Массалар центрі.Тепе-теңдік түрлері 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Массалар центрі.Тепе-теңдік түрлері 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика және гидростатика
Сабақ тақырыбы: Массалар центрі. Тепе-теңдік түрлері 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1- денелердің массалар центрін анытай білу;
Массалар центрі ұғымын енгізу;
10.13.2- Тпене-теңдік шартарын және оның түрлерін ажырату.
Таным объектісін талдай алу машығын дамыту,заңдылықты талдай,саралай білу.
[b]Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар:
Массалар центрінің тұжырымдамасын жасайды;
заңды өмірмен байланыстыра алады;
өз түсінігімен заңдылықтың қолдану аясын мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады;
есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады.
Жартысын көп оқушылар:
берілген оқу мақсатына (анимацияға,тапсырмаға т.б.)сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады.
Кейбір оқушылар:
Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды.

Сұрақ жауап арқылы сабаққа кіріспе жасау.

1.Презентатциядағы екі сурет бойынша сұрақ қойылады.
4-5 слайдтар бойынша жұмыс атқару.

2. Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі- статика.
Бұл сұрақтарды жалпы сыныпқа арнап қоюға болады немесе жеке топтарға тапсырма ретінде ұсынып өз ой-пікірлерін жеткізуге жағдай жасауға да болады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.
Оқушылар массалар центрі туралы видео роликті көру арқылы өз тұжырымдарын жасайды.
Массалар центрі, ауырлық центрі - дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте; қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте.
Массалар центрінің қозғалысы туралы теорема - жүйенің массалар центрінің қозғалысы, массасы жүйедегі барлық нүктелер массаларының қосындысына тең және жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің әсерінен қозғалатын материялық нүктенің қозғалысындай.
Механикалық жүйенің массаларының центрі - геометриялық нүкте, механикалық жүйені құрайтын барлық материялық нүктелердің массасын осы нүктелердін сол геометриялық нүкте арқылы өтетін радиус-векторларына кебейтіндісінің қосындысы нольге тең болатын.
Ауырлық центрі немесе Масса центрі - жүйені қозғалтқан кезде жүйенің барлық массасы жинақталған материалдық нүкте сияқты қозғалатын механикалық жүйедегі массаның таралуын сипаттайтын нүкте , қатты дененің кеңістіктегі кез келген қалпында оның бөлшектеріне тең әсерлі күшпен түсетін ауырлық күшінің геометриялық нүктесі; бұл нүкте кей жағдайда осы дененің ешбір нүктесімен сәйкес келмеуі мүмкін (мысалы, сақинада). Біртекті ауырлық өрісіндегі қатты дененің ауырлық центрі оның массалар центріне сәйкес келеді.

2. Оқушыларға өздеріне мысалдар келтіру ұсынылады.

3. Олар өз ойларын ортаға салады.

4. Практикалық жұмыс жасау (алдын ала дайындалған картон қағаздан кесілген денелердің массалар центрін анықтау )ұсынылады.Ол үшін штатив жіп,жүк,қарандаш,бекіткіштер ұсынылады.

5. Оқушылар өз нәтижелерімен бөліседі........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 648



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі