Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру


Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

№75 мектеп-гимназиясы

Технология пәнінің мұғалімі:

Тұрсынбекова Бағила

Сабақтың тақырыбы :

Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Мата қиындыларынан түрлі құрақтар

тігіп үйрену. Құрақ қиындыларын әзірлеуді

мата түстерін таңдай білуді,дайын үлгіні

пайдаланып қиюды,дұрыс біріктіріп үйрену.

 

дамытушылық: Оқушылардың ұлттық бұйымға

қызығушылығын арттыру, эскизді матаға

сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ

қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға

деген ептілік, икемділігін дамыту.

 

тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге,

әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.

Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық,

ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбилеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Тігін машинасы интерактивті тақта, құрал

жабдықтар,ине,жіп,қайшы,сызғыштар,

материалдар /мата қиындылары/ құрақтан

жасалған бұйымдар түрлері.

 

 

 

Пән аралық байланыс:

Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика.

 

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс,сарамандық жұмыс.

 

Сабақтың сәті:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Жаңа сабақты түсіндіру /сарамандық жұмыс/.

Техникалық қауіпсіздік ережесі.

Сабақты қортындылау.

Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын сұрау

1. Құрақ дегеніміз не ?

2. Құрақтың мағынасын ата ?

3. Құрақ түрлерін ата ?

4. Құрақтың жасалу жолы ?

5. Құрақтың тұрмыста алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады ?

6. Құрақ жасау үшін қандай құрал жабдықтар қажет,атауын жаз ?

7. Қазіргі кезде құрақтың көптеген түрлерін қалай пайдаланамыз ?

8. Өнерлі болып, шеберлікке жету үшін не қажет ? Саналап айтар болсақ.

Интерактивті тақтаға жаз.

9. Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді ?

Интерактивті тақтаға жазып көрсет.

10. Бүрмелі сәнді жастықша өнері

Қажетті

құрал-жабдықтар

Құрақ құрау технологиясы

Геометриялық пішіндер

Түстер

Шетін әшекейлеу

Құрақ түрлері

Мата

Тұрмыста қолданылуы

Пайдасы

Жаңа сабақ

Қазіргі кезде мата қиындыларынан құрақ құрау өз алдына бір өнер түріне жатады. Матадан құрақ құрау өнері жылдан-жылға тез қарқынмен дамуда. Онымен түрлі жастағы адамдар айналысады. Ресейде, басқа да елдерде осы өнер аясында фестивальдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда да ұлттық бұйымдар көрмелерінде құрақтан жасалған бұйымдарды көптеп кездестіруге болады. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен. әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігеміз.

Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

Технология деген не ?

Қандай жұмыс болмасын оны іске асыру барысында істелінетін іс-әрекет. Мысалы, сызба, үлгі түсіру, түс таңдау, үлгі даярлау, қию, тігу т.б. Осының бәрі құрау технологиясы.

Интерактивті тақта бойынша құрақ түрлерін көрсету.

Енді құрақты топтастыру.

Құрақтан жасалатын бұйымдар

Құрақтан жасалатын бұйымдар

Құрақтан жасалатын бұйымдар

Құрақтан жасалатын бұйымдар

0

Құрақты топтастыру

IV.Сарамандық жұмыс.

Топпен жұмыс.

1-2 топ екі-екіден 4 түрлі құрақ түрлерін құраймыз.

Техникалық қауіпсіздік ережені қайталау.

Топ мүшелері жұмыстарын бөліседі. Матаға үлгіні пайдаланып қию, қиылған үлгіні біріктіріп тігу.

Жұмыс арасында ой бөлісу,ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып,

мақал-мәтелдер, жұмбақтар айту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру. Түрлі мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысын орындау. /жұмыстың орындалу сапасына, эстетикалық жағынан әсемделуіне көңіл бөлу/

Әр топ оқушылар өздері жасаған бұйымдарын қорғауы тиіс.

Ал, қыздар сендер құрақты өз қолдарыңмен жасадыңдар,жұмысты тиянақты,жан-жақты ерекшеліктерін ескеріп жасадыңдар,енді ізгілендіру диаграммасы бойынша не білдім,не үйрендім,нені білгім келеді соны анықтайық.

Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылай келе осы жасаған жұмысымызды қандай өнер түріне жатқызамыз, соны сөзжұмбақты шеше отырып табайық.

Ізгілендіру диаграммасы

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Сөзжұмбақ.

1.Дөңгелек шеңбер етіп илілген,киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?

2.Жеңсіз жеңіл киім.

3.Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі,бағалы бұйым.

4.Жеті түрлі дәнді – дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас.

5.Сурет салып тоқылған кілем.

6.Нәретеге арналып жасалған ағаш төсек.

7.Теріден жасалған,қымыз құятын ыдыс.

Сөзжұмбақ

Оқушыларды бағалау. Оқушылардың сабаққа ,орындалған жұмыс деңгейіне,сұрақ-жауапқа байланысты жұптық бағалау.

Үйге тапсырма. Сарамандық жұмысты жалғастыру, тігін машинасымен жұмысқа дайындалу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу