Аталар өмірінен
тақырыбы:
"Аталар өмірінен"
“”Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес.
Тарихымыздың төрінен орын алады олар. Сондықтан мен осы “”Сыр дәптеріме” жазып кеттім, кейінгілердің қарғысына ұшырымауды ойладым. Дүниеден өзін кеткен мен, ізің қалса болғаны, сол ізбен сырыңды ашады кейінгілер.
Ғ.Мұстафин
Шәкәрім Құдайбердиев
Ш. Құдайбердиев (1858-1931 жж) – қазіргі Шығыс облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде туған.
Шәкәрім – лирик, эпик, ақын және композитор, музыкант, орыс және шығыс классиктерінің қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол – терең ойшыл әрі бармағынан өнер тамған сегіз қырлы өнер паз, үлкен мәдениет қайтаркері.
“Қалқаман Мамыр” (1888 ж), “Енлік-Кебек” (1891 ж.) дастандарын жазған.
Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың “Том ағайдың балаганы”, Л.Толстойдың “Үш сауал” т.б. Әңгімелерін, А.С.Пушкинның “Боран”, “Дубровский” повестьтерін қазақ тіліне аударған.
А.Құнанбаевтың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты.
Ахмет Байтұрсынов
А.Байтұрсынов (1873 – 1938 жж.) – қазіргі Қостанай облысы, Жангелдін ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келді.
Қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы, лингвист – ғалым, еңбегі ерекше ағартушы педагог, сөз құдыретін танытқан тамаша ақын, ірі қоғам қайраткері.
Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын А.Байтұрсыновтың “Әліпбиімен” ашып, ана тілін “Тіл - құралы” арқылы оқып үйренді.
А.Байтұрсынов – араб графикасына негізделген қазақ жазуының іргесін қалаушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш ғалым, қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
Ақынның алғашқы өлендері 1909 ж. Санкт-Петербургте “Қырық мысал” аударма жинағында жарық көрді. Екінші кітабы - “Маса”
Жүсіпбек Аймауытов
Ж. Аймауытов (1889 – 1931 жж.) – Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылында дүниеге келген.
Абайды бала жастан жаттап өскен Жүсіпбек көркем сөздің ерең жүйрік зергері. Ол әрі ақын, әрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы және педагог ағартушы.
Ол музыка өнерінің терең сырына қанық, өзі әнші, өзі музыкант, сегіз қырлы өнерпаз.
“Қарқожа”, “Ақ білек” романдары, “Күнікейдің жазығы” повесі, “Шернияз”, “Ел қорғаны”, “Мансапқорлар” пьесалары, “Комплексті оқу жолдары”, “Жан жүйесі”, “Өнер тандау”, “Мағжанның ақындығы туралы” ғылыми еңбектері – сан салалы талант иесінің қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары.
Мағжан Жұмабаев
М.Жұмабаев (1893 – 1938 ж.) солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келеді.
Ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 1912 жылы “Шолпан” тұңғыш өлендер жинағы жарық көрді.
М.Жұмабаев - философ ақын, “Қорқыт” поэмасы бар. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” еңбектерін жариялады.
Ол орыс ақын – жазушылары И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, А.А.Блок, Д.Н.Мамин-Сибиряк т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған.
“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?