұндағы k – кез келген натурал сан.
Математикалық софизм:
екі жағына да санын қосайық,
немесе
осыдан
4=5, яғни .
Оқушылардан дәлелдеудің қателігін табу сұралады. Сонда олар 4-жолдағы теңдігінің екі жағынан да түбір қате табылғанын айтады. Бұл жерде теңдіктің екі жағынан да арифметикалық квадрат түбір алынғандықтан, анықтама бойынша түбірден шыққан сан теріс емес сан болуы керек, ал .
қасиеті бойынша, 4-жолдың екі жағынан да түбір алғанда ол болуы тиіс. Егер модульді ашатын болсақ, онда болады. Енді теңдік дұрыс.
Санның модулі
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Сабаққа қажетті материал оқулықтардан және Білімланд сайтынан алынған. Егер осы сайтқа жазылымыңыз болса, онда оны қолдануларыңызға болады.
Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сондықтан, оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін белсенді ету және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «6 сөз әңгіме» сынды тәсіл қолданылды. Бұл тәсілде әрбір оқушы қарастырылған софизм бойынша тура 6 сөзден ғана тұратын әңгіме құрастыруы қажет.
Сабақ бойы немесе аяғында оқушылардың осы тақырып бойынша негізгі қателеріне назар аударып, оларды үнемі басты назарға алыңыз.
Оқушылар жіберетін негізгі қателер мынадай болуы мүмкін:
- Оқушылар түбір астынан теріс емес сан шығатынын ескермеуі мүмкін, яғни тек деп қана алуы мүмкін.
Саралауға арналған қосымша тапсырмалар
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қосымша 1.
№1. Жауаптары: а) ; b) ; c) -1.
№2. Жауаптары: a) a-3; б) 4-b; в) 2; г) 8-2а.
№3. Жауаптар: a) 1-m; б) 1-3m; в) 2у-12; г) 6.
№4. Жауаптар: б) ; в) ; г) .
№5. Жауаптар: а) 4; б) 6; в) 2; г) 10.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012.
Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре для 8-9 кл. Москва «Просвещение» 2001.
Білімлэнд, www.bilimland.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру