Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу | Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөн Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы | ||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 9.3.2.2 үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады; 9.3.2.3 үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады. | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||
Жетістік критериі
| -үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады; - үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді; Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||||||||||||
Негізгі дағдылар | Сыни және креативті ойлау дағдылары Осы сабақта сыни және креативті ойлауды оқушыларға толық әрекет ету бостандығына ие болу арқылы дамыта алады. Оқушыларға көмек сұрауға таңдау еркіндігі беріледі - мұғалім - сыныптастар, - мәселені өз бетінше шешу. АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, Интернет ресурстар | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | *Академиялық шыншылдық, толеранттылық *Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму,әлеуметтік әділеттілік және теңдік *Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау *Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, геометрия | ||||||||||||||||
Бастапқы білім
| үшбұрыштар, аудан; тікбұрышты үшбұрышты шешу; косинустар/синустар теоремалары | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет. | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | I Ұйымдастыру кезеңі Өзара сәлемдесу. Еске түсіру: жалпыланған синустар және косинустар теоремасын және қандай фигураларды тепе-тең деп атайды. Сабақтың мақсатын және тақырыбын айқындау
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин
5 мин 5 мин 12 мин | I Практикалық жұптық жұмыс а) Оқушылар жұпта практикалық тапсырманы орындап, формуласын қорытып щығаруына болады. 1) Үшбұрышты оған іштей сызылған шеңбердің радиустары арқылы өтетін сызықтар бойымен кесіңіз, содан соң әр бөлігін пунктир сызықтар бойынша кесіңіз. 2) бірдей түспен боялған үшбұрыштардан тіктөртбұрыштар құрастырыңыз, олардың бір қабырғасы іштей сызылған шеңбердің радиусына тең. 3) шыққан тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз. Тіктөртбұрыштардың ауданы мен берілген үшбұрыштың ауданын салыстырыңыз. 4) қорытындылап кез келген үшбұрыштың ауданының формуласын жазыңыз. Формуладан іштей сызылған шеңбердің радиусын анықтаңыз . Алынған нәтижені талқылап, тақтаға формулаларды жазып қойыңыз. Жұппен жұмыс. Әр жұп кез келген үшбұрыштың ауданы жарты периметрдің іштей сызылған шеңбердің радиусының көбейтіндісіне тең болатынын дәлелдесін . GeoGebra бағдарламасы көмегімен формуланың дұрыстығын тексеруді ұсыныңыз. Формулалардың дәлелдеуін бүкіл сыныппен талқылауға немесе топтық жұмыс арқылы меңгертуге болады. Тікбұрышты үшбұрыш үшін , , онда , мұндағы a мен b - үшбұрыш катеттері, ал c - гипотенуза. Тікбұрышты үшбұрыш үшін формуласын оқушылардың өздеріне қорытып шығаруға ұсынуға болады. б) Теореманың дәлелдеуін қарастырмас бұрын үшбұрыштың ауданының белгілі формулаларын қайталаңыздар.
Топтық жұмыс. Әр топ кез келген үшбұрыштың ауданын , мұнда үшбұрыш қабырғалары, ал АВС үшбұрышының радиусы, формуласы арқылы табуға болатынын дәлелдесін. Дәлелдеу үшін әр топқа келесі нұсқаулықты беруіңізге болады: 1) үшбұрыштың ауданы формуласын оның екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш арқылы жазыңыз . 2) сырттай сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш қабырғасы мен қарсы жатқан бұрыштың синусына тәулділік формуласын қайталаңыз . Формуладан бұрыштың синусын анықтаңыз . 3) аудан формуласына синустың мәнін қойып, қажетті формуланы түрлендіріп шығарыңыз. Есептер шығару 1. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы – ке тең. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз. 2. Сырттай сызылған шеңбердің радиусы , ал қарсы жатқан бұрыш 600 -қа тең болатын үшбұрыштың қабырғасын табыңыз. 3. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 12см-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз. 4. АВ= болатын АВС үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз 5. Үшбұрыштың ұзындығы м болатын қабырғасымен іргелес бұрыштары және . Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын анықтаңыз. 6. Тең қабырғалы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 2см-ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңыз. 7. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 6 см және 8 см-ге тең. Оны сырттай және іштей салынған шеңбердің радиустарын табыңыз. 8. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 12 см, ал бүйір қабырғасы 10 см. Үшбұрышқа іштей сызылған дөңгелектің ауданын табыңыз. | https://ankolpakov.ru/teorema-sinusov/ http://festival.1september.ru/articles/419906/ http://festival.1september.ru/articles/596417/ http://portal.kazntu.kz/files/publicate/2015-09-29-1583_0.pdf Геометрия, 9 сынып, Ә.Н.Шыныбеков, Алматы: «Атамұра», 2005 ж., 224 бет | |||||||||||||||
5 мин | Рефлексия:
Үй тапсырмасы: 1. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 6 см, табанына түсірілген биіктік 4 см. Сырттай сызылған шеңбердің ауданын табыңыз. 2. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 40 см және 42 см-ге тең. Сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарын табыңыз. | ||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау оқушылардың Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | ||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау оқушылардың Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру