Мұсылманша 500+ қыздардың есімі мен олардың мағынасы
Это важно!
Осы тізімнен қыз балаға арналған әдемі мұсылманша есімді таңдап алуды ұсынамыз. Қыз балаларға арналған барлық мұсылманша есімдер мен олардың мағынасы.
Есімдер мағынасы
Іңкәр есімінің мағынасы – қазақтың төл есімі. «Құштарлық, ынтызарлық» дегенді білдіреді. Қазақ қыз балаға бұл ныспыны «өмірге құштар, нәзік те сұлу, жан дүниесі бай болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін есімнің бірі.
Алан есімінің мағынасы – қазақ халқында жолбарыстың күшігін алан деп айтады. Бұл сөздің араб, көне славян тілдерінде де бірнеше нұсқасы бар. Ел ішінде дүние есігін жаңа ашқан сәби қайратты, жолбарыс жүректі болсын деп осы есімді береді.