Отқа оранған жүрек

 Отқа оранған жүрек

Махаббат!!!... Әй, студенттік ғұмыр десеңші. Өмір туралы өзіңше сыр шерткің келіп, көңіл туралы күнделікке талай-талай сөз қалдырасың. Көктемнің жайма шуақты күндері, құстардың салып жатқан әндері, ғашықтардың бір ауыз сөздері, бақыт жайлы әр адамның түсініктері, күнделіктің әр бетінен табылып жатады. Менің бүгін күнделігімде Салтанат деген досымның (жігіттің аты) Салтанат атты аруға ағынан жарылып, өз сезімін – махаббат майданының нағыз қаһарманы ретінде көрсетуі болып отыр. Сүйгеніне сүрінбей жетудің жалғыз жолы осы болса керек. Оқиға былай өрбіген: 8 наурыз мейрамы таяп қалған кез еді. Салтанат досымның өзі аттас аруға өліп-өшіп ғашық болып жүргеніне бір жылдай уақыт толған. Бес жүзден астам қыз-жігіттердің ордасы болған жатақхана ендігі кезекте бір ғана нәрсені күтіп тұр еді. Таң сібірлеп атқаннан Салтанаттан ес кете бастады. 32-автобусқа мініп алып, көк базардың қақ төрінен бүгінге керек тілек қағаздары мен раушан гүлдерді, қызыл түсті шарлар мен әп-әдемі жүзік сатып алып келді. ­ Кешкісін айтатын сөздерін қайталап, тағы да бір дайындық өткізіп жатты. Тірліктің қалғанын жігіттер жағы қатырып қойды. Ендігі кезек, күту ғана... Көптен күткен кеш те келді. Бүкіл әлем іштен тынып, жалғыз ғана тілекке құлақ қойып тұрғандай. Бүкіл әлем екі жастың махаббаты үшін тілек қылғандай. Жатақхананың артқы жағының жарықтарының бәрі сөніп, бүр үкімге бағынып тұр. Салтанат ұялы телефонын алып, сүйкімді қызды, өзі сүйетін қызды балконға шақырды. ...Сүйкімді қыз шықты. Салтанат асфальттың үстінде тұрған қалпы: -Саған ғашық, Менің жүрегім. Саған бақыт Менің тілерім. Қолыңды сұрасам, Не дер едің. «Иә»-деп қуантсаң, Аспаныма көтеремін, Басылады шөлдегенім. -деп тебірене қарап қалған. Жігіттердің сын сағаты. Олар бір демде, Салтанат тұрған жерде, жіп-жіңішке әріптерге толы қалың от, ортасында жүрегі бар «Мен сені сүйемін!» деген жазуды жасады. Салтанаттың өзі де жүрек пішіндегі оттың ортасында қалып кете берді. Сүйкімді қыз әлі қарап тұр. Не дерін білмейді. Бүкіл жатақхана тұрғындары терезеден «Иә!» -деп қосыла айғайлап жатыр. Керемет үнсіздік... Осы кезде қыздың жоғары жағынан бір шоқ раушан гүлі алдына келді. Қолына ұстап, қарап қалған. Гүлдің жоғары этаждың балконынан түскені қыз баласын ерекше қуанышқа бөлеп тұр. Таңғалғанын жасырар емес. ...Ол сүйікті қызды, өзі аттас қызды өз қасына шақырды. Қыз да келіп жүректің ішіне енді. Жігітке үздігіп қарап қалған. Жігіт те бір ғана сөзді күтіп тұр. Уақыт тоқтаған, демі ішінде. Тыныштықты бұзғысы келмеген қалпында, жүрегі толқып барып Салтанат: -«Иә»-деді. Осы емес пе күткені?! Ағыл-тегіл қуаныш, жігіттердің ысқырығы, у да шудан құлақ тұнып кеткен. Осы бір-ақ ауыз сөздің құдіретінде қаншама үміт, арман - тілектер жалғасып жатыр десеңізші. Ауада ілініп тұрған сезім нотасын бұзып алғысы келмегендей, Салтанат қалтасынан жүзікті алып, қыздың қолына салды. Бәрі де ғажап...Көктемдегі махаббат... Қыз бен жігіт...Романтика.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Акбаян Болысбекова
    1 + 2 -
    Қай жерінде отқа оранған жігіт ? Жай ғана сезім білдірген болды ғой ( Тақырыбы "айқайлап" тұрғанға қызық па десем