Қадір түні оқылатын таңдаулы дұға-тілектер жинағы!


(Қарыздан құтылу, берекелі ризық, қайырлы жұмыс, салиқалы жар, ізгі ұрпақ, қиындықтан шығар жол, аурудан шипа сұрайтын дұғалар)

 

Ислам ғұламалары: «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген. 

Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген. 

Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.


Мазмұны:


  

 

1. Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға.

 «Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын». (Муслим)

 

«Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина».

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى، وَالتُّقَى، وَالْعَفَافَ، وَالْغِنَى

 

2. Алладан бала шағаңызға және отбасыңызға  бәле-жаладан, қауіп қатерден қорған сұрайтын дұға.

 Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорқыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ астымнан кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын! (Әбу Дауд, Насаи)

  

«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фид-дуня уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фи дини уә дуня-я, уә әһли, уә мәәли. Аллаһуммас-тур ъаураати уә әәмин рауъаати. Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәяя, уә мин халфи, уә ъан ямини уә ъан шимәәли, уә мин фәуқи, уә әъуузу би ъазамәтикә ән уғтәәлә мин тәхти».

  

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي دِينِي وَدُنْيَايَ وَأَهْلِي وَمَالِي، اللَّهُمَّ اسْتُرْ عَوْرَاتِي وَآمِنْ رَوْعَاتِي، اللَّهُمَّ احْفَظْنِي مِنْ بَيْنِ يَدَيَّ وَمِنْ خَلْفِي وَعَنْ يَمِينِي وَعَنْ شِمَالِي وَمِنْ فَوْقِي وَأَعُوذُ بِعَظَمَتِكَ مِنْ أَنْ أُغْتَالَ مِنْ تحتي
 

 

3. Жар таңдағанда жаңылыспас үшін, салиқалы әйел, ізгі ұрпақ сұрау және адамдарды абзалы болуды тілеу. 

 

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ете гөр әрі бізді тақуалардың алды қыл!». («Фурқан» сүресі, 74-аят)   

 

«Раббәнәә һәб ләнәә мин әзуәәджинәә уә зуррииәәтинәә қурратә әъюн, 

уә-джъәлнәә лил-муттәқиинәә имәәмәә». 

 

رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا

4. Жаман көршінің, қырсық әйелдің, жетесіз баланың, қайырсыз дүние мен жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну.

 

«Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын». (Табарани «әд-Ду’а» 3/1425).

  

«Аллаһуммә инни аъузу бика мин жәәрис-суу, уә мин зәужин тушайибуни қабләл-мәшиб, уә мин уәләдин якуну ъаләйә рабба, уә мин мәәлин якууну ъаляйа ъазаба, уә мин халилин мәәкирин ъайнуһу тараани уә қалбуһу яръаани ин ра-а хасанәтән дәфәнәһә, уә изә ра-а сәйиәтән әзәәъаһа».

 

اللَّهُمَّ إنِّي أّعُوذُ بِكَ مِنْ جَارِ السُّوءِ، وَمِنْ زَوْجٍ تُشَيِّبُنِي قَبْلَ المَشِيبِ،وَمِنْ وَلَدٍ يَكُونُ عَليَّ رَبّاً، وَمِنْ مَالٍ يَكُونُ عَلَيَّ عَذَابَاً، وَمِنْ خَلِيْلٍ مَاكِرٍ عَيْنُهُ تَرَانِي، وَقَلْبُهُ يَرْعَانِي؛ إِنْ رَأَى حَسَنَةً دَفَنَهَا، وَإِذَا رَأَى سَيِّئَةً أَذَاعَهَا

 

 

 

5. Адам атамыз бен Хауа анамыздың Алладан кешірім сұрап тәубе жасағанда қабыл болған дұғасы. 

(Кім осы дұғамен Алладан шын өкініп, күнә-қателіктеріне кешірім сұраса Алла оның тілегін қабыл етеді)

 

«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Ағраф» сүресі, 23-аят).

 

«Раббәнә заләмнәә әнфусәнәә уә ил ләм тәғфир ләнәә уә тәрхәмнәә ләнәкуунәннәә минәл хасириин».

 

رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ

 

 

6. Қадір түнінде оқылатын аранайы дұға.

 

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 

«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким).

   

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни». 

 

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

 

7. Алладан кешірім өтінгенде оқылатын дұғалардың төресі.

