Бастауыш сынып оқушыларының дәптерлеріне қойылатын талаптар


«Бастауыш сынып оқушыларының дәптерлеріне қойылатын талаптар»

Бастауыш сынып мұғалімі:

Джулдасбаева Саулет Абубакировна

Бастауыш сыныпта оқушылардың дәптерлеріне қойылатын талаптарды қалыптастыру – педагогтердің басты міндеттерінің бірі. Бұл процесс арнайы әдістемелік құралдар мен оқу материалдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына» (бұдан әрі – Стандарт), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына», Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі

399 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларына» негізделген мектеп құжаттамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Білім алушылардың дәптерлерін жүргізу тәртібі

Дәптерде көк қаламмен жазып, сызықтар мен фигураларды қарындашпен орындау қажет. 1 және 2-сынып білім алушылары жазуды тар жол дәптерлеріне, ал 2-сыныптың екінші жартысынан бастап және 3-4-сыныптарда кең жол дәптерлеріне жазады.

Педагог білім алушыларға әріптер мен сандардың дұрыс жазылуын, буындар мен әріптерді байланыстыруды көрсетіп, қателерді түзетуге басшылық етеді. Тексеру барысында қате жазылған әріптерді түзетіп, дәптердің шетіне дұрыс жазылу үлгісін көрсету керек (қате қосылуларды сызып, дұрысын жаңа жолға жазып үлгі көрсету арқылы түсіндіреді).

Барлық дәптерлерде келесі жұмыс түрлері белгіленеді:

сынып жұмысы;

үй жұмысы;

каллиграфиялық дағдыны жетілдіру жұмысы;

қателермен жұмыс (қажет болған жағдайда).

Әр білім алушыда оқу, тексеру және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін келесідей дәптерлер болуы тиіс:

Әдебиеттік оқуға арналған дәптерлер: Бұл дәптерлерде білім алушылар шығармашылық жұмыстарды (шығарма жазу, сурет салу, шығармаларға жоспар құру, әдеби ұғымдардың анықтамаларын жазу) орындай алады.

Дәптерлерді рәсімдеу барысында төмендегі талаптар сақталуы тиіс:

Азат жол: Әрбір жаңа абзацты рәсімдегенде оңға қарай кемінде 2 см (екі саусақ) шегіну қажет. Бірінші сыныптан бастап азат жолды сақтау міндетті;

Жолдар: Жұмыс барысында жолдар қалдырылмайды; мәтін үздіксіз жазылады. Әр жаңа бет жоғарғы жолдан бастап, соңғы жолға дейін толтырылуы тиіс;

3) Шеттері: Әр жолды сол жақтан рәсімдегенде шеттен 0,5 см-ден артық шегінбеу қажет. Оң жақ шетте жолды соңына дейін толтыру талап етіледі. Сөздерді тасымалдау ережелерін сақтау міндетті, ал жолда негізсіз бос орындардың болуы рұқсат етілмейді.

Абай атындағы мектеп-гимназияның

4 а - сынып оқушысы

Қамбар Даниярдың

қазақ тілі дәптері

Абай атындағы мектеп-гимназияның

4 а - сынып оқушысы

Қамбар Даниярдың

математика дәптері

Дәптерлердің сыртқы мұқабасы келесі үлгі бойынша толтырылады:

1-сынып білім алушыларының дәптерлерін бастапқыда педагог (ата- анасы) толтырады. 2-сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап білім алушылар дәптерлерін педагогтің басшылығымен өздері толтыруға кіріседі.

Дәптердегі барлық жұмыстар келесі талаптар мен ережелерге сәйкес орындалуы қажет:

жазу тәртібі: Барлық жазбалар ұқыпты және түсінікті жазылуы керек;

күн реті мен ай атының жазылуы (тіл пәндерінде): 1-сыныптың бірінші жартыжылдығында ай атауы жазбаша түрде, ал күн реті араб цифрымен жолдың ортасынан жазылады. 1-сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап 2, 3, 4- сыныптарда да ай аты мен күн реті толық жазбаша жазылады;

пунктуация: күн реті мен жұмыс түрінен кейін нүкте қойылмайды;

жұмыс атауы: Жұмыс атауы келесі жолдың ортасына (жол тастамай) жазылады, соңына нүкте қойылмайды. Мысалы:

Қыркүйектің 2-сі

Сынып жұмысы

12-жаттығу

Үй жұмысы

Нүкте қойылмайды!

Сынып жұмысы мен үй жұмысы арасына 1 жол қалдырылады, үй жұмысына күн реті жазылмайды, үй жұмысы мен келесі күннің жазбасы аралығына 2 жол қалдырылады.

Баға/балл тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады!

(1-ші сыныптарға)

Көркем жазу жаттығулары: 1-2 сыныптарда күн сайын 2 жолдан жазу қажет. 3-4 сыныптарда күн сайын 3-4 жолдан жазылуы тиіс. Білім алушының партада дұрыс отыруы, дәптерді дұрыс қоюы және қаламды дұрыс ұстауына назар аудару маңызды.

Жазу тәртібі: мәтін жазу барысында азат жол сақталады. Өлең жолдары азат жолсыз, жолдарға бөлініп, автордың тыныс белгілерін сақтай отырып жазылады.

Қосымша ережелер: сызулар тек қарындашпен мұқият орындалады. 1- сыныптың 3-тоқсанынан бастап «жаттығу» сөзі толық жазылады. Мысалы, 15- жаттығу.

Сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөз бас әріппен үтірсіз жазылады.

Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағанға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріппен басталып, үтірсіз жазылады:

Бала кітап

бақа қалам

барыс дәптер

Көркем жазу жұмыстары

5 минут уақыт бөлінеді. Тақтада жазу үлгісі көрсетіледі.

1-2 сыныпта 1-2 жол

3-4-сыныпта 3-4 жол

Дәптер саны:

Қазақ тілінен -3 дәптер (2 ж.д; 1 жазба жұмысы)

Әдебиеттік оқу – 1 дәптер

Математика – 3 дәптер (2 ж.д; 1 бақылау жұмысы)

Қателерді түзету: қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі қисық сызықпен сызылады;

сөйлемдегі сөздің қате бөлігі жіңішке көлденең сызықпен сызылады;

сызылғанның орнына қажетті әріпті, сөзді сөйлемді жазу қажет;

қате жазуды жақшаға алмасын;

жұмыс дәптерлері сыныптарда әр сабақтың соңында барлық оқушыларда міндетті түрде тексеріледі.

- талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау);

- төл дыбыстарды/әріптерді дұрыс жазбаса жиек жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс;

Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек: - орфографиялық қате - /

- тыныс белгілер қатесі – ۷

жазылым

Жазылым дағдысын дамыту неге өзекті мәселе деп ойлайсыз?

Жазба жұмыстарын қай кезде, қалай жүргізесіз?

Жазба жұмыстарының түрлерін таңдауда неге сүйенесіз?

Жазба жұмыстарын қалай бағалайсыз?

Сабақ үстінде

Нәтиже/ қайталау сабақта

БЖБ кезінде

Сөздік диктант

Көшіру диктанты

ҚБ жұмысы

Бақылау диктанты

Мазмұндама

Шығарма

Бақылау диктанты

Мазмұндама

Шығарма

Сауатты, түсініп жазу дағдысы дамиды

Жазба жұмыстарын қай кезде,

қалай жүргізесіз?

Жазба жұмыстарының түрлерін таңдауда неге сүйенесіз?

педагогтерге арналған әдістемелік нұсқау хат

оқу бағдарламасы, КТЖ

оқу мақсаттары

оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері

Жазба жұмыстарын қалай бағалайсыз?

Оқу мақсаттарына сай дескрипторларға балл қою арқылы

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы əңгімелеу мəтінін, салыстыра сипаттау мəтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мəтінін құрап жазу.

3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Математика бойынша жазбаша жұмыстарды рәсімдеу

Сынып және үй жұмыстары арасында 4 тор көз бос қалдырылады (келесі жұмыс бесінші тор көзден басталады), ал жол басынан 10 тор көз қалдырылады. Сынып және үй жұмыстарындағы әртүрлі жұмыс түрлері арасында екі тор көз бос қалдырылады

Бағандарға жазылған өрнектер, теңдеулер, теңдіктер және басқа жазбалар арасында төрт тор көз оңға бос қалдырылады (бесінші тор көзден жазу басталады). Қабылданған халықаралық қысқартулар, мысалы: кг, дм, см, га, м, мм және т.б. қысқа жазылады. Қысқартулардан кейін нүкте қойылмайды. Кез келген жұмыста дәптердің сол жақ шетінен бір тор көз қалдырылады. Жаңа бетте жазу басталғанда, бір тор көз жоғарыдан бос қалдырылады. Дәптерлерде тапсырмалардың нөмірі сол жаққа жазылады.

Есептерді рәсімдеу белгіленген нормаларды сақтауды талап етеді. Қысқаша жазба олардың түріне сәйкес рәсімделеді. «Басты» сөздері бас әріппен жазылады. Мысалы:

Есептерді жазудың бірнеше түрі бар:

Ескерту тексеріс сызығынан кейін торкөз қалдырмай тексеру жазылады.

Геометриялық типтегі есептерді рәсімдеу. Барлық сызбалар қарапайым қарындашпен сызғыш арқылы орындалады. Өлшеу нәтижелері қаламмен жазылады. Әріптік белгілеулер бас әріппен, латын әліпбиінің бас әріптерімен жазылады. Фигура сызбасы тек есептің шартына сәйкес жасалады.

 

Мысалы: тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, ені 6 см. Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын есептеу.

Есептің қысқаша жазбасы және шешім үлгісі:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу