22 наурыз бата беру. 22-наурызға бата, тілек наурыз мейрамы
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Барыс-келіс көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонып, дастарқаның мол болсын!
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!
Бата берерде әркім «Иә, құдайым», «Иә, Алла», «Иә, жаратқан» секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.
Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!
Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік....
Отбасының ұйытқысы,
Қайын атаң мен қайын енең.
Сыйлап жүрсең оларды,
Кем болмайсың ешкімнен.
Қайын енеңді күт келін,
Бағады ол балаңды.
Енеңнің күші....
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!
Бата беру — Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады. Батаның түрлері — Баталардың түрлері
Бата қай кезде және кімге қарата айтылып тұрғанына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар — жарапазан батасы, серттесу батасы, жол батасы, жаңа ай батасы, теріс бата, соғым батасы, көші-қон батасы, жас отау иелеріне арналған бата және өлім шыққан үйде айтылатын бата және т.б.
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.
Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен....
Талдай бой берсін,
Сұңғыл ой берсін,
Жаздай жамал берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ....