Дидактикалық материал. 3 сынып


Қазақ деген халықтың баласымын

Қазақ деген халықтың баласымынБаласына беретін бар асылын.Мінін көрсе, қиналып інісінің,Тілін алып өсетін ағасының.Қазақ деген халықтың баласымынЖағасынан алмайтын данасының.Айтқанынан шықпайтын әкесінің,Бір сөзінде жықпайтын анасының.Қазақ деген халықтың баласымынАғы менен көзінің қарасымын.Халқын мақтан ететін әр жерлерде,Салтын сақтап жүретін бабасының.Қазақ деген халықтың баласымынАлда талай алынар бар асуым.Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,Мүмкін емес сол жолда адасуым,Қазақ деген халықтың баласымын! Тұманбай Молдағалиев.

1-қосымша

Суреттегі жылқы, бүркіт, жайылымдағы қой т.б. қатысты қандай халық салт-дәстүрін білесің?

2-қосымша

Ролдегі оқушылар. (Баяндаушылар, Сұрақ қоюшылар, Дәнекерлеушілер, Із кесушілер).

  • Тұманбай Молдағалиевтың «Қазақ деген халықтың баласымын» өлеңін барлық оқушылар түсініп оқиды.
  • Өлеңді оқып болған соң әр оқушы өз рөлдері бойынша жұмыс жасайды.
  • Баяндаушылар өлеңді баяндайды.
  • Сұрақ қоюшылар ашық сұрақтар қарастырады.
  • Дәнекерлеушілер өмірмен байланыстырады.
  • Із кесушілер қызықты мәліметтерді табады.
  • Топтар өз жұмыстарын таныстырады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу