Тұздар гидролизі 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 Тұздар гидролизі 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.4.3 орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;
9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
Сабақ мақсаттары: 1. эксперимент
2. гидролиз түрлері
3. катион бойынша гидролиз
4. анион бойынша гидролиз
5. катион-анион бойынша гидролиз
6. тұз ерітіндісінің ортасын болжау.

Амандасу. Сабаққа психологиялық дайындық. Оқушыларды түгендеу. ОМ таныстыру. Үй жұмысын тексеру

Эксперимент
Келесі тұздар ерітінділерінің ортасын анықтаңыз:
NaCl, Na2CO3, NH4Cl

Миға шабуыл
Заттар суда не істейді?
1. Реакцияға түседі (Na, Ca, CO2)
2. Ериді (NaCl, NaOH, HCl)
3. Ерімейді (BaSO4)
(У): Сонымен қатар, заттар гидролизге ұшырауы мүмкін.
ГИДРОЛИЗ деп су молекулалары мен тұздың әлсіз иондарының қайтымсыз әрекеттсуі. Гидролиз нәтижесінде әлсіз электролиттер түзіліп, реакционды орта өзгереді.

Сабақ барысында қойылатын сұрақтар:
Қандай заттар гидролизге ұшырайды?
(суда еритін тұздар)
Натрий хлориді гидролизге ұшырайды ма?
(жоқ, себебі тұз күшті қышқыл мен күшті негізден құралған)
Гидролиздің қандай түрлері бар?
(катион б/ша, анион б/ша және катион-анион б/ша)

1. Катион бойынша гидролиз - тұз күшті қышқыл мен әлсіз негізден құралған
2. Анион бойынша гидролиз - тұз әлсіз қышқыл мен күшті негізден құралған
3. Катион-анион бойынша гидролиз - тұз әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден құралған

ҚБ: (топ бойынша дифференциация жасауға болады: ZnCl2, AlCl3, K2S, Na3PO4, Al2S3 )
1. Цинк хлориді диссоциацияланып, гидролизге түседі.
Тұздың диссоциациясын жазыңыз:
__________________________________________
2. қандай ион су молекулаларымен химиялық әрекеттеседі?
__________________________________________
3. цинк хлориді гидролизінің молекулалық теңдеуін жазыңыз.
__________________________________________
4. цинк хлориді гидролизінің иондық теңдеуін жазыңыз ____________________________________
5. ерітіндінің ортасы қандай?
__________________________________________......

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» БАСШЫЛЫҚ ҚАНЫМЫЗДА!!! 27.09.2021, 0
» Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: Білім саласында қандай жетістік бар 21.09.2021, 1
» Мамин: Білім мекемелерінде санитария нормаларының сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек 21.09.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы