Күрделігүлділер тұқымдасы


Күрделігүлділер тұқымдасы

Қашқаргүл тәрізділер (латыншаAsteráceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер(латыншаCompósitae) — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы

Таралуы

Дүние жүзінде кең тараған, 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауықбұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік.

Сипаттамасы

Жапырақтары әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіні әр түрлі. Ұсақ гүлдері себет гүл шоғына топтанған. Бірнеше гүлі бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Гүлі қос не дара жынысты, жыныссыз түрі де болады. Тостағаншасы жойылып кеткен немесе айдарша тәрізді. Күлтесі біріккен, осыған орай гүлі түтік тәрізді, қос ерінді. Аталығы 5, аналығы 1, жемісі тұқымша, эндоспермсіз.

Шаруашылықтағы маңызы

К. г-дің шаруашылық маңызы зор. Бұлардың арасында каучуктылары (мыс., көксағыз, гвайюла, жерсағыз, т.б.), көкөніс түрінде пайдаланылатын (мыс., ассүттігенбөрікгүлшашыратқы, т.б.), мал азықтық (мыс., жер алмұрты), май алынатын (күнбағыс, мақсары, т.б.), әсемдік үшін өсірілетін (қошқаргүлнарғызгүлхризантемақырмызыгүл,барқыт шөпәсел, т. б.), дәрілік маңызы бар (түймедагыарникадерменеандызитошаған, т.б.) түрлері кездеседі.

К. г-дің арам шөп (шоңайнақалуентүйетікену кекірегүл кекіретікенқурайошағанбақ-бақ, түйме-шетен, ақбас жусан, жусан,лаңса, т. б.) түрлері де бар.

Итошаған (череда трехраздельная)

Итошаған-күрделі гүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, топталып өседі. Жемісі-ұзынша дән.

Шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі.

Химиялық құрамы. Итошаған шөбінің құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С дәрумені бар.

Қолданылуы. Емдік мақсатқа өсімдік шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды.

Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқатып, жүйке жүйесін тыныштандырады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу