Электромагниттік толқын шкаласы. Электромагниттік толқын құрылымы. Электромагниттік толқындарды қолдану мысалдары. Радиотолқындар. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Тербеліс-тер және толқындар | Мектеп: НЗМ Орал қ. | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны:10 Қатыспағандар саны: 0 |
| ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электромагниттік толқын шкаласы. Электромагниттік толқын құрылымы. Электромагниттік толқындарды қолдану мысалдары. Радиотолқындар. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; 9.4.4.3 электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру; 9.4.4.4- шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Электромагниттік толқындардың қасиеті, таралуы, қолданылуы және тарау бойынша негізгі заңдылықтарды оқып үйрену. | |||||||||||
Жетістік критерийлері | Электромагниттік толқын шкаласына талдау жасай біледі. Электромагниттік толқындарға мысалдар келтіріп сипаттай алады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Арнайы пәндік лексика және терминология: Механикалық тербеліс, период, жиілік, амплитуда, толқындық қозғалыс, көлденең толқын, бойлық толқын, толқын ұзындығы, толқын жылдамдығы, электромагниттік толқындар, радиотолқындар. Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды. | |||||||||||
Құндылықтарды арыту
| Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді. Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады. Академиялық адалдық | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | география | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тапсырмалар орындау | |||||||||||
Бастапқы білім | Тербелістер.Толқындар. Қума және көлденең толқындар. Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқынның жылдамдығы | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин | Ұйымдастыру моменті Үй тапсырмасы тексеру.
| |||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин 10 минут 15 минут 15 минут | (W) Толқын ұзындығының ретімен электромагниттік спектрдің элементтерін көрсету үшін диаграмма сызу немесе дайын диаграмманы пайдалану. Әрбір элементті кезекпен-кезек демонстрациялау және олардың қасиеттері мен қолданылуын тұжырымдау. (G) немесе (W) Оқушылардан ЭМ спектрінің бір элементін зерттеп және ол туралы ақпаратты сыныпқа ұсынуды сұраңыздар. Әрбір топ берілгендер кестесін, жұмыс парағын және практикалық демонстрацияны немесе электромагниттік толқындар туралы Интернеттен алынған видео-баяндар жасай алады. (W) Электромагниттік толқындардың рөлін сипаттау: радио және телевизиялық байланыс (радио толқындар) Спутниктік теледидар және телефондар (микро толқындар) Электрлік аспаптар, теледидарлар және күзет сигнализациясы үшін қашықтан (дистанционды) басқару пульті (инфрақызыл сәулелену) Көрінерлік жарықтың, оның құраушы түстерінің дисперсиясы. Оптикалық талшық(көрінерлік жарық) УК жарық – қауіпсіз қондырғы ретінде. Флуоресценті материалдарды сканерлеу (ультрафиолет) ЭМТ радиологиялық және инженерлік қолдану және қауіпсіздік (рентген сәулелері) ЭМТ медицинада қолдану, әсіресе, ісік ауруларын емдеуде (гамма-сәулелер) (W) Микротолқындарды және рентген сәулелерін қолданудың қауіпсіздігіне байланысты сұрақтарды талқылау. (I) Оқушылардан балаға мобильді телефонды пайдалануға рұқсат бергенде мүмкін болатын қауіпсіздік туралы баяндама жасауды сұраңыздар. (I) Оқушылардан күннін әсерінен туындайтын қауіпсіздікке байланысты ескертпе қартаны жасауды ұзыныңыздар. | Электромагниттік толқындар шкаласы: http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10896-ehlektromagnittik_tolqyndarynyng_shkalasy https://twig-bilim.kz/mindmap/#1487/em-spectrum/ Радио және теледидар http://phet.colorado.edu/en/simulation/radio-waves Микротолқынды пештер (попкорн немесе жай ыстық су) (СВЧ генераторы)3 см толқындық таратқыш және қабылдағыш; қоректендіру жүйесі; шағылдырғыш Мобилдік телефондар http://phet.colorado.edu/en/simulation/microwaves ИҚ қыздырғыштар–оқушылар қыздырғыштан алынған энергияны сезе алады. http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/red-hot-heater-and-curved-mirrors ИҚ камера ИҚ датчик | ||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут 3 минут | Сабақ соңында оқушылар стикерлер арқылы рефлексия жүргізеді Стикерлерге оқушылар сабақ бойынша ойларын бөліседі Үй тапсырмасын беру: §36, 37 Б.М.;Р. Башарұлы«физика және астраномия», 9-сынып. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды. | ||||||||||
Оқушыларға берілетін тақырып бойынша бағыт бағдар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып олардың ойлау және іс-әрекетін арттыру. Қосымша ресурстармен көбірек жұмыстандыру. | Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және және жеке сұрақтарға жауап беру дағдысы қарастырылады. | Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау Тәжірибе жасамас бұрын үстел үстін артық құралдардан тазарту. Берілген құрал жабдықтарға жауапкершілікпен қарау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: оқушылар топпен жұмыстана білді. 2: өз ойларын ашық айта білді және бір-бірін дұрыс бағалады. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: басқа оқыту ресурстарын көбірек қолдану Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сабақта тереңдетілген дидактикалық тапсырмаларды көбірек қолдану. | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру