Ерте_жастағы_жүктіліктің_алдын_алу


Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу

Ерте жүктілік деген не?

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ертежүктілік деп саналады.

Ерте жүктілік немен қауіпті?

Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейдіжүрек-қан тамыры,

эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.

Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсіліпроблемадан сақтану.

Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ертетүссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудыңжолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

Жүктіліктен сақтану тәсілдері

Қыз-келіншектер өздері қаламаған жүктіліктен сақтану үшін түрлі тәсілдер мен контрацепция заттарын пайдаланады. Дәрігерлер осы контроцептивтік заттар әртүрлі жасқа сай соматикалық денсаулығына, гинекологиялық ауруларына қарай іріктелуге, мынандай талаптарға сәйкес болуға тиіс деп санайды:

1. Денсаулығы үшін қауіпсіздігі.

2. Ұрық байлау қабілетігің бұрынғы қалпына жылдам келуі.

3. Пайдалануға қолайлылығы.

4. Жоғары нәтижелілігі.

Гинеколог-дәрігерлердің айтуынша, аз мөлшерде құрастырылған ауыздың контрацепциясы (ҚАК) жасөспірім қыздарға арналған, бұрындары оны етеккірдің басталуынан кейін 2 жылдан соң тағайындайтын-ды. Қазір әлеуметтік жағдайы нашар, жыныстық қатынасты ерте бастаған қыздарға етеккір функциясы басталысымен-ақ тағайындай береді. Тек жатырішілік серіппе (ЖІС) жасөспірім қыздарға қолданбайды, оны түсік жасатқандарға, босанған әйелдерге қолданады. Францияда жыныстық қатынасқа белсенділігі жоғары жасөспірім қыздарға депо-провера жасаса, Ресей мен Қазақстанда депо-провераны жасөспірім қыздарға жасамайды.

Назарларыңызға рахмет!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу