Нурхат Жакиев

 Нурхат Жакиев

Нұрхат Жәкиев – физик ғалым

Нұрхат Қуандықұлы Жәкиев – физика бойынша PhD докторы, 2015 жылдан бері Назарбаев университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Бүтін санды сызықтық программалауды пайдаланып энергожүйенің компьютерлік модельдерін жасаған, онысы инвестициялық және операциялық сценарийлік талдау жасауға мүмкіндік береді. Зерттеулер ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ұлыбритания корольдік инженерлер қоғамының, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ғылыми зерттеулерге бөлген гранттары аясында жасалған.

Жұмыстардың нәтижесі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылды. Нәтижелер жоғары рейтингілі “Energy Procedia”, "Energy Conversion and Management" (Impact Factor: 5.589) және “The Energy” (Impact Factor: 4.520) журналдарында жарияланған. 15-тен аса ғылыми жарияланымдары, ЭЕМ-ге арналған программаларға 5 авторлық куәлігі және бір патенті бар.

Нұрхат Қуандықұлы Халықаралық Энергетика Қауымдастығы ұйымдастырған энергомоделистер форумында (Брюссель, 2018), Еуропалық Комиссия ұйымдастырған энергомодельдеу сарапшыларының сессиясында (Афины, 2016) баяндама жасаған. Ньютон-Әл Фараби серіктестік бағдарламасының семинарын ұйымдастырған (Астана, 2016). БҰҰ Шектемелі Конвенциясына климаттың өзгеруі туралы VII ҚР Ұлттық хабарламасы мен Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының өнеркәсіптік процестер бойынша ұлттық сарапшы ретінде парниктік газдар шығарылуын болжаудың екі жылдық баяндамасын дайындауға қатысқан. Халықаралық статистикалық сауаттылық қоғамының еліміздегі үйлестірушісі. Польша, Великобритания, Германия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өткен.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ғылым жөніндегі кеңесінің, Астана ұлттық зертханасының ақпараттық технологиялар облысындағы ғылыми-техникалық кеңесінің, Республикалық физика-техникалық қоғамның мүшесі. 2006-2011 жж. Батыс Қазақстан облысының жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі болған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді