Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті (840-1210) – батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі жерлерде билік құрған алғаш мұсылман түрік мемлекеті. Қарлұқ, шігіл, яғма және т.б. түрік тайпаларынан құралған. Қарахан сөзінің шығуын шығыстанушы тарихшылар бұл тайпалардың қара деген атақты көп қолдануынан келеді деген болжам айтуда. Қара – сол кездегі түрікшеде ұлылық, биіктік деген ұғымды білдірген.
Сырдария өзені
Әмудария өзені
Қарахан мемлекеті, 840 ж Ұйғыр мемлекетінің қырғыздардан жеңілуімен Орта Азия далаларында Білге Құл Қадір хан тарапынан құрылған. Х ғасыр басында Сатұқ боғра хан мұсылман дінін қабылдағанын жариялайды. Мұсылман болғаннан кейін Әбдулкәрим деген атпен аталады.
Қарахандық ақсүйектері арасындағы тақ таластардың нәтижесінде 1042 жылы мемлекет Батыс және Шығыс Қарахан мемлекеті болып екіге бөлінеді. ХІІ ғ. екінші жартысында Батыс қағандығының билігі қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңілуімен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталады.
Тыңдағандарыңызға рақмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?