Том мен Бекки Марк Твен. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Том мен Бекки Марк Твен

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеруіне, оқиғаларға сүйеніп, оқиғаның дамуын болжайды;

Көпшілік оқушылар:шығармадағы оқиғаға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығарма кейіпкеріне хат жазады

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға беріп, талдайды, өз дәлелдерін келтіріп , қорытынды жасайды

Бағалау критерийлері

  • Оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • Кейіпкерлердің іс- әрекетін сипаттап, баға береді;
  • Шығарма кейіпкеріне хат жазады

Тірек сөздер

Тартпа,аяқ астынан

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өзара сыйластық, адалдық, ашықтық. Өмір бойы білім алу, шығармашылық құндылықтары қалыптасады

Пәнаралық байланыстар

Диалог, кейіпкерлерді сипаттауда, кейіпкерге хат жазуда қазақ тілі пәнімен баланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,аудиоүнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Кейіпкерге сипаттама береді, сұрақтарға жауап береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-6 минут

Түрлі түсті кәмпит қағаздары арқылы топтарға бөліну

Ширату тапсырмасы: «Бұл кім?»

Аудиоүнтаспа арқылы сыныптағы бір оқушыны сипаттайды:оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін, мінез-құлқын келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, оқушыны мақтаған дұрыс.

Бір-екі сипаттан кейін оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдаймын. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.

Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...».

Тиімділігі:Оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен тансытыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру,

Қосымша 1

Аудиоүнтаспа

Слайд№ 1-4

Сабақтың ортасы

7-13минут

14-18 минут

19-29 минут

30-36 минут

1-тапсырма

(Ө,Ж,Т) «Сандықша» әдісі

Марк Твен «Том мен Бекки»

Мәтінді оқы. Түсініксіз сөздерді белгілеп, стикер ге жаз. Жазған стикерлерін сандықшаға жинайды (салады, жабыстырады). Сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды.

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

ҚБ «Табыс ағашы» әдісі

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедіңдер», сары – «қиын-дықтар болды», қызыл – «қателер көп болды».

2-тапсырма

(Ө; Ұ) «Қар кесегі» әдісі.

Әр оқушы жеке қағазға мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазады. Қағазды умаждап, сыныптың ортасына лақтырады. Әр оқушы қағазды алып, сұраққа жауап береді.

Үлгі:

- Доббис мырза кім?

-Неліктен кітапты үстелдің тартпасына салып, кілттеп қояды?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді. Ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. Өзара қолдау көрсетеді.

ҚБ «Қол шапалақтау»

3-тапсырма

(Т) «Модельдеу» әдісі

Жазушылар: Әңгімедегі оқиға қалай жалғасуы мүмкін? Болжамыңды айт.

Құтқарушылар: Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал- мәтелдерді тап

Суретшілер: Мәтін мазмұны бойынша қандай сурет салуға болатынын ұсын.

Ғалымдар: Тақырыпқа байланысты жағдаят(оқиға) құрастыр.

Саралау: Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір топтарға қосымша уақыт берілуі ескеріледі. Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

4-тапсырма

(Ө,Т) Жинақтау «Дөңгелек үстел» әдісі

Оқиғаның желісі бойынша Том мен Беккиге хат жазу. 1-ші мен 2-ші топтар Томға хат жазады.Ал 3-ші мен 4-ші топтар Беккиге хат жазады,

Сөйлем саны топ мүшелерінің санына қарай шектеулі, мысалы, топта 6 оқушы болса хат тек 6 сөйлемнен құралуы керек.

Топ мүшелерінің біріншісі хаттың алғашқы сөйлемін жазып, жанындағы оқушыға береді, ол оқушы хаттың екінші сөйлемін жазып келесі оқушыға береді, ол оқушы да үшінші сөйлемін жазып келесіне береді. Осылайша топ мүшелері бірінің жазғанын бірі толықтырып ортақ 1 хат жазып шығады

Хатты оқы.

1.Әр топ жазған хаттарын сағат тілінің бағыты бойынша бірі-бірімен алмасады.

2.Қалған көрші топтардың хатын сыныпқа оқып, баға береді.

Саралау:

Топтағы оқушылар бірлесе жұмыс жасайды. Жазған хаттарын басқа топ оқушыларына оқып береді.Топтағы оқушылар бағаланады

ҚБ «Смайликтер»

Слайд №5

Қазақ тілінің түсіндіреме сөздігі

Қосымша 3

Слайд №6

Слайд №7

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40минут

«Шеринг» әдісі

Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Барлығы шеңберде тұрады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды.

Саралау

1-тапсырма

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

2-тапсырма

Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді

3-тапсырма

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

4-тапсырма

Топтағы оқушылар бірлесе жұмыс жасайды. Жазған хаттарын басқа топ оқушыларына оқып береді.Топтағы оқушылар бағаланады

Бағалау

«Табыс ағашы» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

«Смайликтер» әдісі

Дескриптор

  • Оқиғаға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;
  • Кейіпкердің мінез

құлқы мен іс-әрекеттерін сипаттайтын бөлікті табады,

  • Кейіпкердің көңіл

күйінің өзгеру себебін анықтайды

  • Хат жазуда ойын

жүйелі жеткізеді

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сынып ішінде қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу