Жергілікті жердің ауа райы. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
| Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
7-тарау: «Қоршаған орта» Мерзімі: 4 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Жергілікті жердің ауа райы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2 Климат және ауа-райы 2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау | ||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар ауа райына бақылау жүргізуді біледі; ауа райын бақылаудың қажеттігін түсінеді, адам өмірі мен шаруашылыққа әсерін анықтайды. | ||||||
Бағалау критерийлері | Ауа райына бақылау жүргізуді біледі; | ||||||
Тілдік мақсаттар
|
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойында жергілікті жердің ауа райын анықтау,болжау арқылы жаһандық азаматтық, өмір бойы білім алу, ынтымақтастық сияқты құндылықтарды дарыту. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар АКТ, ғылымға кіріспе, математика, бейнелеу өнері пәндерімен байланыс орнайды. | ||||||
АКТ | Оқушылар ауа райын болжау туралы суреттер мен видеолар ,«Жел мен күн» атты ертегі тамашалайды. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бізді қоршаған орта тақырыбы бойынша мәліметтер қарастырылды. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық дайындық Мақсаты:сыныпта жайлы ахуал орнату. (МК,Ұ,Т)«Пазлдар» ойыны Мақсаты:Ойын арқылы топтарды анықтау. Оқушылардың әр жұбына жылдың әр түрлі мезгілі бейнеленген фотосуреттер бөлінген бөлігі таратылады. Мозайканы жинаған соң қай мезгіл екендігін атау қажеттілігі ескертіледі. Осылайша төрт мезгілдің атауымен төрт топ құрылады. (МК,Ұ) Күнделікті ауа райы туралы бейнеролик тамашалау. Мақсаты: Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың тақырыбын ашу. Мақсатын хабарлау, критерийлерді құру. | ||||||
Сабақ ортасы 30 минут
| (Ұ) Бұдан кейін оқушыларға көзілдірік, қолғап, су етік, қолшатыр салынған суреттер ұсынылады. Бұл құралдарды қай уақытта пайдаланатындарын сұрау.
Ауа райы және көңіл күй. Үнтаспадан «У природы нет плохой погоды» әнін тыңдату. (Ұ, ОТ, Т)Оқулықпен жұмыс Бұл тапсырма арқылы ауа райын бақылау арқылы оны түсіндіре алуға үйренеді. Оқушыларға сюжетті суретті қарап, ондағы сұрақтарға жауап берулерін сұрау. Оқушылар топ ішінде суреттегі ауа райының немен айшықталатынын топ ішінде талқылайды. Оқушылардың жауаптары тақтаға жазылып тұрады. Оқушылар өз беттерімен оқулықта берілген мәтінді оқып шығады. (Ө,Қ)Карточкамен өздік жұмыс Мақсаты:Ауа райының шартты белгілерін меңгерту. Ауа райының негізгі көрсеткіштерінің белгілерін толықтыру сұралады. (Т) Топпен жұмыс. Оқушыларға топта ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық үшін маңызы жайлы әңгімелесуді ұсыну.
*ауа райы болжамы.сөздерін талқылау. Топтар талқылап болған соң, кей-бір сөздер түсіндіріледі. (МК,Ұ)Сабақтың қорытындысы ретінде «Күн мен жел» ертегісі тыңдалынады. | Сұрақтар Караоке ән https://www.youtube.com/results?search Ауа райы туралы» бейнеролик Ушинский К.Д. «Күн мен жел» ертегісі | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. -Не жайлы білдік? -Сабақ барысында не қиын болды? -Не оңайға түсті? Өзін бағалау «Жетістік ағашы» оқушылар ағашқа өз жетістіктеріне сәйкес жасыл,сары,қызыл жапырақтарды жабыстырады. | Қима сөздер, суреттер | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. | Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, тапсырма барысында шартты белгілер арқылы суық және жылы ауа райын дұрыс жаза білулері, дұрыс қорытынды жасай алулары бағалнады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру