Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық. Айналу периоды және жиілігі. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық. Айналу периоды және жиілігі. Центрге тартқыш үдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық орын ауыстыру және жылдамдық. Айналу периоды және жиілігі. Центрге тартқыш үдеу.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.1.1.3 - қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау;
Сабақтың мақсаттары: Дененің қисық сызықты қозғалысын, яғни шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түсіну және сипаттау;

Сыныпты сабаққа ұйымдастыру.
Activity “Мақсатты анықтайық”.
Мұғалім бөлме ішінде орын ауыстыру жасап оқушыларға тақырып бойынша демонстрация көрсетеді. Демонстрация бойынша Оқушылар өздері сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені, бағалай критерийлерін айқындайды
Егер оқушылар тақырыптан ауытқыса, мұғалім көмектеседі. Сабақтың мақсаты жарияланады. Күтілетін нәтижелер айтылады.
(G) Оқушылармен талдау жасалады.
Оқушылардан шеңбер бойымен қозғалысқа мысалдар келтіруді сұрайды.
(W) Айналу периоды мен жиілігі, сызықтық және бұрыштық жылдамдық ұғымдарын енгізу.
(D) Жартылай сумен толтырылған шелекті алып, жіпке байлап және шелекті көлденең бағытта шеңбер бойынша айналдыра алады. Айналу жылдамдығы шелектегі су қалатындай яғни төгілмейтіндей барынша жоғары болады! Нұсқа ретінде жіпке байланған дене көлденең бағытта шеңбер бойымен айналдырылуы мүмкін.
Екі жағдайда да жіп қатты байланғандығына көз жеткіземіз және бұл сумен тәжірибені сыныптан тыс жерде орындатуға болады. Оқу ресурстары қажетті құралдарды қамтиды

Қисық сызықты қозғалыс
Теориялық түсініктеме

Тақырыптың екінші бөлімі бойынша:

Мұғалім жіп және жүкпен (оқу ресустарын қараңыз) көрсетілімді жүргізе алады және v = 2πr/T теңдеуін пайдаланып, м/с алынған жүктің айналу жылдамдығын анықтай алады, мұндағы Т айналу периоды.

(G) Оқушылармен талдау жасалады.
Оқушылардан дөңгелек орбита бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу туралы болжамдарын сұраңыз.
Жылдамдық пен үдеудің бағытының өзгерісін көрсету үшін модельдеу немесе видеоролик пайдаланылады.
Центрден тартқыш үдеу бойынша видео:

Ескерту:
Оқушылар дененің сызықтық жылдамдығы тұрақты болатындығын тек дененің қозғалыс бағыты өзгерген кезде өзгеретіндігін түсінулері тиіс.
Векторлық жылдамдықтың өзгеруіне байланысты дене үдей қозғала бастайды және осы үдеу әрқашан қозғалыс центріне бағытталған.
(G) Осыған байланысты оқушыларға шеңбер бойымен қозғалған денені қарастыруда жетелеу сұрақтары қойылады.
1. Дене шеңбер бойымен қозғалғанда оның жылдамдығы өзгереді ме? Жауабынды түсіндір
2. Дененің қозғалыс бағыты өзгергенде сызықтық жылдамдық бағыты өзгеретіндігін сипаттаңыз.
3. Векторлық жылдамдың өзгеруі дене қозғалысына әсері болады ма? Қандай әсер болады?
4. Пайда болған үдеу әрқашан қалай қарай бағытталады?
(I f) Оқушылар центрге тартқыш күшті анықтауға арналған есептерді шығарады.
Қалыптастырушы бағалау «Қисық сызықты қозғалыс»........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 768



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі