Экономика | Өнім сапасы

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру

Шаруашылық үдерістері жадықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тауарларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.
Курстық жұмыстың мақсаты еңбекті және ақы төлеуді есепке алуды ұйымдастыруды зерттеу.
Тауарлық-материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтар, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазылар жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, ай және жылы, мекен жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

Өндірілген тауарды тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады: өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдар арқылы. Тауарды тікелей өткізу әрқашан да тиімді емес, сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен, тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналарды қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құруға байсалды, байыпты қарауға тиіс.
Өгкізу - өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда: өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.
Өткізу арнасына қатысушылардың міңдетті қызмет аясы (5):
1. Ақпараттық-маркетингтік зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.
2. Коммуникациялық-жарнамалық ақпаратты жасау жәнетарату.
3. Тауарларды бейімдеу - тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау).
4. Байланыстарды орнату - мүмкін болатын сатып алу-шылармен байланысты орнату және қолдап отыру.
5. Келіссөздер жүргізу - тауар меншігін иемденуге беру әрекетін жүзеге асыру үшін бағаны және басқа да шарттар туралы келіссөздер жүргізу.
6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру - тауарды тасымалдау және қоймаға қою.
7. Қаржыландыру - арнаның қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.
8. Тәуекелге бару - өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.
9. Төлем жасау - тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.
Ю.Меншік құқығын табыстау - тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.
Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп атайды.
Өткізу арнасы - ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Маркетингтік әдебиеттерде кездесетін тарату арналары, тауар қозғалысының арналары, өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминдердің мағынасы бірдей.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Өсімдік пероксидаза ферментіне сипаттама

Фузариоз проблемасы ауылшаруашылық өсімдіктері үшін өте маңызды болып саналады. Бұл проблема глобалдық мағынаға ие болған.
Осы ауруды топырақ саңырауқұлағы (F. solani және F. roseum) туғызады. Олар әр түрлі топырақта кездесетін, спора түрінде көптеген жылдар бойы сақталады. Ең көп таралған және қатерлі болып Fusarium solani саңырауқұлағын айтуға болады. Инфекция споралары бар топырақ бөліктерімен жұғады. Бұл ауру қыстық - көктемдік кезеңдегі картоп шығынының негізгі себебі болып саналады. Осы ауру әсерінен сақтау кезеңінде шығын 20% дейін жетеді. Фузариоздық аурудың зияндық әсері түйіндер шығынымен ғана емес, инфекцияланған түйіндерді себу кезінде өсімдіктердің өсуі тежеліп, ал ол өз кезегінде түсімнің азаюына себеп болады. Ал инфекцияланған түйіндердің кейбіреулері өспей, шықпай қалады. Ол ауылшаруашылығына өте көп шығын алып келеді.
Осы мәселені шешудің бір көзі - ол Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтардың әсеріне төтеп бере алатын өсімдіктердің метаболизмін зерттеу болып отыр. Соған байланысты көптеген ғалымдар осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Қазіргі кезде зерттеушілер патоген мен өсімдік қатынасының молекулалық механизмін зерттеуге көңіл бөлуде.
Соның ішінде картоптың патогенге тәуелді пероксидаза ферментін зерттеу өте маңызды. Пероксидаза индукциабильді, көп функционалды фермент болып келеді. Судың асқын тотығы немесе молекулалық оттегі көмегімен әртүрлі химиялық заттарды тотықтырып, жоғарғы улы қосылыстар (хинондар) немесе полимерлер түзіледі. Ал сол полимерлер өз кезегінде қорғаныштық қызметі бар болғандықтан (лигнин, суберин) инфекцияның кіруіне бөгет болады. Соған байланысты бұл фермент өсімдік иммунитетінде үлкен орын алады.
Бұл жұмыстың мақсаты – Fuzarium solani саңырауқұлағы залалдаған картоп клеткаларындағы пероксидаза ферментінің активтілігін зерттеу. Мақсатқа байланысты туатын міндеттер:
1. Fusarium solani саңырауқұлағының өсу қисығын тұрғызу.
2. Картоп клеткаларын in vitro сұйық ортада өсіру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы

Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында.
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды.
Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАР ТУРАЛЫ

Соңғы кезде өмір салтын, әлеуметтік қарым-қатынастың әр алуан саласын сипаттайтын және оның көрсеткішер жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика қалыптасты. Осы аталғандардың ішіндегі негізгі бір бөлігі болып саналатыны – статистиканың жалпы теориясы.
Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен онын, құрамы, өндірілген өнімнің көлемі, еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы мөлшері және т.б. кәрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндетгерінің бірі -республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны динамикалық қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың динамикасын зерттеу, талдау барысында бірнеше статисгикалық, көрсеткіштер колданылады. Олардың көпшілігі нақты (абсолюттік) немесе қатысты шамамен беріледі және осы көрсеткіштер арқылы белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайларға қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Мақсаты: ЖШС "ГолдПродукт" біріккен кәсіпорнының жағдайын, берілген мәліметтер бойынша өзгеруін (динамикасын) динамикалық қатардың әдістерін қолдану негізінде талдау жасау. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ АДАМГЕРШІЛІК ТҰРҒЫДАН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттерінің бірі- жасөспірімдерге адамгершілік тәрбие беру болып саналады. Адамгершілік тәрбие міндеттіріне, профессор Н. И. Болдырев айтқандай, адамгершілік сананы қалыптастыру, моральдық сезімдерді жетілдіру және мінез – құлық дағдылары мен әдет – қылықтарын бойға сіңдіру өнеді.Мұның бәрі сыйып келгенде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына қажетті моральдық қасиеттерді сіңдіріп, орнықтыруды, оларды қоғамдық және жеке өмірге даярлауды қамтамасыз етеді.
Адамгершілік тәрбиесін әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдардан бөліп алып, жеке сала ретінде қарастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі әр уақытта да табиғаттың, қоғамның және жеке адамның дамуы туралы педагогика, психология және физиология ғылымдарының озық жетістіктеріне сүйенеді.Ал адамдардың адамгершілік қатынастарын, моральдық санасы мен қызметі формаларының жалпы заңдылықтарын талдайтың этникалық ілім адамгершілік тәрбиесі мен практикасының методологиялық негізі болып саналады. Себебі, этика ілімі адамдардың әлеуметтік- тарихи қажеттіліктерін бейнелейтің адамгершілік принциптерін ғылыми тұрғыдан талдап, негіздейді.Жеке тұлға өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат- мүддесіне сай өскелең ұрпақтың бойында қандай адамгершілік сапалық қасиеттерді қалыптастыруға болады деген сұраққа ғылыми тұрғыдан жан- жақты негізделген жауап іздейді.Сондықтаң, өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру этика ғылымының жетістіктеріне сүйенбей табысқа жету мүмкін емес ....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Өткізгіштер және диэлектриктер

Екі өткізгішті бір-біріне түйістірген кезде жылулық қозғалыстың әсерінен электрондар бір өткізгіштен басқа өткізгішке өтеді. Егер түйісетін өткізгіштер әртүрлі материалды болып келсе немесе олардың әртүрлі нүктелеріндегі температуралары бірдей болмаса, онда электрондар диффузиясының екі жақты ағындары бірдей болмайды, осының нәтижесінде бір өткізгіш оң, ал екіншісі – теріс зарядталып қалады. Сондықтан өткізгіштің ішінде және өткізгіштер арасындағы сыртқы кеңістікте электр өрісі пайда болады. Тепе-теңдік күйінде өткізгіштің ішінде диффузия ағындарының айырмашылығын дәл компенсациялайтын өріс тұрақталанады. Осы электр өрістерінің болуына өткізгіш-өткізгіш, өткізгіш-жартылай өткізгіш, жартылай өткізгіш – жартылай өткізгіш түйісулерінде пайда болатын бірқатар құбылыстар негізделінген.
Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін зоналық теория негізінде тек кванттық механика жан-жақты түсіндіріп бере алады. Орта мектепте ол кристалдардағы коваленттік байланыс моделінің, мысалы кремний немесе германий кристалдарындағы, көмегімен түсіндіріледі. Кристалдың әр атомы (мысалы, а- атомы) өзіне жақын орналасқан төрт атоммен сегіз электрон көмегімен байланысады: оның төртеуі – қарастырылып отырған атомның электрондары да, ал қалған төртеуі бір біреуден байланысқа түсіп отырған атомдардікі.
Бұл байланысты түсіндіру жеткілікті түрде оқу және әдістемелік әдебиеттерде келтірілгендіктен, модель көмегімен талқылау керек болатын басты мәселелерге ғана тоқталамыз:
а) Егер жартылай өткізгіштің температурасы абсолют нөлге жақындаса, онда кристалдағы барлық байланыстар бұзылмайды, сондықтан жартылай өткізгіш диэлектрикке айналады.
ә) Температура жоғарылағанда немесе сыртқы әсердің себебінен кейбір байланыстар бұзылып, кристалл ішінде электр өрісінде қозғала алатын «еркін» электрондар пайда болады.
б) Электроны кетіп, байланыстың үзілген орны «кемтік» деп аталады, оның заряды оң, сондықтан кемтіктер де электр өрісінде қозғала алады.
Электр өрісіндегі электрондар мен кемтіктердің қозғалысын оқушылар шын мәнінде түсінуі тиіс. Ол үшін көрермендер залындағы бос орындар ұқсастығын пайдалануға болады. Көрермендер ауысып отырғанда бос орындар да жылжиды.
в) Егер жартылай өткізгіштер ұщтарына кернеу берілсе, онда электрондар да, кемтіктер де қозғалысқа түседі. Жалпы ток электрондар мен кемтіктер жасайтын токтардың қосындысына тең. Таза жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі меншікті өткізгіштік деп аталады, олардағы электрондар саны мен кемтіктер саны өзара тең.
Жасанды жолмен жартылай өткізгіштегі еркін электрондардың санын не кемтіктердің санын көбейтуге болады. Ол үшін кремний кристалына бес валентті мышьяк атомдарын, болмаса үш валентті индий атомдарын ендіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Өткізу циклы аудиты

Өткізу циклының аудиті жұмыстардың және қызметтердің өткізілуін қарастырады, ол дайын өнімнің есебіне ұқсас, тек қана бір айырмашылық бар бұл жерде өткізу тікелей жұмыс және қызмет көрсетіліп жатқан өндірістік шоттардан жүзеге асырылады, яғни 221 «Дайын өнім» шотының орнына 900 «Негізгі өндіріс», 920 «Көмекші өндіріс», 940 «Әлеуметтік сала» шоттарынан.
Өткізу циклының аудиторлық тексерілуі сонымен қатар аудиттің жүзеге асырылып жатқан объектілеріне, және жүзеге асырылуының әдістеріне тәуелді шаруашылық операциялар бойынша жүзеге асырылуы тиісті. Осылай, өткізудің тексерілуі жүргізіледі: өнімнің консигнациялық негізінде; сатып алынған тауарлар; бөлшек сауда кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлар; негізгі құралдар және МЕА; құнды қағаздар; басқа да активтер.
Кәсіпорындар өзінің дайын өнімнің бір бөлігін келісім-шарт негізінде өткізу бөлшек саудаға өткізуі мүмкін. Консигнациялық негіздегі операцияларды тексеру кезінде келісімнің бар боуын орнату керек, оның шарттары бойынша босатылу құны немесе келісім-шарттық құны, өткізу мерзімі, өткізудің мүмкінсіздігі жағдайында қайтарудың шарттары, бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының пайызы, және көптеген басқа да сұрақтар қарастырылуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Өтпелі кезеңдегі жоғары психикалық функциялардың дамуының мәнін ашу

Әрбір қоғамның әлеуметтік-эканомикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның өсіп-жетілуіне байланысты. Олай болса, өтпелі кезеңдегі жоғары психикалық функциялардың жасөспірімдердің дұрыс қалыптасуы, бүгінгі тәуелсіз елімізде дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мінез-құлқы қалыптасқан ұрпақты қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Себебі өтпелі кезеңдегі психикалық дамудың бүкіл тарихы осы функциялардың жоғарыға өту мен дербес жоғары синтездердің құрылуынан тұрады. Осы тұста жасөспірімдердің психикалық даму тарихында қатаң иерархия үстемдік етеді. Түрлі функциялар (ес, зейін, қабылдау, ерік, ойлау) бір ыдысқа салынған бұтақтардың шақтары іспеттес бір-бірімен қатар дамымайды. Әрбір даму процесінде осы функциялардың барлығы-орталық немесе жетекші функциялы ойлаудың дамуы, ұғымдардың қалыптасуы болып табылатын күрделі иерархиялық жүйені құрайды.
Барлық қалған функциялар осы жаңа құрылыммен күрделі синтезге түсіп, интеллектелінуі, ойлау негізінде ұғымдардың өзі де қайта құрылады.
Бастапқы қарапайым функциялардан бөлек өзгеше заңдылықтары бар мүлдем жаңа функциялар пайда болады және төменгі функциялар өз іс-әрекетінің бір бөлігін жоғары функцияларға беруге байланысты; кей жағдайларда жоғары, логикалық есті қарапайым, механикалық еспен жақындастырып, екеуінде бір қарарда бір ғана генетикалық түзу бойында жатқандай қарастырады, біріншісінде тікелей жалғасын көреді. Дәл осылай функцияның жоғарыға өтуі жоғары немесе ырықты зейінді қарапайым, ырықсыз зейінмен жақындастырып, оны соңғының жалғасы ретінде қарастыруға әкеледі.
Тек психикалық процестер ғана емес, сонымен қатар жасөспірімнің психикалық қасиеттерінде де өзгерістер пайда болады. Олардан нетерия, афазия, шизофрения генетикалық тұрғыда әр қырынан көрініс табады.
Бүгінде жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі жоғары психикалық функциялардың дамуы зерттеудің қажеттілігі осыдан туындап отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық