Өрт


«Өрт»

Орындаған: Қарабеков Б.

Тексерген: Қалдыбаева Ж

Алматы 2013

Жоспары:

Өрт факторларының әрекеттері

Орман өрттері

Өндіріс орындарындағы өрт

Өрт қауіпсіздігі

Өрттің алдын алу шаралары

Өрт сөндіру тәсілдері

Өрт сөндіру құралдары

Өрт

Өрт бұл адамныңАдам өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт факторларының әрекеттері

Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

жанғыш заттың отқа тікелей әсері;

сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;

жану зонасында иісті газбен улану;

жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Орман өрттері

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

 Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпымаШарпыма өртті (мұндай бет жоқ) Шарпыма өртті (мұндай бет жоқ)өрттіШарпыма өртті (мұндай бет жоқ) топырақ, химиялық заттар(диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ызаЫза суға (мұндай бет жоқ) Ыза суға (мұндай бет жоқ)суғаЫза суға (мұндай бет жоқ) жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда ЕртісЕртіс және ОбьОбь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер – өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар Ұшақтар мен тікұшақтар (мұндай бет жоқ)мен Ұшақтар мен тікұшақтар (мұндай бет жоқ)тікұшақтарҰшақтар мен тікұшақтар (мұндай бет жоқ) арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.

Өндіріс орындарындағы өрт

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрттің алдын алу шаралары

құрылыстық-жобалау;

техникалық;,

ұйымдастырушылық;

Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттарҒимарат мен құрылыстардыңҚұрылыс отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдарыМатериалдар жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегенімізбұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларыныңҚұрылыс материалдары бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялауЭвакуация үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шаралары:

өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларынНормалар сақтау;

құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Өрт сөндіру тәсілдері

Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:

ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

ауадағы оттегіОттегі ОттегіконцентрациясынОттегі азайту;

ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.

Өрт сөндіру заттары ретінде суСуқұмҚұм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттаринерттіИнертті газдар Инертті газдаргаздарИнертті газдар, булар қолданылады.

Өрт сөндіру құралдары

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

өртке қарсы жүйелерӨрт сөндіру жүйесі (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

Өрт сөндіру техникасы

Өрт сөндіру автомобилі

Өрт сөндіру депосы

Өрт сөндіру сатысы

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу