Алтын орда


Ұлыс – ел деген мағынаны білдіреді. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің 4 баласына бөліп берді. Қазақстан жері оның 3 баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.

Ұлыстардың құрылуы.

Алтын орданың қоғамдық құрылымы.

Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:

► Оң қанат - Батый хан билігі.

► Сол қанат - Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы).

Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат кұрамына енді. Басқару құрылымы:

• Сұлтандар - ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы.

• Құрылтай - ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы.

Құрылтайда хан жариялау жэне таққа отырғызу рэсімдері жасалды.

• Диуан - ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мэселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды.

• Беклербек - эскери істерді басқарушы.

• Уәзір - азаматтық істі басқарушы

• Мәлік - азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік эулетінен).

• Даруғалар - салық жинады, халық санағын өткізіп, эскер жинады, байланыс қатынасын ұйымдастырды.

• Басқақтар - басқару қызметін атқарды, эскери бақылау жүргізді, салық жинады.

• Білікшілер, хатшылар - іс қағаздарын жазушылар

• Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -эскербасылар.

Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді.

XIV ғ. - Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады.

Феодалдық жер иелену түрлері.

Інжу – Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер.

Сойырғал - әскер немесе азаматтық қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйға берілген үлестік жер.

Вакф – Мұсылман дінбасыларының жері

Мильк – Жер иеленудің жеке меншік түрі.

Тархандық құқық – улестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз пайдасына салық жинауы.

Тағар - әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салығы.

Ұшыр – мал салығы

Харадж – егіншілерден жиналатын салық

Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы, қолөнершілер мен

Саудагерлерге де салынады

Аваиз – төтенше салық

Әскери міндеткерлік – 10 түтіннен 1 жауынгер алынады.

Алтын орданың гүлденуі мен ыдырауы.

ХІІІ-ХІV ғ.-да Алтын Орда күшті мемлекет болды.

Батый хан тұсында (1227-1255) Алтын орда Моңғол империясына тәуелді болды.

Берке хан (1257- 1267) тұсында тәуелсіздігін жариялады.

Мөңке хан (1267-1280) өз атынан теңге шығарды.

1260ж. – Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады.

ХІV ғ.- ң бірінші жартысында Өзбек (1312-1342) және Жәнібек (1342-1357) хандар тұсында мемлекет күшейді. Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды.

1312 - Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

50 ж.-дың ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең” басталды.

1357-1380 жж 25 хан ауысты

1380ж Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.

Тоқтамыс(1380-1395) осыны пайдаланып хан болды.

1382 ж. Мәскеуді өртеді.

1389,1391,1395ж. Әмір Темір шабуылдап Алтын Орда әлсіреді.

Алтын Орданың күйреуінің себептері:

- Билік үшін өзара қырқыстар

- Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары

- Халық көтерілістері

- Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу