Қарапайымдылардың морфологиялық сипаттамасы. Жасуша құрылысы эукариоттық, бактериялар мен саңырауқұлақтарға қарағанда морфологиялық және функциональді құрылымдары күрделі. Қарапайымдылардың сыртынан эластикалық және ригидті пелликула қоршайды. . Қарапайымдылардың бірнеше ядросы болуы мүмкін......
Дәнекерлеу процесін энергия мен заттың қайтымсыз өзгерістерімен байланысты екі негізгі физикалық құбылыс: энергияны басқарып, енгізу мен заттар қозғалысын анықтайды. Энергияны енгізу – дәнекерлеудің қажетті шарты болып, қосымша энергиясыз қосылысатын беттер активтелуі мүмкін емес. Енгізілетін энергияның түрі мен түзілім сипаты дәнекерлеудің процесінің түрін анықтайды. Затты енгізу тек балқытып дәнекерлеудің кейбір түрлері кезінде қажет болып, мұндағы энергияның бір бөлігін бұл жағдайда балқытылған материалға енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде жіктемесі негізгі физикалық, техникалық және технологиялық белгілер бойынша жүретін дәнекерлеу процестерінің 150-ден астам түрі бар. Жіктеудің негізгі белгілері болып дәнекерлік қосылысты алу үшін қолданылатын энергия түрі табылады. Осы белгілері бойынша барлық дәнекерлеу процестері мына үш кластық: терминалық, термомеханикалық немесе механикалық түрлердің біріне жатады. 1.1 Кесте Металдардың физикалық қасиетіне қарай дәнекерлеу әдісінің түрлері. Қысымсыз жалынды дәнекер (термиялық клас) Қысымды дәнекер Термомеханикалық клас Механикалық клас Доғалы Электрлішлакты Плазмалы Электронды-сәулелік Лазерлік Термитті Газды Контакталы Диффузионды Ұсталық Газдыпре р Жоғарғыжиілік Пешті Салқын Сырғымалы Ультрадыбыстық Жарылғышты Магнитті-импульсті 1.1 кестеге сай термиялық класс жылулық энергияларды: доғалық, электрошлактық, плазмалық, электронды-сәулелік, лазерлік және газды энергияларды пайдаланумен жүзеге асатын балқытып дәнекерлеудің барлық түрлерін қамтиды. Термомеханикалық класқа жанулық энергия мен қысымды пайдаланудағы дәнекерлеудің барлық түрлері бірігеді: контактылық, диффузиялық, ұсталық, газдыпрестік түрлері және т.б. механикалық класқа механикалық энергияны қолданумен жүзеге асатын қысыммен дәнекерлеудің барлық түрлері жатады: суық, үйкелістік, ультрадыбыстық және жарылыстық дәнекерлеу. ....
Дәрістің мазмұны – адамның тоққа түсіп қалу факторлары және тоқтың адамға әсері, электр қондырғыларының классификациясы келтірілген. Дәрістің мақсаты – тоққа түсіп қалудың қауіпті факторларын оқып үйрену, электр қауіпсіздігінің техникалық және ұйымдастыру шараларымен және де электр қауіпсіздігі дәрежелері бойынша жұмыс шарттарымен танысу.
1. Адам организміне электр тоғының әсер етуі.
Электр қауіпсіздігі – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі. Егер адаманың екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу – жанасу кернеуі деп аталады. Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биалогиялық және электролиттік әсер етеді. Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады. Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады. Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.....
Нерв жүйесінің қызметінің негізі – рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда боуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне бапйланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне – рефлекс аймағына – тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек – қан тамырлар рефлекстері болып бөлінеді. Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді. И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген. Рефлекторлы доға, оның бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды.Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады. 1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады. 2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды. 3. Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады. 4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға әкеледі. 5. Эффекторлар орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады. 6. Эффектордың рецепторлық құрылымы.жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлық өзгерістері пайда болады.Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады. 7. Эффектордың эфференттік жолы. Эфектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің эфференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады. ....
Модификация — генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта жағдайларының әсерінен болған ағза фенотипіндегі белгілердін өзгеруі. Өзгергіштіктің бұл типі тұқым қуаламайды. Бұл өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы зор, себебі ағза өзгерген ортаға сай бейімделетіндігі баршамызға белгілі. Модификацияның «ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік» деп аталатын категориясы болады. Н.И.Вавилов ұзаққа созылған модификацияның болу себептерін және оның типтерін зерттеуге көп көңіл бөлген. Ол ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік біртіндеп мутациялық өзгергіштікке айналуы мүмкін деген қорытынды жасады. Н.И.Вавиловтың осы пікірі көптеген ғалымдардың әр түрлі объектілерге жасаған тәжірибелері арқылы дәлелденді. Мысалы, қарапайымдарды, бунақденелілерді, дрозофила шыбынын және жоғары сатылы өсімдіктерді қолайсыз температурада, улы заттар, жоғары қанықпалы иондармен, т.б. әсер етіп өсіргенде, ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік алынған. ....
КІРІСПЕ Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б. Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық- ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.....
Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез келген халық мақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады. ММ-дер - халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай рухани қазынасы. Ел аузында «Ер қазынасы - ескі сөз, ел қазынасы - ескі сөз, тіл қазынасы — ескі сөз» деген мақал бар. Бұл мақал әшейін әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер (1;4 б.). ММ-дер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын алтын арқау; олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айрылған этникалық қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болшағы да жоқ (2;7 б.).....
Жедел жүрек жетіспеушілігі-полиэтиологиялық симптомокомплекс, миокардтық жиырылу қабілетінің бұзылу салдарынан дамиды. Нәтижесінде мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі төмендейді және венозды жүйеде, өкпелік қанайналымда қан жиналып (застой ) қалады. Өкпе ісігі-интерстициалды тінмен альволада сұйықтың жиналуы. Этиология және патогенез. Миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеу себебі: Миокард массасының төмендеуі оң және сол жүректің гемодинамикалық күші.....
Бүгінгі таңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау көкейтесті мәселелердің бірі. Бала интернатты мекемеде тәрбиеленген кезде, баланың құқығы бар тұрғын үйдің бөлігі жайдан-жай сатылып кетеді. Алайда оған тұрғын үйдің бөлігінің қандай да бір құны өтелмейді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «29» қарашадағы № 1271 қаулысымен Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі – органдар) қамтамасыз етедi. Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етедi. Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру кезінде олардың тұрғын үйін сақтауды балалардың заңды өкілдері қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан орган жалдаған тұрғын үй балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда болған кезеңде, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болғанда кәмелетке толғанға дейін сақталады. ....
Сократ - ұлы көне дана, - ойла европалық рационалистік және ағартушылық дәстүрлердің қайнар көздерінде тұрады. Оған адамгершілік философия тарихінде көрнекті орын және әдептанулар, логика мамандары жатады, диалектикаға, саяси және заңға сүйінген оқулардың. Ықпалын жасау, көрсетілген оларға адамдық тануы алға басуына, біздің күндерімізге дейін сезіледі. Жалпы оның атысы болды. Ол адамзат рухани мәдениетіне мәңгі-бақи кірді. Өмір салты Сократа, оның тағдырында өнегелі және саяси коллизиялар, философиямен шұғылдану әйгілі стиль, әскери айбын және ерлік, трагедиялық финал - легендарности тартатын сәуле жиегімен оның атысы қоршады. тағы өмір жанында даңқ, Сократ лайықтанды, бүтін замандар жеңіл уайымдаған және, померкнув емес, қалыңдық арқылы екінің мың жылдардың жартысымен біздің күндерімізге дейін жетті. Сократом қызыққан және елігу барлық уақытта. Ғасырға ғасырдан дәрісхана оны әңгімелесушілерді өзгерген, бірақ кемген жоқ. Және бүгін ол, сөзсіз, многолюднее, немен қашан анау болмады. Сократовской орталығында ойла - адам тақырып, өмір проблемалары және өлімдер, жақсылықтың және жауыздықтың, рақымшылдардың және пайғамбарлардың, құқықтар және міндетті, бостандықтар және жауаптылықтың, қоғамның. Және кеңес сократовскиесі - үлгі аларлық және беделді үлгі ананы, қалай хабардар болуға болады жиірек бұларды мәңгі өзекті сұрақтардың. Өзінені түсіну Сократуға айналдыру әрекетпен барлық уақытта болды және өзінікі уақыт. Және біз , біздің заманымыз өзгешесінде бәріне жанында және мақсаттардың жаңалығына, шығару емес. ....
Мезолит (б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар дәуірі)-орта тас ғасыр, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл кезең аз зерттелген. Бұл терминді 19 ғасырдың 70 жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М.Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9-5 мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б 10-7 мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл бұл дәуіріде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғарғы палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техниасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1-2 см ....
Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.(1-сурет) Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар (1-сурет) Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады. Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады. Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты. Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты. Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән. ....
Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік құқық қызметі тек мемлекетке ғана жатады. Рыноктық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорынмен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл рыноктық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерлікке бөлеміз. Кәсіпкерлік субъекті бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер (жеке тұлға) және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз. Неміс ғалымы әрі экономисі Иозеф Алоиз Шумпетердің ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге, жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады. Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.....
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясаты мен ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесіне байланысты. Қазіргі кезеңде кез келген ммемлекеттің экономикалық саясатындағы айқын және кезекті сәтсіздіктерден шығудың тиімді жолдарын жасауға, экономикалық реформалауңа үлкен мән берілуде. Экономикалық даму үшін құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық проблемелерды басақара білудің ықтимал проблемаларының тәжірибелік маңызы зор. Қазіргі таңдағы әлемдегі халықөаралық экономикалық қатынастар үшін мәселелердің көпшілік бөлігін бара-бара ұлттық құқықпен ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың нормаларын, қағидаларын институттарын қолдану арқылы немесе негізінен халықаралық құқықпен қарастыру орын алып келеді. «Мемлекеттің ішкі құзірет биліктерін тәуелсіздікті сналы, үйлестірілген күйде түрлі шектеулер деңгейде ақырындап беру- туралы сөз көп болып отыр, яғни бекітілген құқық нормаларында ұллтық аймақтық, блоктық мүдделермен қатар, тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастықтың мүдделері де көрініс табу керек». Халықаралық экономикалық қатынастар адамзаттың ғаламдық проблемелерын шешуде маңызды рөл атқарады. Олар елдер арасындағы экономикалық айналымды реттеу қажеттігіне байланысты пайда болады және саяси сипатқа ие. Мемлекеттер осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде өздерінің сыртқы саясатының мәселелерін шешеді, сыртқы экономикалық саясат оның бір бөлігі болып табылады. Экономикалық қатынастарды демократияландырудың объективті қажеттігі туындайды, ол халықаралық экономикалықө құқықтың көптеген күрделі проблемеларын шешуді қаматамсыз етеді. ....
Ертедегі заманда бір түлкі, бір құлан, бір сауысқан үшеуі дос болып, жолдас болады. Бір-біріне жамандық ойламасқа ант айтып, шарттасады. Сөйтіп жүргенде, бір күні құлан тұзаққа түсіп, шарқ ұрып, босана алмай, өлемін-ау деп қорқып, түлкі мен сауысқан достарына қарап «айла, лаждарың бар ма?» – деп, жалтақ-жалтақ қарап жылаған соң, түлкі тұзақты қимақ үшін құланның қасына таман келеді. «Осы құланның өлсе етін жейін, тұзақшы сойса, ішек-қарындарын тастайды ғой. Мұның достығынан маған.....
Міндеттеме ұғымы. Міндеттеме дегеніміз не біз ол терминге қалай жауап айта аламыз. Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-ші бабында: “Міндеттемеге сәйкес бір адам (яғни борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмысты орындау ақша төлеу және тағы басқа сияқты бедгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті ”-, деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме азаматттық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал талап ету мен міндеттеме – несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақтық құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда – талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда – міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі. Заңгерлер: талап етуді “міндеттемелік құқық”деп атайды.Бұл –“екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгеншежауапкершіліке шақыруға,яғни, талап етуге құқылы” деген сөз. Басқада азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменіңде өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар- субъект, мазмұн және объект.....
Қыша қағазы (горчичник) майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның әсері қышаның эфирлік майына (аллилизотиоцианат) байланысты. Қышаның құрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын жылы (400 С жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синингрин ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітркендіркендіргіш әсер көрсететін эфирлік майын түзеді.Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар невралгияларда, миалгияларда қолданылады.
Бізде осы уақытқа дейін қыша қағазы суық тиюмен нәтижелі құрал болып есептеледі, ол уақытта елдердің басым көпшілігінде қыша қағазы емдік мақсаттарда әлдеқашан қолданылмайды. Біріншіден, олардың қолдануының дұрыс күшті әсері өте салыстырмалы немесе еш байқалмайды. Екіншіден, қыша қағазы күйіктерді шақырады, сонымен қатар жергілікті және тыныс аллергориялық көріністер шақыруға бейім. Бірақ бізде әке - шешелерге балаға азғантай салқын тию көрінулері жанында оған қыша қағазын қою кеңестерін есту жиі кездеседі .Бұл кеңестердің дұрыс бұрысы әлі де анықталуда........
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады. Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-
Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік. ....
Қазақ халқының тарихы сонау көне дәірден басталады. Қазақстан жерінде X-XII ғасырларда ортағасырлық Отырар, Тараз, Сығанақ, Сұран т.б., көптеген қалалар туындап, мәдениет, ғылым және өнер орталықтары болды. Сол ғасырлардағы өзіне тән сәулеткерлік ескерткіштер – Қожа ахмет Яссауи, Бабаджи хатун, айша бибі, алалаш хан п.б. ғимаратар келесі ұрпақтар үшін-тарихи куәгерлер. Мұның өзі сол заманның экономикасы мен мәденитінің едәуір дамығандығының белгісі. Нарықтық экономикаға көшу-ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанымыздай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудан құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемдік тәжірибе ескере отырып, экономикалық дербес дамудың Жолдарын қарастыру міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр жері, оның еркше бой қазыналары, табиғи-экономикалық қолайлы жағдайлары бар. ....
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. ....
Тоқ ішектің анық кеңуімен көрінетін, оның эвакуаторлы жүйесінің бұзылуымен жүретін ауру. Іштің қатуымен және іштің ісуімен көрінеді. Гиршпрунг ауруы туа пайда болған патология болып табылады. Көбінесе желі жас балалармен және жас өспірімдерде кездеседі, үлкендерде сирек. Этиология және патогенез.Ауру тоқ ішектің вегативті нерв жүйесінің бұзылуының дамуымен кілегей астындағы жүйке өрімдерінің және бұлшықет аралық ганглионарлы клеткалардың жетілмеуінен немесе толық болмаунан байланысты. Патотологоанатомиялық көрінісі. Гистологиялық зертеулер кезінде тоқ ішектің кең бөліктерінде бір уақытта склерозбен бірге бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы анықталады және олардың байланысу ткандерінің орын ауысуы. Бұл ішек қабырғасының бірден қалыңдауына алып келеді. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Гиршпрунг ауруының негізгі симптомдары болып: іш қату, іштің желденуі және аурусынуы болып табылады. Іш қату табанды сипатта болады және бала туылған уақыттан бастап немесе ерте жас уақытта пайда болады. Іш қату ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Іш қатумен бірге көбінесе Гиршпрунг ауруының симптомы іштің желденуі болып табылады, кейде ол науқастың тыныс алуын қиындатады. Іштің желденуі клизма көмегімен ішекті тазаласа да қалып қояды. Іш қату салдарынан және іштің желдеуінен іштің барлық аймағының ауырсынуы пайда болады, ішекті тазалағаннан кейін жоғалуда. Науқаста әлсіздік, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі болады.Кейде іш қату іш өткумен ауысады, бірнеше күнге дейін созылады және қалжырауға алып келеді. Қарағанда үздіксіз метеоризм болуынан іштің үлкеюі айқындалады. Ішектің тұзағында желденген газбен пальпаторлы тығыз нәжіс массасын анықтайды. Тік ішке саусақпен тексергенде артқы өтудің тонус сфинктерінің күшеюі, артқы өтуде бос ампула анықталады. Ректороманоскопия кезінде тік ішете спазм көрінеді, ректоскоп өтуі қиын болады, содан ол кеңейген бөлігі бүлінеді. Тік ішектің бұл бөлігінде әрқашан нәжіс массасымен толған . Ирригоскопия диаметрі айрықша 10-15 см құрайтын, тоқ ішектің кеңейген аймағының созылуына және орналасуы, аймақтың тарылуын көрсетуге мүмкіндік береді.....
Сөз өзінің құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады. А. Ысқақов пен К. Ақанов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқараған сөз және сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырады. Тек А. Ысқақовтың ұсынған классификациясында күрделі сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады. Аталған ғалымдар еңбектерінен кейін, күрделі сөздерді классификациялаудың мынадай сара жолы салынды: сөз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөздер біріккен, қос, қысқарған және бөлек жазылған күрделі сөздер болып бөлінеді. Мұндағы әр түрлі терминге ие болып жүрген бөлек жазылатын күрделі сөздер. Мұны А. Ысқақов, Ә. Ахабаев тіркескен күрделі сөздер десе, Р. Сыздықова лексикаланған тіркес сөздер деп те атаған. Бүгінде ортан жілік, асықты жілік, кәрі жілік, жамбас жілік, т.б. тіркестілімділігі шектеулі сөздер деп те аталып жүр (1997). С. Исаев әуелде оларды атаулы тіркес (көр тышқан, жарыс сөз, Арал теңіз) деп атап фразеологиялық және еркін тіркестен бөліп қарау керектігін айтады. Кейін тіркесті түбір деген тың термин ұсынады (Исаев. ҚҚТ. Морфология курсы бойынша, А., 1991). Ал профессор М. Балақаев бұларды түйдекті тіркестер (бұларға күрделі етістік, күрделі есім, идиома, көмекші сөз бен негізгі сөздерді жатқызады) десе, (түйдекті тіркес деп соңғы кездері тек негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі алынып жүр (Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е.)) Бұл жерде басын ашып алатын бір мәселе бар. Жоғарыдағы терминдерді аталған авторлар бекер ұсынбайды. Синтаксистік сөз тіркесі шекарасынан шығып, құрама сөз ұясына ене алмай жүрген аралықтан сөздердің номинациялау, абстракциялану дәрежесі өте алуан түрлі. ....
Қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру эканомиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты, кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі эканомиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен эканомист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады. Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Асем-айдың» өндірістік шығын жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі. Курстық жұмыстың мақсаты Тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның өндірістік шығын жағдайының мәнін ашып көрсету, кәсіпорынның шығын жағдайын анықтаудың мүмкін болатын жолдарынның ақпараттық жүйесін құру болып табылады. Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім: • Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау; • ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебінің ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау; • ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау; ....
Актуальность данной работы. Модернизация общего образования требует переход от традиционной установки на формирование преимущественно «знаний, умений, навыков» к воспитанию качеств личности, необходимых для жизни в новых условиях открытого общества. К их числу можно отнести: ответственность, инициативность, самостоятельность, способность к рефлексии и др. Таким образом приоритетной целью образования становится в современной школе развитие личности, готовой к правильному взаимодействию с окружающим миром, к самообразованию и саморазвитию. Эта общая цель конкретизируется на каждом этапе обучения с учетом его своеобразия и самоценности. Для начального общего образования на данном этапе развития общества приоритетным является формирование учебной деятельности как желания и умения учиться, развитие познавательных интересов и готовности к обучению в основном звене. Эти показатели учебной деятельности постепенно приобретают характер важнейшей универсальной способности человека - потребности в самообразовании. Для достижения учебной самостоятельности, инициативности и ответственности младшего школьника особое значение имеет контрольно-оценочная самостоятельность ребенка, то есть умения самостоятельно контролировать и оценивать свою деятельность, устанавливать и устранять причины возникающих трудностей. Чтобы сформировать эти умения необходимо внести существенные изменения в контрольно-оценочную деятельность, пересмотреть ее цели. ....
Ғалымдар жердің жасы 4,5—7 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілғен жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады. Жер бетіндегі тіршіліктің даму әрекеті геохронологиялық кестеде көрсетілген. Архей заманы — жер қыртысының тарихындағы көне заман, Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың — бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, амиактың, судың мөлшері азайып, көміртегі (VI) оксиді мен оттегінің мөлшері артқан. Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі. Олар; 1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті. 2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ағзаларды екіге: автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді. 3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенді, ортаның жана жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер қалыптасты.....
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі күн түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуан дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақұйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді. Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары торањѓы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. ....
Жеңіс Омаров (Zheka Fatbelly ) – қазақстандық блоггер, актер, рэпер және ресторатор. Өмірбаян Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған. № 24 орта мектепте, одан кейін Төле би атындағы № 8 гимназияда оқыды. Кейін Алматыға көшіп келді. Біраз уақыт КВН командасында ойнады. Алматыда Менеджмент университетінде оқыды. Жеңіс Instagram-дағы өз вайндар арқасында танымал болды, қазіргі уақытта оның парақшасында 1,9 миллионнан астам жазылушылар бар.Қазақстанның ең танымал блогерлерінің қатарына кіреді. 2016 жылдан бастап ол фильмдерде түсе бастады. Ол «Алаңдар» (2016, реж. Ақан Сатаев), «Наурыз» (2017, реж. Асқар Бисембин), «Ақылды әйелдер күнделігі» (2019, реж. Эдил Амандық), «Q-Jeri» (2019) фильмдерінде ойнаған. 2018 жылдан бастап ол бірнеше рэп және хип-хоп әндерін жазды: «F. A. T.», «Будь со мной», «Раздевайся», «Вкусная», «Повелась», «Гетеросексуал», «Супруга и супруг», «Не найду», «Магия».....