Күзгі уақыт Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Күзгі уақыт.

Оқу мақсаттары:

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап бере алады;

Көптеген оқушылар:шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпаратты таба алады, өз ойын көркем – бейнелі сөздер арқылы жеткізеді.

Кейбір оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпаратты тауып, сызбаға түсіреді және өз ойын көркем –бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

-дерек көздерден ақрапатты табады және сызбаға түсіреді;

-өз ойын білдіруде көркем бейнелі сөздерді қолданады,

- ұйқас бойынша өлең құрастырады;

- сөздерді қатесіз жазады. -дерек көздерден ақрапатты табады және сызбаға түсіреді;

-өз ойын білдіруде көркем бейнелі сөздерді қолданады,

- ұйқас бойынша өлең құрастырады;

- сөздерді қатесіз жазады.

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы.

Топтастыру

Сынып қабырғаларына айнала суреттер ілінеді (Қосымша 1). Оқушылар осы суреттер арасынан өздеріне ұнағанын таңдап, соның тұсына тұрады. Неліктен бұл суретті таңдағанын түсіндіреді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға, сабақтың тақырыбын анықтауға, психологиялық қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Тапсырманың соңында оқушыларды тұрған бойымен немесе біріктіру арқылы 4 топқа бөлу ұсынылады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері бірлесіп құрастырылады немесе мұғалім дайын үлгіні ұсынады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау ұсынылады.

ІІ. Сабақтың ортасы.

1-тапсырма

Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалім оқушылардың дұрыс оқуына назар аудару керек, 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Оқушыларға кері байланыс беріліп отырады. Мәтінді жеке түсініп оқиды, түсінгендерін ортаға салады. Келесі тапсырманы орындауға дайындалады.

2-тапсырма

(Ж,Т) Тапсырма оқыған мәтіннен көркем-бейнелі сөздерді табуға бағытталған. Барлық топқа бір тапсырма беріледі, оқушылар оқулықтағы материалға сүйене отырып кестені толтырады. Алдамен жеке дәптерде орындап, жұпта немесе топта талқылап кестені барлығына таныстырады.

(Т) №1 тапсырмадағы мақал-мәтелдерді оқып, күздің басты белгілерін сипаттайды, кестені толтырады. Толтырып біткен соң, парақтарымен ауысып, бірін - бірі тексереді,

(Б) «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асады.

Мақал - мәтелдер

Күз мезгілінің басты белгілерін ата

Сәйкес келетін тірек сөзді тауып жаз

Нөсер алдында найзағай ойнайды

Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен

Көктемде түскен бір дән,

Күзде мың дән болады

Саралау: тапсырма барлық оқушыға бірдей ұсынылады, қабілеті тқмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

3- тапсырма

(Т) Тапсырма оқушылардың жазылым, оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Әр топқа кесте толтыру ұсынылады. 1 және 3 топ оқушылары қосымша 2 толтырса, 2 және 4 топ оқушылары қосымша 3- ті толтырады. Кестені толтыру кезінде оқушылар мәтінге сүйенеді, бұрынғы білімдеріне және дереккөздердегі ақпараттарды қолдана алатынын алдын ала ескертілуі қажет.

Күзгі жаңбыр

Жәндіктер

Құстар

Ағаш

Күзгі еңбек

Күз

Ауа райы

Жер беті

Өсімдіктер

Күз

(Б) Әр топ өз жұмысын қорғайды, «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бағалайды, толықтырады.

4-тапсырма

(Ұ) мұғалім қосымша ақпарат көздерінен автор туралы қысқаша таныстырып кетеді.

5-тапсырма

(Ө) Күзге қатысты көркем бейнелі сөздерді қолданып, өлең құрастырады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын жетілдіреді. Тапсырма арқылы оқушы өз ойын көркем бейнелі сөздер арқылы жеткізуді үйренеді. Мая шөп, жомарт күз, алтын күз, қоңыр күз, балбырап піскен өнім, маужырап т.б. презентациядаға сөздерді қолдануға болады.

Үлгі:

Сары ала тон киіп,

Келді ауылға алтын күз..

Мол астыққа кенеліп,

Диқаншылар қуанды.

Дескрипторлар:

  • Өлең тақырыпқа сәйкес келеді;
  • Өлеңде сөздер мен сөз тіркестерін қолданған;
  • Өлеңнің ұйқастары бар;

Бағалау: «Смайликтер» арқылы бағаланады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

ІІІ. Сабақтың соңы.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылаймыз. Ол үшін «Бағдаршам» әдісін қолданамыз.

• Мен көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойымды жеткізе аламын – жасыл түс;

• Мен өз ойымды толық жеткізе алмадым – сары түс;

• Маған ойымды жеткізу қиын болды – бағдаршамның қызыл түсі.

Сабақтың соңында мұғалім оқушылардың жұмысы жайлы кері байланыс беріп кетеді.

Ескерту: мұғалім сынып оқушыларның ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды түрлендіріп беруіне болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу