"Бала тілі бал" атты Конституция күні - Ата Заң күніне арналған сайыс


Жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті көрермендер! «Бала тілі бал» атты бағдарламамызды ашық деп жариялаймын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
"Бала тілі бал" атты Конституция күні - Ата Заң күніне арналған сайысБүгінгі бағдарламамыз Ата Заң Конституция күніне арналған.
1995 жылғы тамыздың 30 - ы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған күні. Конституция әрбір мемлекеттің басты заңы. Осы заң арқылы сол ел азаматтарының құқығы мен міндеттері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы қадағаланады.
Біздің ортада қатысушыларымыз отыр, олар
«Сұңқар» команда – Аян, Дильназ, Ғазиза, Жұлдыз, Аружан;
«Таңшолпан» команда – Надира, Асылжан, Ажар, Диас, Арда;
«Ақбота» команда – Ажар, Абылай, Диас, Темірлан, Индира.
Ендеше қазылар алқасымен таныстырып өтейін...
Байқауымыз бес сайыстан тұрады:---
1сайыс «Сұрақ жауап»
2сайыс «Мақал мәтелдер»
3сайыс «Жаңылтпаш»
4сайыс «Құрастыру»
5сайыс «Ойын»
Біздің командалар дайын болса 1 сайысымызды бастаймыз. І сайыс «Сұрақ жауап». Бір командаға сұрақтар қоямын, сол команда жауап береді. Дұрыс жауап бес ұпай.
«Сұңқар» тобына сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай қала?
2. Рәміздерді ата.
«Таңшолпан» тобына сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2. Біздің қаламыз қалай аталады?
«Ақбота» тобына сұрақтар:
1. 30 тамызда қандай мейрамды тойлаймыз?
2. Қандай Республикада тұрамыз?
2 сайысымызға көшеміз.
2 сайыс «Мақал мәтелдер». Әр команда туған жер, Отанға арналған мақал мәтелдерді айтады. Команда қанша мақал мәтел айтады, соншама ұпай жинайды.
3сайыс «Жаңылтпаш». Команда басшылары бір жалаудан таңдап тапсырманы орындайды. Тапсырма - үш рет айтылған жаңылтпашты дұрыс қайталау.
Ақ доп, соқ деп.
Тұз мұздай, мұз тұздай.
Бос шатыр, бос жатыр.
4 сайыс «Құрастыру». Қараңдаршы, балалар біздің төрде не тұр? Ол қандай түсті? Не бейнеленген? Қыран құс пен күннің түстері қандай? Ал ендеше командалар сол туды музыка әуенімен құрастыруды бастайды.
5 сайыс «Ойын». Әр мемлекеттің өзінің заңы, рәміздері, ұлттық тағамдары, киімдері, аспаптары бар. Ал біздің ұлттық аспап қандай? Осы домбырамен ойын ойнағыңыз келе ме? Онда бәріміз үлкен шеңберге отырамыз. Мен домбырашы болып шеңберде жүремін, ал сендер өлеңдетесіңдер.
Домбыраның құлағын,
Мәнерімен бұраймын,
Достарыңды ертіп кел,
Содан кейін шертіп көр.
Өлең біткен соң екі баланың қасына тоқтаймын, олар 1, 2, 3 дегенде қарама қарсы жүгіреді. Кім бірінші домбыраға жетеді сол жеңімпаз болады.
Қазылар алқасы өз шешімдерін жарияланғанша, біздер музыкалық номерлерге көшейік.
Ән «Астана» музыка Әлімжандікі, сөзі Жақыптікі.
Ән «Менің туым» музыка Герчиктікі, сөзі Айтованікі.
Ән «Менің Отаным» музыка Байдильдаевтікі, сөзі Ысқақовтікі.
Қазылар алқасына сөз береміз.
І орын
ІІ орын
ІІІ орын
Тақпақтарға кезек беремін.
Ажар: Халық қамын ойлаған
Әділдігін жоймаған.
Отызыншы тамызда
Ата заңын тойлаған.
Байлығы мол жерім бар,
Берекелі елім бар.
Ата заңмен қорғалған,
Болашаққа сенім бар.
Аян: Еркесімін елімнің,
Кемсіте олар мені кім?!
Қорғалады Заңменен
Сайлығы да денімнің.
Арда: Шалдықпадым, талмадым,
Арманды алға жалғадым.
Конституция қорғаным,
Атасы ол бар Заңның!
Жүргізуші: Білім алам, дем алам,
Отан туған өз анам!
Ата заңым тұрғанда
Еш болмаймын мен алан дегендей Ата Заң Конституция күні құтты болсын! Еліміз тыныш болсын! Осымен біздің «Бала тілі бал» 30 тамызда өтетін Ата Заң Конституция күніне арналған бағдарламамыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Ақтөбе қаласы №21 "Кәусар бұлақ"
мектепке дейінгі гимназиясының
музыка жетекшісі Жуматова Жансауле
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі