«Мұз үстіндегі қауіптер» 2 сынып


Сынып сағаты

№ 4

Сынып жетекші:

Күні:

22.09.2025

Сынып: 2

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

«Еңбек түбі береке»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

№ 4-сабақ

«Мұз үстіндегі қауіптер»

Сынып сағатының мақсаты:

•Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

•Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу;

•Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

• Оқушыларға мұз үстінде жүрудің қауіптері мен сақтық шараларын түсіндіру.

• Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.

• Өз өмірі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының міндеті:

Мұздың қалыңдығын білмей шығу қауіпті (жұқа мұз жарылып кетуі мүмкін). Суық судың қатты тоңазытуы (гипотермияға алып келеді). Жүгіріп ойнау, көп адамның бір жерде жиналуы мұзды сындыруы мүмкін. Жарықтар мен ойықтардың үстінен жүру қауіпті. Құтқару құралдарынсыз суға түсіп кету өлімге әкелуі мүмкін.

Құндылықтарды дарыту:

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Апта дәйексөзі:

«Еңбек – адамның айнасы, тірліктің алтын негізі.»

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

1.Ұйымдастыру кезеңі: (3мин)

Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу («Еңбек», «Береке», «Тірлік» сөздері арқылы).

Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» ойыны – әр оқушы еңбек туралы жақсы тілек айтады.

ІІ. Кіріспе бөлім: (7мин)

Мұғалім кіріспе сөз айтады:

«Адамды адам еткен – еңбек. Адам өзінің еңбегімен, маңдай терімен өмір сүреді. Бүгін біз еңбектің қадірі мен жемісі туралы ой бөлісеміз».

«Еңбек түбі – береке» бейнеролик көрсету.

Оқушылар әнұран орындайды.

Оқушылар топқа бөлінеді

Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады.

Бейнеролик көреді.

Көңілді әуен

Сынып сағатының ортасы

20

ІІІ. Негізгі бөлім (13мин)

1. Ой қозғау

Сұрақ: «Сендер еңбектің жемісін қайдан көрдіңдер?»

«Мақалды жалғастыр» ойыны:

Еңбек – _ (қорған).

Еңбексіз өмір – _ (сіз өмір).

Бақыт кілті – _ (еңбекте).

2. Топтық жұмыс

«Еңбектің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында постер жасау.

Әр топ қорғайды.

3. Шығармашылық тапсырма

«Мен еңбекқормын, өйткені...» деген тақырыпта қысқаша әңгіме/эссе.

Қолөнер немесе сурет арқылы еңбекке байланысты өз ойларын жеткізу.

4. Әңгіме-дискуссия

«Еңбекпен келген табыс пен оңай жолмен келген табыстың айырмашылығы неде?» талқылау.

IV. Қорытынды (7 мин)

«Еңбек түбі – береке» тақырыбы бойынша түйін жасау.

«Еңбексіз – өмір жоқ» деген қорытындыға келу.

Рефлексия: «Еңбек маған не береді?» стикерге жазып тақтаға іледі.

Оқушылардың пікірлерін тыңдауу

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді

Ақ қағаз, фломастерлер

Тақырыптық слайдтар мен суреттер.

Презентация немесе бейнеролик

Постер жасауға арналған құралдар

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

«Қыста мұз үстінде жүру қаншалықты қауіпсіз?»

«Мұз қандай кезде қауіпті болады?»

Негізгі бөлім

1. Түсіндіру жұмысы:

Мұғалім мұз үстіндегі қауіптерді түсіндіреді:

1. Жұқа мұздың қауіптілігі.

2. Мұздың қалыңдығын қалай анықтауға болады?

3. Өзен, көл, су қоймаларындағы мұзға шығу неге қауіпті?

4. Мұз астына түсіп кеткен жағдайда не істеу керек?

5. Құтқару қызметіне қалай хабарласу керек?

Топтық жұмыс:

1-топ: «Қауіпсіздік ережелері» – Мұз үстінде жүру ережелерін құрастырады.

2-топ: «Төтенше жағдайдағы әрекеттер» – Мұз астына түсіп кеткен жағдайда қалай әрекет ету керек екенін көрсетеді.

3-топ: «Суреттер сөйлейді» – Мұздағы қауіп-қатерлер туралы суреттер жасап, оларды түсіндіреді.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны:

Мұғалім бірнеше қауіпсіздік ережесін оқиды, оқушылар «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жауап береді.

Қорытынды бөлім

1. Рефлексия:

«Маған ұнады...», «Мен үйрендім...» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерін бөліседі.

2. Қорытындылау:

Мұғалім сабақты түйіндеп, мұздағы қауіпсіздік ережелерін әрдайым есте сақтау қажеттігін ескертеді.

Оқушылардың тыңдау.

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.

Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды.

Ақ қағаз, фломастерлер

Тақырыптық слайдтар мен суреттер.

Презентация немесе бейнеролик

Постер жасауға арналған құралдар

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Үйге: «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сурет салу немесе эссе жазу.

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу