Web – сайттардың түсті пішімдеуі
Web – сайттардың түсті пішімдеуі.
Орындаған: Картабаева Б.Б.
Колорит (италИталиян тілі.Италиян тілі colorіto, лат.Латын тілі color – түс, реңк, бояу) – бейнелеу өнеріндегі алуан түстердің арақатынас үйесі; өмірӨмір көріністерін бояулардың үйлесімділігі арқылы эстетикалықЭстетика тұрғыдан пайымдау. Колорит шындықты көркемдік тұрғыдан тануда үлкен рөл атқарады. Ол шығарма мазмұнына, өзіндік шеберлігіне, дәуіріне, стиліне тікелей байланысты. Колорит айқын, өзгермейтін түстердің үйлесімінен тұруы мүмкін.
Бояу түрінің басым, не кем қолданылуына байланысты Колорит жарқын, күңгірт, салқын (көк пен жасыл түс басым болғанда), немесе жылышырайлы (қызыл мен жасыл түс көбірек қолданылғанда), салмақты, шиеленісті болып келеді. Бояулар үйлесімі кереғар түсіп, көзге ұрып тұруы да мүмкін. Ондай жұмыстарды жақыннан қараған адамға бояу түстері бір-бірімен қосылмайтындай, баттиып-бадырайып көрінеді. Ал біртіндеп алыстаған сайын ашық бояу реңдері жымдасып, ғажайып бір өңге енеді.
Тектес түстер
Түстік кругта әр-түрлі кезекпен келетін үш түс немесе олардың реңктері тектес деп аталады. Кругта бір түсті таңдап, оған екі жағындағы түстерді қосыңыз.
Қандай-да үштік түсті таңдасаңыздар олар жақсы көрінеді
Тектес түстер
Аналогтық триада
Түстік кругта бір-бірімен көршілес орналасқан түстер аналогтық триаданы құрады. Оларды табу қиын емес. Олар бір-біріне жақын орналасады.
Өз құрылымда бас ортақ түс болғандықтан, олар бірге жақсы көрінеді.
Тектес түстердің төрт тобы
Тектес түстердің төрт тобы бар: сары-қызыл, кызыл-көк, көк-жасыл және жасыл-сары. Тектест түстердің пайдалануы бір түске қарағанда жақсы көрінеді.
Тектес-контрасттық
Осы түстер реңтері кругта бас түстің оң мен сол жақтарында орналасады
Контраст- бұл кенет бейнеленген қарама-қарсылық. Контраст тәжірибеде көп қолданылады, және бірінші кезекте басқару, органдық машиналарда бөлшектердің айқын көрінетіндігін көрсету үшін. Көбінсе контраст техникада жүргізушілердің, пешеходтардың, жұмыскерлердің қауіпсіздігі үшін пайдалынады.
Жолдық белгілер контрасттық, жол жүргізушілер оны көру үшін.
Контрасттық түстер
Web-сайт дайындау кезінде қандай түстер үйлесімін қолданған жөн? Адам психологиясы тұрғысынан түстер үйлесімі белгілі бір деңгейде суретте көрсетілген ақпарат көрермен қабылдануына әсер етеді. Осы үшін түстер үйлесімін таңдау барысында, мысалы мәтін мен фон түстерінің үйлесімі, көзге жақсы, жағымды көрінетін түстерді қолданған жөн
1) ақ пен қара;
2) сары мен қара;
3) жасыл мен ақ;
4) қызыл мен жасыл;
5) сары мен қара;
6) қызыл мен ақ;
7) тоқ сары мен ақ;
қошқыл қара мен қара;
9) тоқ сары мен ақ;
10) қызыл мен жасыл.
Қалған түстермен реңктердің өзара сәйкестігі қарапайым ереже арқылы тексеріледі: суреттерді grayscale форматына ауыстырып (сұр түстің 256 реңкі), салынған суреттер контрастты оқылатынын қарау қажет. Егер оқылмаса – басқа түстер үйлесімін таңдаңыз. Қандай жағдай болмасын, көзге үйреншікті дәстүрлі қара түсті мәтінде қолданып, фон ретінде көмескі татқан түстер реңктерін қолдануға кеңес беріледі.
Сайттын түстік оформлениясы немесе дизайннын түстік стилі әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе сайтты құрасыру кезінде тек 3-4 түс және оларға тектес түстер пайдалынады.
Көгілдір жалғыздықты, қамығушылықты, депрессияны, білгірлікті, сенімділікті және берілгендікті білдіреді. Ең алғаш іс көрісулеріне барғанда көк киім киіп барған дұрыс дейді мамандар. Көк киім сіздің шешім қабылдауда батыл, жанкешті, тәуекелшіл екендігіңізді айғақтайтын көрінеді.
Түстердің адам өмірінде айтарлықтай ықпалы бар.
Көгілдір түсті бөлмеде еңбек ету нәтижелі көрінеді. Аталмыш реңді бөлмеде сынақ тапсырған студенттер жоғары нәтижелер көрсетсе, штанга көтеретіндер өз мүмкіндігінен біршама ауыр салмақты көтере біледі екен. Көгілдір реңмен жазылған жазулар да есте жақсы сақталады екен.
Қызыл түс ыстық, қан, құмарлық, ғашықтық, берілгендік, күш, қызуқандылық, агрессия секілді ұғымдарды сипаттайды. Қан қысымын жоғарылатады және тыныс алуды жеделдетеді. Адамдарды жылдам шешім шығаруға, ынталандыруға ықпал ететін бір рең.
Қызыл түс адамның назарын тез баурайтын рең. Дизайн және декорацияда көзге бірден түсетіндіктен қызыл реңді көп қолдансаңыз ұтылмайсыз. Қызыл түсті киім күш, энергия беретін көрінеді. Қызыл бір жағынан үстемдік реңі. Біреуді жасыту үшін, еңсесін түсіру үшін қолданылады.
Сары түс көзге аса зиянды. Сары түске боялған бөлмеде нәрестелер жылауын үдетсе, үлкендер тез ашуланғыш болады екен. Сондай-ақ сары түс метаболизмді жылдамдатады.
Сары рең әлсіздеу қолданылғанда жылылық және жарқыл, жалтылдау, яғни әсемдік береді. Күн көзі секілді, жылынуды қалайсыз, бірақ қарауды қаламайсыз, көзіңізді шағылыстырады.
Сары көп дінде жаратушының бар екенін сипаттайтын бір реңЖасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді.
Көз үшін өте пайдалы.Сонымен қатар тыныштандырады, жүйке жүйелеріне жағымды әсер береді.Қою жасыл - суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса,
Көк жасыл - жағымсыздықты, негативті,
Зәйтүн жасылы - татулықты, бейбітшілікті,
Сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі.
Қызғылт (оранжевый) түс ыстықтық, саулық, разылық, жемістілікті сипаттайды. Күшті және жомарт бір сипаты да бар.
Қызғылт құпиясы жоқ, кең таралымдағы, тартымды бір түс. Мәселен бір өнімнің әрқайсыға қолайлы екенін немесе қымбат екенін көрсету үшін қолданылады.
Қара басым көпшілік үшін киім түсі. Кейбірі қараны байсалды көріну үшін киеді. Біреулері болса арық көріну үшін. Айрықша бұл рең қалың және нәзік көрінеді.
Қара даулы бір рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, негативпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен байланыстырылады. Бір жағынан басқару және күш мағынасына келсе,екінші жағынан қайғы-қасірет, бақытсыздық, аза (траур) мағынасына келеді. Бізде және батыста бақытсыздық, аза тұтуды білдірсе, Жапонияда бақыттылықтың түсі көрінеді.
Ақ саф тазалықты, пәктікті, күнәсіздікті бейнелейді. Көп мәдениетте келіндер ақ киінеді. Айрықша тазалықтың белгісі болғандықтын дәрігерлердің, лабораторияда қызмет жасаушылардың киімінің түсі.
Күлгін асылзада, ақсүйектердің түсі. Байлықты және жеңісті бейнелейді. Сонымен қатар романтизмнің, айрықша сезімталдықтың, ғашықтықтың символы.
Бұл түс табиғатта ең сирек кездесетін түс.Ертеде адамдар күлгін рең шығару үшін теңіз бақалшақтарын қолданған. Бұл өте қиын жұмыс-ты. Кейбіреулері күлгін түсті тез көзге түсетін демонстрация реңі болғандықтан декорацияда қолданғанды жақсы көреді. Кейбірі бұл түсті жасанды түс деп, қабылдамайды.
Қоңыр топырақтың және ағаш,тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Көбінде еркектердің сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді.
Айтпақшы қоңыр реңкке байланысты зерттеулердің соңы мынадай нәтижеге ұласыпты: Бір өнер музейінің қабырғаларын қоңырға бояғанда музейді тамашалаушылар тез-тез аралап, ол арадан жылдам аяқтарын жалтыратыпты. Ал ақпен боялғанда көрушілер ұзақ уақыт аралаған. Сондықтан дүниедегі фаст фуд ресторандары үстел, орындықтарын дереу қоңыр түске ауыстырған көрінеді
Алқызыл (розовый) романтиканың және нәзіктіктің, әсемдіктің реңі. Тыныштандырады. Жайландырады және жүректі жұмсартады. Түрме торларын алқызылға бояғанда түрмедегілердің арасында агрессивті әрекеттер азайған. Адам ашуланғысы келсе де алқызыл түстің қасында онысы оңайға түспейтін көрінеді.
Жүректің тамырлары жылдам әрекет ете алмайде екен. Аталмыш түс энергияңды басатын тыныштандыратын, персен дәрісі секілді көрінеді. Тіптен рең соқырлары, яғни реңге мән бермейтіндердің өзі сабырлы қалыпқа түседі екен. Алайда соңғы зерттеулерге сүйенсек, өкініштісі сол, мұның әсері қысқа бір сүреге ғана созылады екен. Ағза бұрынғы халіне келгенде бұрынғысынан әлдеқайда агрессивті болады екен.
Ақ түс — тазалық символы.Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі.
Қызыл түс — өмірлік энергия түсі. Адамның өмірге деген талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады… . Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Әдетте, бұл түс ашық мінезді адамдарға тән екен.
Сарғыш түс — бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сарғыш түсті көп таңдайтын адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады екен.
Сары түс — адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі.Әдетте, бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді.
Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Адамның нерв жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін, достары көп адамдарға тән. Бұл түсті ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді.
Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс.
Ашық көк түс — салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс -бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңділікке, ақылдылыққа шақырады.Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады.
Қара түс – жұмбақ, құпия түс.Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?