Жай және күрделі эфирлер


Алматы облысы,
Райымбек ауданы, Ақсай орта мектебінің
химия биология пәні мұғалімі Сейфолдаева Бибігүл

Тақырыбы: Жай және күрделі эфирлер
Жалпы мақсаты: Оқушылар өткен тақырыптарда кездескен жай және күрделі эфирлер туралы ұғымдарын тереңдете отырып, құрамы, құрылысы, атаулары, изомерлері, қасиеттерін оқып үйренеді. Қолданылуын өмірмен байланыстыра отырып, практикалық маңызын түсіну. Өздік жұмыстары арқылы өзіндік оқып үйрену, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

1 кезең. Қызығушылығын ояту
1 «Даналық ағашы»
2 кезең. Мағынаны тану.
«Миға шабуыл»
Презентация.
3 кезең. «Ой толғаныс»
топтық жұмыс «Аялдама»
« Бас қатырғылар» базары
Қорытындылау. Критериалды бағалау.
Рефлексия « Білім ағашы»
Сабақта қолданылған материалдар АКТ. Оқулық, презентация, салыстыру кестелері,»Даналық ағашы», «Білім ағашы», бағалау парақшалары. Смайликтер. Стикерлер. А - 4 маркерлер.
Оқыту әдістері: Интербелсенді оқыту әдіс - тәсілдері. Жұптық, топтық жұмыс. Критериалды бағалау. АКТ
Дерек көздері АКТ, оқулық, химиядан тапсырмалар жинағы. 11 сынып
Оқуға арналған тапсырмалар 10. 1 - 2 қайталау №6 есеп. Майлар, сабын туралы қосымша деректер жинақтап келу.

Топты қарсы алу Сергіту сәті Сәлеметсіздер ме. балалар! Бүгінгі сабағымызды танысудан бастайық. «Мен......»деген сөзге өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді қосып айтайық

Қызығушылықтарын ояту.
1 тапсырма Оқушыларды топқа бөлу 3 мин
Мұғалім: жасыл, қызыл, сары түстер арқылы 3 топқа бөлінейік. Шағын топтарда топ ережесін құру. Әр топтың«Мінсіз бақылаушыны» сайлайық. Бағалау парақтарын тарату

2 тапсырма Білімдерін жан - жақты тексеру. 8 мин
« Даналық ағашында» өткен « Бір негізді қанықпаған қышқылдар» туралы сұрақтар ілінген. Төменнен жоғары қарай сұрақтар күрделене бастайды. 3 деңгейдің де сұрағына жауап берген, жоғары ұпай жинаған оқушы ағаш ұшындағы « Білім кілтін» ала алады.
Сұрақтар:
1 деңгей сұрақтары:3 ұпайдан
1. Карбон қышқылдары деп қандай қосылыстарды айтамыз? Табиғатта таралуы туралы не білесің?
3 ұпай
Жауабы: молекула құрамында бір немесе бірнеше сутек атомдары карбоксил тобына – СООН алмасқан көмірсутектердің туындылары. Табиғатта кең таралған Құмырсқа қышқылы - құмырсқада, қалақайда, сірке қышқылы - адам организмінде тәулігіне 400 гр түзіледі, зат алмасуға қатысады. Сол сияқты майда, малдың сүтінде, өсімдіктердің тамырында болады.
2. Карбон қышқылдары қалай жіктеледі? Негізділігіне байланысты нешеге жіктейміз?
Жауабы. Қаныққан, қанықпаған, ароматты. Негізділігіне байланысты бір негізді, көп негізді
3. Қанықпаған карбон қышқылдары қандай қосылыстар? Жалпы формуласын ата.

Толық нұсқасын жүктеу


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу