Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы

Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы

3 пен 6-7 жас аралығындағы балаларға есі кірген, мектепке дайындық жасындағы балалар ретінде қарауымыз керек. Өйткені дәл осы аралықта олар жетілудің маңызды сатысынан өтеді. Айналаны танып, психологиялық тұрғыдан дамиды. Сол себепті баланы дәл осы 3 жастан бастап балабақшаға беру керек деген пікір қаперде болсын.

3-4 жасында балаңыздың алғашқы достары пайда болады. Өзін көпшілік ортада тұлға ретінде сезіне бастайды. Олар бір-бірімен ойнау барысында рөлге ену, әңгімелесу арқылы танымын кеңейтеді. Бірінің айтқан ақпаратын бірі қабылдайды. Демек бүлдіршін өсіп келеді.

5 жасқа таяғанда бала ұстамды, сабырлы бола түседі. Үлкендердің сөзін тыңдап, айтылған әңгіме төңірегінде ой түйетінін аңғарасыз. Сөйтіп ол өзінің мектепке әзірлігін көрсете бастайды.

Мектепке бару бұл – баланың есеюге қадам басуы. Бұрын отбасымен, балабақшадағы, ауладағы балалармен ойнап жүрсе, енді жаңа ортамен, сыныптастарымен танысады. Бірте-бірте мектептің еркелікті көтермейтін орын екенін байқайды.

Балаңыздың одан кейінгі әрекеті сізді бұрынғыдан да таң қалдыруы мүмкін. Жинақы, сөздерін ойланып барып айтады. Яғни, орта оның қалыптасуына, есеюіне ықпал етіп жатыр. Жақында аузынан «Мен өзім!» деген сөзді естіп жатсаңыз түсіністікпен қараңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?