 

«Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдем мен сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын әрі күналарымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды кешіруші ешкім жоқ!». (Бухари)

 

«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдук, уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мә-стәтаъту, әъузу бикә мин шәрри мә санәъту әбу-у ләкә би ниъмәтикә ъәләййа уә әбу-у би занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә Әнта!».

 

اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ

 

8. Алладан күнә-қателіктеріңізге кешірім сұрау дұғасы

 

«Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!». (Бухари, Муслим)

 

«Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!»

 

اللَّهُمَّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْماً كَثِيراً، وَلاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ وَارْحَمْنِي، إِنَّكَ أَنْتَ الغَفورُ الرَّحيمُ

 

9. Кімде-кім: «Құлшылыққа лайықты одан басқа құдай болмаған, Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Алладан кешірім тілеп және Оған тәубе етемін», - десе, ол тіпті ол (мемлекет басшысы бұйырған) ұрыс алаңынан қашқан болса да Алла оны кешіреді. (Тирмизи)

 

«Әстәғфируллаһ-әл-Азыймә әлләзи лә иләһа иллә һуәл-Хайюл-Қаййуму уә әтубу иләйһ!»

 

أَسْتَغْفِرُ اللَّه الْعَظيمَ الَّذِي لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ القَيُوُمُ وَأَتُوبُ إِلَيه

 

10. Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға.

 

«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын». (Бухари) 

 

«Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл».

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَالْبُخْلِ وَ الْجُبْنِ، وَضَلَعِ الدَّيْنِ وَغَلَبَةِ الرِّجَال

  

11. Адамның бойына батырлықты қалыптастырып, сараңдықтан сақтайтын әрі қадірсіз қартаюдан Аллаға сиынатын дұға.

 

«Я, Алла! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан сыйынамын, әрі Саған қорқақтықтан сыйынамын, және Саған қаусаған қарт болып қалудан сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сыйынамын».

 

«Аллаһуммә, инни әъузу бикә мин әл-бухли, уә әъузу бикә мин әл-жубни, уә әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумури, уә әъузу бикә мин фитнати-

д-дуня уә ъазәбил-қабр».

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْبُخْلِ، وَأَعوذُ بِكَ مِنَ الْجُبْنِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ أَنْ أُرَدَّ إِلَى أَرْذَلِ الْعُمُرِ، وَ أَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الْقَبْرِ

 

 

 

12. Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну

 Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. (Бухари, Әдәбул Муфрад)

 

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт».

 

 

اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَدَنِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي سَمْعِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَصَرِي، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكُفْرِ وَالْفَقْرِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ

 

 

13. Жақсы мінез қалыптастыратын дұға

  Я, Алла! Мені ең жақсы мінездерге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен бұрғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды. (Ибн Әби Шәйба)  

 

«Аллаһуммаһ-дини ли әхсәнил-әхләәқ, фә иннәһу лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә, уәсриф ъанни сәий-әһә лә ясрифу ъанни сәийәһә иллә әнт».   

 

اللَّهُمَّ اهْدِنِي لأَحْسَنِ الأَخْلاقِ، فَإِنَّهُ لا يَهْدِي لأَحْسَنِهَا إِلا أَنْتَ، وَاصْرِفْ عَنِّي سَيِّئَهَا لا يَصْرِفُ عَنِّي سَيِّئَهَا إِلا أَنْتَ

 

 

14. Жалқаулықтан, кедейліктен, жаман мінез бен жаман аурулардан пан сұрау дұғасы.

 Я, Алла! Әлсіздік пен жалқаулықтан, қатыгездік пен бейқамдықтан және дәрменсіздіктен, қорлық пен кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Пасықтықтан, бөліушіліктен, екіжүзділіктен және ел естісін, ел көрсін деген риякершіліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, мылқау, алапес, жынды, таз болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. (Табарани)

  

«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уә аъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәл-ъайләти, уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-фусуқи уәш-шиқақи уән-нифәәқ уәс-сумъати уәр-рия-и, уә әъузу бикә минәс-самами уәл-бакам, уәл-жунуни уәл-барас, уәл-жузәми уә сәийил-әсқам». 

  

اللَّهُمَّ ، إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الْقَسْوَةِ وَالْغَفْلَةِ وَالْعَيْلَةِ ، وَالذِّلَّةِ وَالْمَسْكَنَةِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الْفُسُوقِ وَالشِّقَاقِ وَالنِّفَاقِ ، وَالسُّمْعَةِ وَالرِّيَاءِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الصَّمَمِ وَالْبَكَمِ ، وَالْجُنُونِ وَالْبَرَصِ ، وَالْجُذَامِ وَسَيِّءِ الأَسْقَام

 

 

15. Алладан дүние-мүлкіңізді көбейтуін сұрау дұғасы

 Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, мақрұм қыла көрме, бізді таңда да, құр қалдырма, бізді риза болатын құл қыл да, бізден риза бол. (Насаи)

 

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әәсирнә уә лә ту-әсир ъаләйнә, уардыйнә уарда ъанна».   

 

اللَّهُمَّ زِدْنَا وَلَا تَنْقُصْنَا، وَأَكْرِمْنَا وَلَا تُهِنَّا، وَأَعْطِنَا وَلَا تَحْرِمْنَا، وَآثِرْنَا وَلَا تُؤْثِرْ عَلَيْنَا، وَأرْضِنَا وَارْضَ عَنَّا

 

 

16. Қиыншылықтан, бақытсыздықтан сыйыну.

 Я, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан, бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың жамандығынан, дұшпандардың басынуынан Саған сыйынып, пана тілеймін. (Бухари, Муслим)

 

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин жәһдил-бәләә, уә дәрәкиш-шақаа, уә суил-қадаа, уә шәмәтәтил-әъдәә. 

 

اللهمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنْ جَهْدِ الْبَلَاءِ، وَدَرَكِ الشَّقَاءِ، وَسُوءِ الْقَضَاءِ، وَشَمَاتَةِ الْأَعْدَاءِ

 

 

17. Алладан иман, береке, жақсылық және дұрстық сұрау дұғасы. 

 Я, Алла! Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет! 

Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын және жиынтығын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын және Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин!

Я, Алла! Мен Сенен кірісетін ісімде, істейтін ісімде, жасайтын ісімде, жария болғанынан да, жасырын болғанынан да жақсылық сұраймын. және Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин!

Я, Алла! Мен Сенен менің есімімді жоғары көтеруіңді, күнәмді кешуіңді, ісімді дұрыстауыңды, жүрегімді тазалауыңды, ұятты жерімді қорғауыңды, жүрегімді нұрландыруыңды, қателігімді кешіруіңді және Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин!   

Я, Алла! Мен Сенен менің жаныма, естуіме, көруіме, рухыма, денеме, мінезіме, жанұяма, өміріме, өліміме, іс-амалыма береке беруіңді сұраймын. Жақсылықтарымды қабыл ет! Және Сенен Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Әмин! (Хаким)

 

«Аллаһумма инни әс-әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. 

Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһ, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһ, уәд-дәрәжәәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Әәәмин!

Аллаһумма инни әс-әлукә хайра мә әәтии, уә хайра мә әфъал, уә хайра мә әъмәл, уә хайра мә батан, уә хайра мә заһар, уәд-дәрәжәәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Әәәмин! 

Аллаһумма инни әс-әлукә ән тәрфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә туслихә әмри, уә тутаһһира қалби, уә тухассыйна фәржи, уә тунаууира қалби, уә тәғфирә ли зәнби, уә әс-әлукәд-дәрәжәәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Әәәмин!.      

Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи нәфси, уә фи самъи, уә фи басари, уә фи рухи, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махя-я, уә фи мәмәәти, уә фи ъамали, фәтәқаббәл хасанәәти, уә әс-әлукәд-дәрәжәәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Әәәмин!».

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَ الْمَسْأَلَةِ،وَخَيْرَ الدُّعَاءِ، وَخَيْرَ النَّجَاحِ، وَخَيْرَ الْعَمَلِ،وَخَيْرَ الثَّوَابِ،وَخَيْرَ الْحَيَاةِ، وَخَيْرَ الْمَمَاتِ، وَثَبِّتْنِي، وَثَقِّل مَوَازِينِي، وَحَقِّقْ إِيمَانِي، وَارْفَعْ دَرَجَاتِي، وَتَقَبَّلْ صَلاَتِي، وَاغْفِرْ خَطِيئَتِي، وَأَسْأَلُكَ الدَّرَجَاتِ العُلاَ مِنَ الْجَنَّةِ،

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ فَوَاتِحَ الْخَيْرِ، وَخَوَاتِمَهُ، وَجَوَامِعَهُ، وَأَوَّلَهُ، وَظَاهِرَهُ، وَبَاطِنَهُ، وَالدَّرَجَاتِ الْعُلَا مِنَ الْجَنَّةِ آمِينْ،

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَ مَا آتِي، وَخَيْرَ مَا أَفْعَلُ، وَخَيْرَ مَا أَعْمَلُ، وَخَيْرَ مَا بَطَنَ، وَخَيْرَ مَا ظَهَرَ، وَالدَّرَجَاتِ العُلَا مِنَ الْجَنَّةِ آمِينْ،

اللَّهُمَّ إنِّي أَسْأَلُكَ أنْ تَرْفَعَ ذِكْرِي، وَتَضَعَ وِزْرِي، وَتُصْلِحَ أمْرِي، وَتُطَهِّرَ قَلْبِي، وَتُحَصِّنَ فَرْجِي، وَتُنَوِّرَ قَلْبِي، وَتَغْفِرَ لِي ذَنْبِي، وَأَسْأَلُكَ الدَّرَجَاتِ الْعُلَا مِنَ الْجَنَّةِ آمِينْ،

اللَّهُمَّ إنِّي أَسْأَلُكَ أنْ تُبَارِكَ فِي نَفْسِي، وَفِي سَمْعِي، وَفِي بَصَرِي، وَفِي رُوحِي، وَفِي خَلْقِي، وَفِي خُلُقِي، وَفِي أَهْلِي، وَفِي مَحْيَايَ، وَفِي مَمَاتِي، وَفِي عَمَلِي، فَتَقَبَّلْ حَسَنَاتِي، وَأَسْأَلُكَ الدَّرَجَاتِ العُلَا مِنَ الْجَنَّةِ، آمِينْ

 

 

 

18. Иманыңызды күшейтіп, Аллаға деген құлшылығыңызды көркемдейтін дұға.

 «Я, Алла! Өзіңді зікір етуге, Өзіңе шүкір етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер!». (Ахмад)

 

«Аллаһуммә, әъинни ъалә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ъибәдәтик».

 

اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ، وَشُكْرِكَ، وَحُسْنِ عِبادَتِكَ

 

 

19. Құлшылыққа бекем болу дұғасы

 Я, Алла! Мені Өзіңе әрдайым шүкір етуші, Сені еске алушы, Сенен қорқушы, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы қылғайсың. Уа, Раббым! Менің тәубемді қабыл ет, күнәлардан тазала, дұғамды қабыл ет, дәлелімді мықты ет, жүрегімді тура жолға сал, тілімді берік қылғайсың және жүрегімнің кегін басқайсың. (Бухари, Әдәбул Муфрад)

  

«Аллаһумма-жъәлни ләкә зәккәәрә, ләкә шәккәәрә, ләкә раһһабә, ләкә митуәәъан, иләйкә мухбитән әууәһән мунибә. Рабби тәқаббәл тәубәти, уәғсил хубәти, уә әжиб даъуәти, уә сәббит хужжәти, уәһди қалби, уә сәддид лисәни, уәслул сәхимәтә қалби».

 

رَبِّ اجْعَلْنِي لَكَ شَكَّارًا، لَكَ ذَكَّارًا، لَكَ رَهَّابًا، لَكَ مِطْوَاعًا، إِلَيْكَ مُخْبِتًا أَوَّاهاً مُنِيبًا، رَبِّ تَقَبَّلْ تَوْبَتِي، وَاغْسِلْ حَوْبَتِي، وَأَجِبْ دَعْوَتِي، وَثَبِّتْ حُجَّتِي، وَاهْدِ قَلْبِي، وَسَدِّدْ لِسَانِي، وَاسْلُلْ سَخِيمَةَ قَلْبِي

  

 

20. Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға

 «Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!». (Тирмизи, Ибн Мәжәһ) 

 

«Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!»

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْجَنَّةَ وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ

 

 

21. Жұмысыңызды әрі кәсібіңізді жүйеге салып, Алланың мейірімін шақыратын дұға. 

 «Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені қас қағым сәтке болса да өз нәпсіме тапсырма әрі менің барлық ісімді оңда, Сенен басқа ешбір тәңір жоқ!». (Әбу Дауд, Ахмад) 

«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржуу, фәлә тәкилни илә нәфси тарфәтә ъайн, уә аслих ли шә’ни кулләһ, лә иләһа иллә Әнта!».

 

اللَّهُمَّ رَحْمَتَكَ أَرْجُو، فَلَا تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ، وَأَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ   

 

 

22. Адал ризық-несібе және пайдалы білім сұрау

 «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі қабыл болатын амал сұраймын!». (Ибн Мәжәһ, Насаи)

 

«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ъилмән нәфиъан, уә ризқан тайибән, уә ъамәлән мутәқаббәлән!».

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نَافِعا،ً وَرِزْقاً طَيِّبا،ً وَعَمَلَا مُتَقَبَّلَا

 

 

23. Қайтыс болған адамдар үшін жасалатын ең көркем дұға.

 «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иманмен өткен бауырларымызды кешіре гөр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік жасама». («Хашыр» сүресі, 10-аят).

    

«Раббәнәғ-фир ләнәә уә ли ихуәәнинәл-ләзиинә сәбәқуунәә бил-иимәни уә лә тәжъал фии қулуубинәә ғилләл-лилләзиинә әәмәнуу, раббәнәә иннәкә рәууфур рахиим».

 

رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلًّا لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ

 

 

24. Бедеуліктен құтылуға жәрдемдесетін әрі салиқалы ұрпақ сұрау дұғасы!

 Раббым Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла! Анығында, Сен – тілекті Естушісің! («Әли Имран» сүресі, 38-аят)

 

«Рабби, һәб ли мин ләдункә зурриятән тайибәтән, иннәкә сәмиъуд-дуъә».

 

رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً ۖ إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاء

 

25. Берекелі байлық, салихалы жар, үлгілі ұрпақ сұрайтын әрі ахыреттің азабынан пана сұрайтын дұға! 

 Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта! («Бақара» сүресі, 201-аят)

 

«Раббәнәә әәтинәә фид-дуния хасанатән, уә фил аахирати хасанатән, уә қинәә ъазәәбән-нәәр».

 

رَبَّنَا آتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار

 

 

26. Шипа сұрау 

 «Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің». («Әнбия» сүресі, 83-аят) 

 

«Ән-нии мәссәниәд-дурру уә әнтә әрхәмур-рахимиин».

 

أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ

 

 

27. Ата-ана үшін жасалатын дұға 

 «Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!». («Исра» сүресі, 24-аят)

 

«Роббир-хәмһумәә кәмәә раббәиәәнии сағиираа».

 

رَّبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا

  

 

28. Алланың дұрыс иман, көркем мінез бен есендік сұрау 

 Я, Алла! Сенен шынайы дұрыс иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін есендік пен кешірім және разылығыңды сұраймын. (Ахмад, Хаким) 

 

«Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәән, уә имәнән фи хусни хулуқ, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләәх, уә ъафиәтән уә рахмәтән минкә уә ридуәнә». 

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ صِحَّةً فِي إِيمَانٍ ، وَإِيمَانًا فِي حُسْنِ خُلُقٍ ، وَنَجَاحًا يَتْبَعُهُ فَلاحٌ وَرَحْمَةً مِنْكَ ، وَعَافِيَةً وَمَغْفِرَةً مِنْكَ وَرِضْوَانًا

 

 

29. Алладан екі дүниенің дұрыстығын сұрау 

      Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. 

 

«Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һуә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәәши, уә әслих ли әхиратил-ләти фиһә мәъәәди, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайр, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр».

 

اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ الْمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ

 

 

30. Әр түрлі жамандықтан пана сұрау 

 Я, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының жаманынан пана сұраймын. (Тирмизи)

 

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуәә». 

 

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ مُنْكَرَاتِ الْأَخْلَاقِ، وَالْأَعْمَالِ، وَالْأَهْوَاءِ

 

 

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Раббысының пендеге ең жақын болатын уақыты түннің соңғы бөлігі (мұнда түннiң соңғы үштен бiр бөлігі туралы сөз болуда). Сол сәтте Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!», «Пенденің Раббысына ең жақын болатын уақыты сәждеге бас қойған кезі. Осы уақытта Аллаға көп дұға етіңіздер». Яғни, дұғаларды түннің соңғы бөлігінде және сәждеде жасауға тырысайық! Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?