Шығарманың жоспарын құру. Жер астында қала бар. Алтын мүйізді киік нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: Жер астында қала бар. Алтын мүйізді киік.

 3.1. Шығарманың жоспарын құру

Оқу мақсаты: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: ертегіні түсініп оқиды, кейіпкерге мінездеме береді.

Көптеген оқушылар: ертегі бойынша кейіпкердің портретін сөзбен сипаттайды, мінеземе береді. Мәтіннің бөліктеріне ат қойып, жоспар құрастырады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерге мінездеме беруде көркем- бейнелі сөздерді қолданады. Мәтінді құрылымдық бөліктерін ажыратады. Жоспар құрастырады

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерге мінездеме береді;
  •  Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  •  Мәтін бөліктеріне тақырып қояды.

Ширату тапсырмасы

) Оқушыларды бірінің артынан бірін тұрғызып, шеңбер жасаап тұрады. Парақтарын алдында тұрған оқушының қабырғасына қойып, оның портертін жүріп- жүріп салады. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін баяу музыка ойнап тұрады.

Жұмыс аяқталған соң, бір- бірінің суреттерін сыйлық ретінде беріледі.

  • Бір- бірімізге сыйға не бердік? Портрет дегеніміз не?
  • Ендеше, бүгін біз Бұлдырмергеннің портретін сөзбен жасайтын боламыз.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
  • Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

  • Ертегіні жалғастырмас бұрын алдыңғы сабақтағы болжамдарыңызды көріп алайық. Қай топтың болжамы сәйкес келер екен.
  • Алдыңғы сабақтағы «Әңгіме тауы» сызбасын тақтаға ілу. Әр топтың болжамына шолу жасау. Сонымен, ертегімізді жалғастырайық.

Мәтін бойынша жұмыс жүргізіледі.

  Ертегіні әртүрлі түспен белгіленген белгі бойынша оқиды.

  • 1-2 азатжол – басы
  • 3-4,5-ортасы,
  • 6,7,8-соңы.

Ертегіні «ДЖИГСО-1» әдісі бойынша оқуды ұйымдастыру.

(МК) (Ұ) Мәтінді үш бөлікке мұғалім бөледі. Сол бөліктерге ат қояды. Атаулары тақтаға тізіліп жазылады. Мұғалімнің көмегімен ертегіге жоспар құрастырады.

Жоспар:

  • Алтын мүйізді киіктің өтініші.
  • Бұлдырмергеннің ерлігі
  • Жерасты еліндегі той.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Топта тапсырманы бірлесіп орындайды.

(ҚБ) Дескриптор:

  • ертегіні құрылымдық бөліктерге бөліп оқиды;
  • өзара талқылап, әр бөлікке тақырып қояды;
  • ертегіге жоспар құрастырады.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

(ТЖ) «Жаңғақ» ойыны

Әрбір топ басшысы себеттен жаңғақ таңдап алады. Жаңғақтың ішінде ертегіге сәйкес сұрақ болады. Топ болып, сол сұрақты талдайды және жауап береді.

  • Алтын мүйізді ақсақал Бұлдырмергенге қандай өтініш жасады?
  • Бұлдырмерген өтінішті неліктен қабалдады деп ойлайсың?
  • Бұлдырмерген қалай жасақталды?
  • Айдаһарды қалай жеңді?
  • Неліктен ол жерасты елді мекенде қалмады?

Бұлдармергенге мінездеме бер. Портретін сипаттайтын өздерді мәтіннен тауып жаз.

  Киімі ________________________

Бұлдырмерген Аңшылығы____________________

Батырлығы____________________

Халқына құрметі_______________

Саралау: тапсырма қабілеті бойынша сараланады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

(ҚБ) Дескриптор:

  • Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • Кейіпкерге мінездеме береді.

(Б) Топтар өзара бірін – бірі бағалайды.

(Ұ) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі бойынша «Бұлдырмергеннің жерасты халқына пайдасы тиді. Ал, сен өз қалаңды көркейтуге қандай үлес қосар едің?» сұраққа өз пікірін айтып, ой бөліседі.

Сабақтың соңы

«Дастарқан» әдісі бойынша қорытындылау.

Топқа берілген дастарқанға әр оқушы бігінгі сабақ туралы 3 сөз жазады.

  • Ертегіден аларым...
  • Менің көңіл күйім...
  • Болжамым ертегімен сәйкес келді... келмеді....

Бос тұрған төрт жақты бұрышына әр оқушы 3 сөзден өз пікірлерін жазады. Ортадағы орынға ортақ шешімдерін түсіреді.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу