👈 қаріп өлшемі 👉

Туған күн (атама, әжеме, апама)

 Туған күн (атама, әжеме, апама)

Алпыста алты жасар баладай бол,
Жетпісте хан жығасы – жағадай бол.
Сексен мен тоқсанда да сыр алдырмай,
Жүз жаста көпті көрген данадай бол.

Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.

Алпыста өмір белесі,
Қартайдым мен демеші.
Туған күнде жыл сайын,
Қуанышқа бөлеші!

Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!

Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың,
Өзіңе борышы көп балалардың.

Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.
Әжелеп жан-жағыңда жүре берсін,
Бал тәтті немерелер-қызықтарың.

Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесің, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,

Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу

Пікірлер 8

  1. Оқырман Медина
    Оқырман Медина 04.05.2022 23:44
    0 + 1 -
    Апа Туган куны кутты болсын
  2. Оқырман нұрайым
    2 + 3 -
    66 жас керек ата ма
  3. Оқырман Амина
    Оқырман Амина 05.12.2021 21:45
    2 + 1 -
    Атаға өлең деп жатсам апама әжеме деп кетті
    Но сайт күшті
    Бір таппақты айтып бердім әжеме
  4. Исматулла
    Исматулла 10.03.2021 19:06
    4 + 7 -
    Мен 2011жылы туылдам
  5. күшті әжеме бүгін осы иаппакты айтамын
    4 + 9 -
    өте күшті маған ұнады 🌹⚘🌷
  6. аруна
    аруна 21.12.2020 16:52
    1 + 6 -
    бұл сайт өте емес өйткені атаға таппақ десем төлен немесе тілек көрсетеді
  7. Нұрсая
    Нұрсая 15.12.2020 00:34
    4 + 8 -
    Мен атама өлең табалмай жатырмын
    1. ZHARAR 15.12.2020 11:29
      11 + 6 -
      Аман болсын басыңыз,
      Ағармасын шашыңыз.
      Шөбере сүйіп әлі де,
      Жүзге жетсін жасыңыз.


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы