Күздің кереметі мазмұн. 3 сынып


 Күздің кереметі

 

 Күз... Қыркүйек айы жаңа ғана басталған кез. Біз, Белгібай екеуміз бақшада жұмыс істейміз. Қарбыз, қауын жиямыз. Орталықтан келген машиналарға картоп, асқабақ тиесеміз. Анда-санда бізге күзетші Омар атай да көмектеседі.

 Сенбі күні болатын. Түске таман Омар атай Белгібай екеумізге:

 -Бүгін қонақтар келетін еді. Мен ас дайындай берейін, сендер де солармен бірге тамақ ішіңдер,-деді.

 Бірер сағаттан соң біз Омар атайдың бақша басындағы киіз үйіне келдік. Жуынып жатқанымызда үйге екі оқушы бала кірді. Олар қарттың немерелері Әубәкір мен Жағыпар екен. Балалардың сәлемін алды да, Омекең жылы шыраймен:

 Бәрекелді! Келгендерің жақсы болды!-деп, екі баланың бетінен сүйді.

 Өжеттеу келген Жағыпар атасын қапсыра құшақтап:

 -Ата, біз сіздерге көмектесуге және күздің кереметін көруге келдік,-деп еркелей сөйледі.

 -Бәрекелді, дұрыс-ақ!Үйде бос жүргеннен не шығады? Бізге көмектесіңдер, қарбыз, қауын жеп, күздің кереметін көріңдер,-деп қария балаларды көңілдендіре түсті.

 Омар атай дастарқанды жайып жіберіп, Белгібайға қарбыз, қауын тілгізді. Мен отқа көміп пісірген картоп тұздаған қияр мен қызанақты олардың алдына қойдым. Балалардың атасына әкелген жұмыртқа, сары май, таба наны да дастарқан үстін толтыра түсті. Жақсылап жайғасып, жайланып отырып, ас іштік.

 Әубәкір:

  •  Ысмағұл аға, атам бізге күздің кереметін көрсетпек еді, соны көргіміз келіп отыр,-деді.
  •  -Жарайды, көрсетейін, көрсетейін!-деп, Омекең үлкен бір жәшікті балалардың жанына әкеліп қойды. Содан кейін жәшіктен бірсыпыра кереметті көрсетті. Олар: ожау, шөлмек және басқа ыдыстарға ұқсас картоптар. Әр түрлі пішіндегі ұзынды-қысқалы қиярлар, бір-біріне жабысқан егіз қызанақ. Сыртқы қабығы мен ұрығының түсуі, тіпті, дәмінің өзі алуан түрлі қарбыздар мен қауындар. Оының бәрін көрсете дәмін татқыза отырып олардың неге ұқсайтынын Омекең өзі айтып берді. Бұған балалар ғана емес, Белгібай екеуміз де таң- тамаша болдық. Біздің соншама таңданғанмызды көріп тұрған Омекең:

 -Мұндай ғажап кереметтерді тек күзде, барлық өсімдік жетіліп, әбден піскенде ғана көруге болады,-деді. Әңгімесін жалғастыра түсіп, Омекең былай деді:

 -Күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшлылық қаптаған астық, картоп, күнбағыс, қарбыз. Қауын, алма, өрік, жүзім.

 Оның бәрі күзде әбден пісіп-жетіледі. Әне, қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да

 -бәрі де сап-сары. Сондықтан да мал да, аң да құс та- күзге дейін әбден семіріп болады. Күз-қауырт жұмыстың негізі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды.

 Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың.

 Қысқа адам да, аң да, барлық жан-жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды.Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын –шашын көбейеді. Міне, сондықтан да күздің осындай әрбір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып алу керек.

 Балалар атасын қызықты әңгімесі үшін көп-көп рақмет айтты.

 Сол күні түстен кейін және ертеңіне түске дейін олар бізге қауын, қарбыз жиюға көмектесті.

 Ә.Табылдиев

 

1-қосымша.

«Күз кереметі» мәтінінен теріп оқи отырып, жоспар құру үшін қажетті ақпаратты белгілеңдер.

2-қосымша. Құрастырған жоспарыңды сәйкестіндір.

Сәйкестендір:

  • 1.Бақшадағы жұмыс
  • 2. Келген қонақтар
  • 3. Түскі ас
  • 4. Омар атайдың әңгімесі
  • 5. Қолғабыс

3 –қосымша.

Жоспарға сүйене отырып, оқиға желісіне сай келетін суреттерді ретімен орналастырыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу