Мен қалада тұрамын. 3 сынып


Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Мен қалада тұрамын

Оқу мақсаттары

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
  • Мәтін бөліктеріне тақырып қояды
  • Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топқа сурет бөліктері беріледі. Оқушылар суретті құрастырады. Құрастырған сурет бойынша өз ойларын айтады.

1-топ Трамвай

2-топ Троллейбус

3-топ Автобус

4-топ Жедел жәрдем көлігі

Нұсқаулық

Суретті төрт бөлікке бөліп беру. Оқушылар өздігінен құрастырып, көліктің түрін,ауыл немесе қала көлігі екенін айтып өтеді. Сабақтың тақырыбына болжау жасалады. Сабақ тақырыбы , оқу мақсатымен оқушыларды таныстыру. Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

Авторлармен танысу

 Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (1924-1991) 1924 жылы қазанның 15-ші жұлдызында Алматы облысы Нарынкөл ауданды, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Қазақстанның балалар жазушысы, балалар туралы көптеген повестердің, әңгімелердің авторы.

Ертай Ашықбаев-1956 жылы Ақтөбе облысында туған. Балаларға арналған «Ашық сабақ», «Жақсы бала» т,б өлең жинақтары бар.

1-тапсырма

(Ө, Т) Бердібек Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда» шығармасын «Бағытталған оқу» әдісі бойынша әңгімені бөліктермен оқиды. Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Әр топ ақылдасып ойларын ортаға салып болған соң,екінші бөлікті оқиды.Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әрбір бөлікке тақырып қойып,жоспар құрады.

Ертай Ашықбаев «Таң» өлеңін де оқып,топта ойларын ортаға салады.

Нұсқаулық

Оқушылар мәтінді оқиды және топта талқылайды. Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп тақырып қояды, жоспар құрастырады.

Үлгі

  • Түнгі мезгіл
  • Көліктерді дайындау
  • Жедел жәрдем қызметі

Саралау:Ынтымақтастықта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып, талқылайды.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(Ұ,ЖЖ) «Радиоға қоңырау шалу» әдісі

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.

Рольдер:қала тұрғыны,ауыл тұрғыны,жедел жәрдем қызметкері,жүргізуші

Үлгі:

-Қала тұрмысы несімен қызықтырады?

- Сізге ауылда тұрған несімен ұнайды?

-Ауылыңыздың көркеюіне қандай үлес қосар едіңіз?

-Жүргізуші мамандығын неге таңдадыңыз? т.б сұрақтар қойылады

Нұсқаулық

Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, карточка таңдайды.Карточкадағы кейіпкердің рөлін атқарады. Отырған оқушылар кезектесіп сұрақтар қояды

Саралау:Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

ҚБ. Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ж,ЖЖ) Кестемен жұмыс

Оқушылар алдарындағы берілген кестені толтырады. Жазып болғаннан кейін жұптаса отырып тексереді

Нұсқаулық

Кесте жеке тапсырма ретінде беріледі. Оқушы орындап болған соң жұппен талқылап,тексереді

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны

4-тапсырма

(Т) «Сурет сал» әдісі

Әр топқа 7 минутта мәтіннен үзінді бойынша сурет салу ұсынылады.Әр топқа плакаттар таратылады.

Салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді.

Нұсқаулық

Мұғалім мәтін үзінділерін әрбір топқа таратады.Оқушылар мәтін үзіндісі бойынша топта бірлесе сурет салып,басқа топтарға жұмысын таныстырады.

Саралау: Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдыру

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Сабақтың соңы

“Пайымдау сұрақтары” әдісі.Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.

Кері байланыс

 Сабақта бәрі түсінікті дегендер ұшақты, сұрақтарым бар пойызды, түсінбедім дегендер автобусты таңдайды. Таңдау себептерін түсіндіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу