👈 қаріп өлшемі 👉

Бисерден көбелек бейнесін жасау


Тақырыбы

Бисерден көбелек бейнесін жасау

Мақсаты

Бисермен бұйым жасау арқылы қол икемділігін дамытуға кәсіпкерлік бейімділігін қалыптастыру, іскерлік өнерге баулу

Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта –ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.

Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету

Көбелектің ғылыми түрдегі атаулары:

Қарапайым түрдегі атаулары:

Галатея

махаон

емен

агриппина

Ақ көбелек

Сары көбелек

Түн көбелегі

Ірі көбелек

Ақ көбелек тобы

Сары көбелек тобы

Ала көбелек тобы

Көбелектің суретін салады

Бисерді неден жасайды?

Шыны

Керамика

Металл

Хрусталь

Бисерді ең көп шығаратын жерлер – Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.

Бисердің ерте кезде дайындалған түрлері мұражайларда кездеседі, олардың сапасы өте жоғары болған. Қазіргі кездегі өндіріс орындары сол сапаны жоғалтпауға тырысуда.

«Галереяға саяхат»

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме

Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс

Инені киімге қыстыруға болмайды.

Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.

Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.

Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.

Қауіпсіздік ережелері:

Есіңе сақта

Маржанға жіп кигізерде ұшына лак жағу керек

Бисердің әртүрлі түстерін араластыруға болмайды

Жұмыс кезінде бисерлердің астына мата төсеген жөн

Бисерді бөтелкеде, пакетте сақтау керек, әртүрлі түстерін араластыруға болмайды

30-40 минут жұмыс жасап, дем алған жөн

орныңнан тұрып, бұлшық еттерге жаттығу жасаған дұрыс

Көбелекті тоқу үшін алдымен үстіңгі және

астыңғы қанаттарын тоқимыз.

Көбелектің жоғарғы қанатын әзірлеу.

1-қадам

Әр жол сайын 2 бисерден қосылып, көбейіп отырады. Бисер саны 12-ге жеткенде 3 қатар 12 бисерден тоқимыз. Келесі қатарда тағы да 2 бисерден қосамыз, керісінше келесі қатарларда 1, 2 бисерден азайтып отырамыз

Үлгі:

Технологиялық карта

Көбелектің астыңғы қанатын әзірлеу.

2-қадам

Үлгі:

Технологиялық карта

Көбелектің денесі мына схема бойынша тоқылады: 1-2-2-1-2-2-1-2-1, сымның ұштары кесілмейді. Сымның ұшын 1 бисермен 2,5 - 3 см қылып бекітеміз. Сымды кері айналдыра отырып, кері қайтамыз.

Көбелектің денесін тоқу.

3-қадам

Ескерту:

Тесігі кеңдеу бисерді қолданған дұрыс, өйткені ортаңғы бисерден сым арқылы көбелектің қанаттары қосылады.

Бисерді сымға тізудің әдісі

Көбелектің оң қанаты да,

сол қанаты да бір схемамен жасалады.

Үстіңгі қанатының соңғы 2 бисерін денесінің 3,4 қатардағы бисерге кіргізу. Оң қанатын да сол қанатын да. Сымда қатты тарту. Қанатының астыңғы бөліктерін денесінің астынан санағанда 4,5 қатарына сымды кіргізіп тарту.

Көбелектің дайын бөліктерін бір-біріне қосу.

4-қадам

Мұндай бисерден жасалған көбелектермен үйді безендіруге болады. Оларды жасау өте жеңіл. Тек қатар санын өзгерту арқылы әр түрлі көбелектер әзірлеуге болады.

Бекіту

“3 қадамды сұхбат”

Көбелектің астыңғы қанаты қала й жасалады?

Көбелектің дайын бөліктері бір-біріне қалай қосылады?

Көбелек тоқуға қажетті заттар

Көбелектің жоғарғы қанаты қалай жасалады?

Көбелектіңденесі қалай тоқылады?

Нені үйрендік?

Шеберлікке үйренді

Көбелек тоқуды үйрендік

Бисер түрлерін ажырата алатын болдық

Үй тапсырмасы:

Көбелекті жалғастырып тоқып келу


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы