Ұлы Абайға арнау


Ұлы Абайға арнау.
Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде,
МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне.
Жаныңа жақын Татьянаның хаттары,
Жырлаған қазақ - орыс жерінде.

Қара сөзің біз үшін үлгі емес пе?
Әуендерің құлаққа жақын емес пе?
Жүрекке жылы тиер ән - жырларың,
Қазағым, Ұлы Абайым, сен емес пе?

Қазақ десе, Абай түсер есіңе...

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдың биік тұлғаны қайдан табарсың?

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!

Қызылорла облысы, Қазалы ауданы,
Байқожа елді мекені №258 негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдрахманова Бибігүл


Источник: bilimdiler.kz
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий