Диета құрысын қарным ашты
Диета ұстағалы, қарныңыз ашып, ашуыңыз келіп жүр ме? Бұл ағзаның аштыққа қарсы жауабы. Сондықтан қатаң диетаға бірден отырмай, өзгерістерді біртіндеп енгізіңіз.
Тәттіні сүйіп жейсіз бе? Ендеше мынандай ереже ұстаныңыз. Тәттіні тек 13.00-ге дейін жеп үлгеріңіз. Әрине аш қарынға емес. Ми жұмысы белсенді болатын осы уақытта желінген тәтті артық салмаққа емес, миға отынға айналады. Тәтті ретінде қара шоколад таңдасаңыз болады.
Асқа отырмас бұрын, 15 минут қалғанда бір стақан таза су ішу - күнделікті ережеге айналсын. Осылайша ас қорыту жүйеңіздің жұмысы тезірек қосылып, тамаққа тезірек тоясыз. Сондай-ақ жұмыстағы шәй, кофелерді еш тіскебасарларсыз ішіп үйреніңіз.
Таңғы асқа ерекше көңіл бөліңіз. Мінсіз таңғы ас - ботқа. Оған қанттың орнына бал, кептірілген жемістер қосыңыз. Ботқадағы көмірсулар ағзаңызға энергия тасымалдаушы.
Тағамыңыздың үлесін азайтыңыз. Күніне 5 рет кішкентай тәрелкеден тамақтаныңыз. Арасында тіскебасарлардан бас тартыңыз, не орнына жеміс-жидектер жеуді әдетке айналдырыңыз. Ауыр тағам түрлерін тек түскі асқа қабылдап, жалпы ішетін асыңызға үлкен көңіл бөліңіз. Майлы, қуырылған тағамдарға "жоқ" деп, буға пісірілген көкөністерді жеп үйреніңіз.
Көкөніс пен сүт тағамдары күнделікті рационыңызда болуға тиіс. Сүзбе, ірімшік, йогурттардың арасынан аз майлысын таңдап жеңіз. Айран да күнделікті сусындар қатарынан табылатын болсын.
Үйіңізде ылғи торт, тәтті бәліштер, кәмпиттер бола ма? Ендеше оған қоса тоңазытқышыңызда әр уақыт жемістер болсын. Тәтті жегіңіз келіп қалса, кәмпиттерден гөрі жемісті таңдаңыз.
Диета ағзаны ғана емес, жүйкені де азаптайды. Диета кезінде ашу үстінде жиі болатындығыңызды ұмытпаңыз. Аш қарынмен маңызды кездесулерге бармаған жөн. Стресс кезінде артық тамақ жеп қою ғажап емес.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?