Бала махаббат

 Бала махаббат

8 наурыз кезіндегі қызықты оқиғалар жетіп артылады. Соның бірі, балалық шақтағы, мектептегі алғаусыз ақкөңілмен, еркелікпен болған сәттер. Мектепте оқып жүргенде менің Айдар деген досым болатын. Адам баласымен араласпай жүретін сол жігіт менімен ғана сөйлесуші еді. Күлдірем деп жылатып, жылатам деп күлдіріп алатын сәттері көп болатын...

...Айдар азаннан бері алаңсыз күйде. Себеп – бүгін 8 наурыз. Қайтерін білмей әбден басы қатып жүр. Оның үстіне кейінгі кездегі өз басының кей жағдайлары біраз әуреге түсірген. Солармен арпалыса жүріп, мерекенің де келгенін байқамапты. Әрі-сәрі сенделген күйде жүріп, кешті батырды. Түн. Қара түнек көмкерген аспанда әр жер-әр жерден екі-үш қана жұлдыздың жылт еткені болмаса, ай сәулесінің жұлдыз құрлы да жарқылы көрінбейді. Айнала да меңіреу күйде. 60-70 шақты тамы бар әжептәуір ауыл болғанымен де бүгінгі мерекеден ешбір тіршілік байқалмайды. Айдар Алмажанмен күндегі кездесу орнында жүздеспек боп келіскен. Ілбіп-басып сол орынға қарай аяңдап келеді. Әдеттегідей Алмажан оны тосып тұр екен.

Айдар жақындай келе оның бетінен сүйді де, көңілсіздеу ғана: - Сәлем. Ал, мейрамыңмен! –деді баяу. - Сәле-е-ем, рақмет жаным! – деген Алмажанның ойында түк жоқ, әдеттегідей көңілді күйін сақтап тұр. Сонан соң аңғарды, Айдардың қабағы түсіңкі. - Жаным, саған не болды? – деді еркелей. - Жоға, еш... - Бірдеңенің болғаны анық. Айтсаңшы... - Жоқ дедім ғой. - Бір-бірімізден ештеңе жасырмаймыз деп келісіп ек қой... - Алма, шынымды айтсам... біз... - Иә??? - Біз... біздің... екеуміздің осымен кездеспегеніміз дұрыс болады. Мұнан былай бір-бірімізді танымаймыз. Бітті! – деді де Айдар келген жолымен тез-тез басып кете барды.

- Неге? Не үшін? – деген Алмажанның еңірей жылағанына да қараған жоқ. ...Ештеңенің де мәнісіне түсінбей, әбден жылаған күйі Алмажан көшеде келеді. Еңкілдеп жылап келеді. Бір мезет аяғының астындағы қызыл розаға көзі түсті. Алға бір қадам басты, тағы да қызыл роза. Алға қарай жүре басқан сайын қызыл роза аяғын шала берді. Жүре-жүре өз үйінің тұсына келгенде үлкен бумадағы қып-қызыл розаны құшқан күйі: - Алмашым! Сен шынымен де сеніп қалдың ба? Мен сені сүйемін! – деген Айдарға не деп жауап берерін білмеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады