Бау-бақша аясында. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Жанды табиғат

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бау-бақша аясында

Оқу мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөйлеу барысында суретті қоланады; кейіпкерге мінездеме береді

Көпшілік оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалайды;

Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіріп айтады, шығарманың құрылымын, стилін жетілдіреді

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме береді
  • Кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтап, бағалайды
  • Әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады
  • Шығарманың құрылымын жетілдіреді

Тірек сөздер

Бау-бақша, бағбан, көрсеқызар

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді түсініп оқу

Кейіпкердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына баға беру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут

8-10 минут

Ширату:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Топқа бөліну:

Сынып таңдаған жемістері арқылы төрт топқа бөлінеді

1-топ Жүзім

2-топ Шие

3-топ Алма

4-топ Өрік

Интербелсенді тақтадан жемістер туралы «Жеміс-жидектер туралы не білесің?» видеролик көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен тансытырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады немесе таныстыру.

Қосымша 1

https://yandex.kz/images

https://yandex.kz/video/search?filmId

слайд №1-3

Сабақтың ортасы

11-16минут

17-21 минут

22-32 минут

33-37минут

1-тапсырма

(Ж,Т) «Стоп кадр» әдісі

Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады.

1) «Жүзім жегісі келген қасқыр » ертегісін оқиды

2) Мәтінді оқып отырған кезде «Стоп кадр »деген белгі беріледі. Тоқтаған жеріндегі кейіпкердің іс-әрекетін айтады.

3) Мәтін аяқталғанша осылай жалғасады.

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.

ҚБ «Смайликтер»

2-тапсырма

(Т) «Ашық микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді

1)Түлкі қасқырдың іс әрекетіне қандай баға берді? Сен оған келісесің бе?

2) Қасқырға қандай кеңес берер едің?

Саралау:Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ұ,Т) «Галереяны шарлау»әдісі

Әрбір топ ертегі бойынша постер дайындайды.

Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.

Саралау: Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастары ұсынған мәселе, ақпараттарымен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

4-тапсырма

(Т,Ө,ЖЖ) «Менің бау-бақшам» жобасын жасау

1)Бау-бақшада қандай жемістер өскенін қалайсың?

2)Бау-бақшаға қатысты еңбек түрлерін ата.

3) Әр жеміс туралы шағын мәтін құрастыр.

Әр топ өз атына сәйкес мәтін құрастырады.

Саралау: Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады.Кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет етеді. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

ҚБ «Бағдаршам»

Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы

Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы

Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа

Қосымша 2

Оқулық 33-34 беттер

Микрофон

слайд №5-6

Маркерлер,стикер

слайд №7

Сабақтың соңы

38-40 минут

 Рефлексия «Табыс ағашы»

 Алма ағашына таңдаған алмаларды ілу

 Жасыл алма -Сабақ өте қызықты өтті. Барлық тапсырманы орындадым.

 Сары алма-Сабақ қызықты өтті. Топпен бірігіп жұмыс жасаған ұнады.

 Қызыл алма-Тапсырманы орындауда түсінбеушіліктер болды.

Қосымша 3

https://yandex.kz/images

слайд №8

Саралау

1-тапсырма

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі.Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді

2-тапсырма

Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

3-тапсырма

Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастары ұсынған мәселе, ақпараттарымен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

4-тапсырма

Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады.Кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет етеді. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Бағалау

«Смайликтер» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бір-бірін бағалау» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

Дескриптор

- кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтайды;

- кейіпкерге іс –әрекетіне сәйкес мінездеме береді

- сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады

- сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу