Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу.
Сабақ мақсаты: - Көпмүшені бірмүшеге көбейтуді үйрету;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді үйрету;
- көпмүшелерге амалдар қолдануды үйрету.

Амандасу. /Кабинет тазалығына, желдетілгеніне назар бөлу/. Оқушылардың сабаққа қатысуын, қажетті оқу құралдарының түгел болуын қадағалау.

Жағымды психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар ағылшын тілінде жазылған іс-әрекеттерді түсініп орындайды. Бұл тапсырма барысында оқушылар жеке-жеке тапсырма орындайды; жұптасып бірге орындайды және бір шеңбер құрып, топтасып орындайды. (Сабақ тақырыбына сәйкес көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің топтастыру тәсілі көрініс табады)
«Clock Buddies»
1. (Shake hands) 2. (Tap the back) 3. (Smile)
4. (Wave hands) 5. (Wish anything) 7. (Send a kiss)
8. (Rub the back)
Актуалдау.
1. Көпмүше дегеніміз не ?
2. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп нені айтамыз?
3. Жақша сыртына шығаратын ортақ көбейткішті қалай анықтауға болады?

Демек, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? /Оқушылар жауап береді/

Ендеше, сабағымыздың мақсаты: көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алу.
Бүгінгі сабақтағы жетістік критерийлерін анықтаймыз. /Оқушылар өздері жетістік критерийлерін ұсынады, олардың жауаптарын ескеріп, тақтада жетістік критерийлерін көрсетемін/.

Балалар, сабағымызға кіріспе ретінде ұжымдық тапсырма орындайық. Сөзжұмбақ шешейік.

1. Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнек қалай аталады? бірмүше
2. Белгісіз саны бар теңдік? теңдеу
3. Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғаса айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған бірмүшені түрі оның қандай түріне жатады? Стандарт
4. Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы – бірмүшенің .......................... деп аталады. Дәреже
5. 4ху бірмүшесінің дәрежесі қаншаға тең? Екі
6. Бірмүшенің сан көбейткіші қалай аталады? Коэффициент
7. Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелердің аталуы? Ұқсас мүшелер
8. Бірмүшелердің қосындысын қалай атаймыз? көпмүше
9. Көбейту амалының компоненті - ........................... ? көбейткіш

Дескриптор.

1 Әр сұраққа дұрыс жауап береді 5 балл
2 Жылдамдығы, тапқырлығы 4 балл

Жалпы есеппен жоғары балл жинаған оқушы, жеңімпаз болып табылады.

көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік. Ортақ көбейткішін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу мүмкін емес, себебі, бұл қосылғыштардың барлығына ортақ көбейткіш жоқ. және әрбір топтағы ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығарамыз:
алынған өрнекте екімүшесі ортақ көбейткіш болады. Сонда .
Сонымен, .
Көбейткіштерге жіктеудің бұл тәсілін топтау тәсілі деп атайды.

Келесі бейнероликке назар аударайық:
Көпмүшенің түбірлері туралы физикалық есеп.
Видеоматериалды көбейткіштерге жіктеу мысалы ретінде көрсету.
Дифференциация тапсырмасы:

Амалдарды орындаңыз.

Дескриптор.

1 Жақшаларды дұрыс ашады 1 балл
2 Ұқсас мүшелерді біріктіреді 2 балл
3 Қорытынды көпмүшені дұрыс жазады 3 балл

Өте жақсы, оқушылар. Енді тапсырманы сәл күрделендіреміз. Ол үшін жұп құруымыз керек.

Жұптасу. Ұсынылған қораптан түрлі-түсті қағаздың бірін суыру арқылы, геометриялық фигуралар бойынша жұптасып орналасады........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 681



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі