Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар
Тақырыбы: «Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар»
Ақтөбе қаласындағы № 32 орта мектеп-гимназиясының
8 "в" класс оқушысы Джумагалиева Алия Еркінқызы
Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Мазмұны:
Кіріспе...................... ...............................................................................................3
І Тарау. Ақтөбе қаласының жалпы бейнесі және ада ағзасына зиянды физикалы факторлардың түрлері
1.1 Ақтөбе қаласының жалпы бейнесі...................................................................4
1.2 Қоршаған ортаның физикалық ластануы және оның адам ағзасына әсері.5
ІІ Тарау. Ақтөбе қаласының физикалық ластану жағдайы
2.1 Қала территориясының шумен ластану жағдайы ........................................14
2.2 Қала территориясындағы электромагниттік сәулелену көздері...............16
2.3 Қаланың радиациялық жағдайы...............................................................17
Қорытынды..........................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер тізім......................................................................19
Кіріспе
Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас көптеген экологиялык қиындықтарды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойына адам баласы табиғаттағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау керектігіне мән бермей, өзінің техникалық мүмкіншіліктерін күшейтіп келеді.
Әсіресе қоршаған ортаға деген күш 20 ғасырдың екінші жартысында асып түсті. Халық санының күрт өсуінен, ірі өндіріс орындарының қарқынды дамуынан биосфераның табиғи айналымы бұзылды. Нәтижесінде, адам баласының денсаулығына қауіп төнді. Мұндай қауіп тек біздің елімізге ғана емес, барлық жер бетіне төніп тұр.
Қоршаған ортаның ластануының бірнеше түрлері белгіленген, соның ішінде физикалық ластану, яғни жылумен, шумен, электромагнитті, радиоактивті ластану қазіргі таңда кең өріс алған және ғаламдық сипатқа ие болған ластану болып табылады.
Халықтың денсаулығына әсер ететін басты техногендік факторлар табиғи ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) шығарындыларымен және өндірістік кәсіпорындардың, автокөліктердің пайдаланған қалдықтарымен ластануы болып табылса, соның ішінде қала халқының денсаулығына жағымсыз әсер ететін негізінен жасанды физикалық факторлар, яғни шуылдық жүктемелер, электромагниттік сәулелену, мекемелердегі радонның мөлшерінің және радиациялық деңгейдің жоғары болуын ерекше айта кетуге болады [1]. Сондықтан мен ғылыми жұмысымның тақырыбын «Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар» деп алдым.
Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Ақтөбе қаласы бойынша қоршаған ортаның физикалық ластану жағдайына сипаттама бере отырып, жасанды физикалық факторлардың тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- Ақтөбе қаласының жалпы бейнесін көрсету;
- Физикалық ластану жағдайларына (түрлеріне) анықтама беру;
- Қала ортасына жағымсыз әсер етіп отырған негізгі физикалық факторларды анықтау және баға беру:
а) қала көшелерінің шумен ластану жағдайы;
б) электромагниттік сәулелену көздері;
в) радиациялық жағдайы;
- қала көшелеріндегі шу деңгейін анықтау.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: жасанды физикалық факторлар халық денсаулығына жағымсыз әсер ететін ең басты техногенді факторлардың бірі болғандықтан, оларды анықтап, баға беру басқа да техногендік факторларды анықтауға, оларды болдырмауға мүмкіндік береді.
І Тарау
Ақтөбе қаласының жалпы бейнесі және ада ағзасына зиянды физикалы факторлардың түрлері
1.1 Ақтөбе қаласының жалпы бейнесі
Ақтөбе қаласы – облыс орталығы – республиканың ең ірі қалаларының бірі, оны Қазақстанның Батыс қақпасы деп атайды. Қала 1869 жылы Елек өзенінің жағалауында салынған және салыстырмалы түрде биік емес тау баурайларымен оқшауланған, көркем дала жазықтығында орналасқан.
Ақтөбе – жақын және алыс шетел нарықтарына дейін шыққан атақты экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары бар, өнеркәсібі дамыған және Өңірлік Университет пен Медициналық университеттен лицейлерге және арнайы мектептерге дейінгі оқу орындарының кең желісі бар қала.
Облыс халқы 721,3 мың адамды құрайды (2010 жылдың 1-мамыры).
Қала халқының саны – 393,1 мың адамды (55,5%), ал ауыл халқының саны – 328,2 мың адамды (45,5%) құрайды 2.
Қаладан оңтүстікке дейін қашықтықта Мәскеу-Ташкент және Орск-Атырау-Астрахань темір жолдар қиылысында Қандыағаш темір жол түйіні орналасқан.
Қала республикалық маңызы бар жеңілкөлік жолдарымен Орал, Орынбор, Орск, Қызылорда, Хромтау және Атырау арқылы байланысқан. Ақтөбе қаласындағы аэропорт апатты жағдайларда ауыр әуе ұшақтарын қабылдау үшін сақталым қоры болып табылады.
Өнеркәсіптік қала ядросы ең ірі екі кәсіпорын ферроқорытпа және хромды қосылыстар зауыттары болып табылады. Сонымен қатар машинажасау, тамақ өнеркәсібі және құрылыс өнеркәсібі дамыған. Бұл саладағы ең ірі кәсіпорындар «Актюбрентген», «Авиаремзавод №406 ГА», «Трансмарс» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Өмірбек» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» ЖАҚ болып табылады.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстанның ең ірі сауда орталығы болып табылады. Тек бөлшектік саудада 6 мың адам жұмыс істейді. Қалада бірнеше ірі базарлар мен супермаркеттер бар. Кіші бизнес саласындағы жұмысшылардың жалпы саны 38 мың адам болатын 14 мыңнан астам субъектілер тіркелген.
Мәдениет пен өнер драма, қуыршақ театрларымен, облыстық филармониямен, планетариямен, халық шығармашылығы үйімен, көркем залымен, екі мұражаймен, 11 кітапханамен, бес мәдениет үйлерімен танылады. Ірі спортттық ғимаратттардан – 100000 орынға арналған футбол алаңы, 2 жүзу алаңы, 1500 орынға арналған 2 стадион бар.
Қалада 10 қонақ үй жұмыс жасайды, олардың ішінде Альбион және Самал атты 2 ірі қонақ үй кешендері бар [4].
Қатарында «СНПС – Ақтөбемұнайгаз», «Ұлы дуал» АҚ, «Қазақстандық-Қытай бұрғы компаниясы» ЖШС ірі компаниялары кездесетін 78 біріккен және шетелдік компаниялар қала резиденттері болып табылады.
Қаладан алыс емес жерлерде Елек және Сазды өзендеріндегі су алқаптарындағы Жыланды-Тау тау баурай сілемі, Қарғалы өзен алқабы рекреациялық аймақтары қала халқының таңдамалы демалыс орындары болып табылады.
Ақтөбе қаласында өз шығарындылары және төгінділерімен қоршаған ортаға қолайсыз әсерін тигізетін бірқатар кәсіпорындар бар.
Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймақ территориясындағы табиғи ортаны ластаудың негізгі көздері Ақтөбе хром қосылыстар зауыты (АХҚЗ АҚ), оның тоғандары және шлам жинағыштары, «Алматы Пауэр Консолидейтед» акционерлік қоғамының Ақтөбелік жылу орталығы (Ақтөбе ЖЭО) және оның су күйесін жою ыдысы, «Қазхром» трансұлттық компания» акционерлік қоғамының бөлімшесі Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АФЗ), оның қоқыс үйіндісі және сүзгіштің ескі өрістері болып табылады.
1. 2 Қоршаған ортаның физикалық ластануы және оның адам ағзасына әсері
Қоршаған ортаның физикалық ластануыныц келесідей түрлері бар:
• жылумен ластану;
• шумен ластану;
• электромагнитті ластану;
• радиоактивті ластану;
• жарықпен ластану [1].
Радиациялық ластану.
Радиациялық әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді атайды. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды.
Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар: 1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа-бөлшектер ағыны; 2) электрондар мен позитрондардың бета-бөлшектер ағыны; 3) қысқа толқынды электр магниттік гамма-сәулелері. Альфа-бөлшектер ауада не бәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық процестер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық паталогия орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін. Альфа-бөлшектермен салыстырғанда бета-бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1- тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер теріні күйдіреді, пигментация немесе денеге жара пайда болады. Рентгендік және гамма сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы үш сәуле түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық.
Электр магниттік сәуле – энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай өтетін және ауада ұсақ қашықтыққа дейін тарайтын иондалған гамма – сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле.
Гамма – сәулелері тірі организмнің клеткалар тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей өтуі мүмкін немесе өткен жолында иондалуды қоздыруы мүмкін. Олардың әсері мөлшерге және энергия түріне, сонымен қатар организм мен сәуле шығаратын көздің алшақтығына байланысты.
Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін және т.б.) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары зақымдалады. Мысалы, альфа – сәулелену беретін көздер – радий, уран, плутоний, бета – сәулелену көздері – стронций және иттрий, гамма – сәулелену көзі – цирконий сүйектерде жинақталады.
Иондайтын сәуле мөлшеріне қарай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдықтырады. Организм арқылы өткен сәуле мөлшері 100 рентгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рентгеннен жоғары мөлшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруға шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді.
Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне тән сәулелену сезімталдықтары бар. Бүкіл денені өлтіретін сәулелену дозасы келесі шамалар деңгейінде: бас арқылы енсе – 2000 рад, іштің төменгі бөлігі – 5000 рад, көкірек қуысы – 10000 рад, аяқ–қол – 20000 рад.
Санитарлық ереже бойынша электр магниттік сәулелену бар жерде тұрақты тұруға болмайды. Құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет.
Иондайтын сәулелердің қарқындылығын жартылай төмендету олардың енетін ортаның табиғатына және қалыңдығына байланысты келеді ( 1-ші кесте).
Кесте 2. Гамма сәулелердің мөлшерін жартылай төмендететін қабат шамасы
Гамма-сәулеленудің энергиясы, МэВ |
| ||||
0,5 | 60 | 3,2 | 0,4 | ||
1,0 | 85 | 4,4 | 0,1 | ||
2,0 | 120 | 6,0 | 1,4 | ||
Интернационалдық жүйе (ИЖ) өлшем бірлігінде сәулелену дозасы зивертпен (Зв) өлшенеді (1Зв=100 бэр). Ішкі және сыртқы сәулелену нәтижесінде адам бір жыл ішінде орта есеппен 0,001 Зв доза алады. Адам өміріне қауіп – қатерсіз 0,35 Зв немесе 35 бэр радиация дозасын қабылдауы мүмкін. Организмдердің 50% -ін жоятын радиацияның сағаттық дозасы адам үшін – 4 Зв, балықтар мен құстар – 10-20 Зв, өсімдіктерге – 10-1500 Зв, жәндіктерге – 1000Зв құрайды [14].
Кесте 3. Адам организмінің сәулелену дәрежесі [15]
Жұтылатын энергия мөлшері, бэр | Радиация әсері |
450 | Сәулелену ауруының ең ауыр деңгейі (сәулеленген адамдардың 50%-тейі қайтыс болады) |
100 | Сәулелену ауруының жеңіл дәрежелі түрде жүретін ең төменгі деңгейі |
75 | Қан құрамының қысқа мерзімді өзгерісі |
30 | Асқазанға рентгеноскопия жасағанда қабылданған сәуле мөлшері |
25 | Апатты жағдайда әр адамға қабылдауға рұқсат етілген (бір жолғы) доза |
10 | Апатты жағдайда тұрғындарға қабылдауға рұқсат берілген (бір жолғы) мөлшер |
3 | Тісті рентгенографияға түсіргенде қабылданатын сәулелену мөлшері |
0,5 | Әдеттегідей жылына қалыпты жағдайда қабылдауға болатын рұқсат берілген сәулелену деңгейі |
0,1 | Жыл бойындағы фондық сәулелену |
0,001 | Телевизор арқылы хоккейдің бір матчын көргенде қабылданатын мөлшер |
Шу, вибрация ( діріл) әсерлері
Шу, діріл, магнит өрістері және басқа физикалық әсерлер шартты түрде адамды қоршаған ортаның акустикалық ластануына жатады. Бірінші кезекте акустикалық ластанудың әсер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады.
Адамзат барлық уақытта дыбыс пен шу дүниесінде өмір сүріп келе жатыр. Адам құлағы қабылдайтын сыртқы ортаның механикалық теңселуін дыбыс деп атайды. Естілетін дыбыс 16 Гц – 20 Гц, инфрадыбыс 16 Гц-тен төмен, ультрадыбыс 21 кГц – 1ГГц. Инфрадыбыс пен ультрадыбыс адамның құлағы қабылдамайтын дыбыстарға жатады.
Ультрадыбыстың жиілік диапазоны – төменгі жиілікті (20-100 кГц) және жоғары жиілікті (100 кГц – 1000МГц) болып бөлінеді. Ультрадыбыстарды газдар сұйықтықтармен салыстырғанда бірнеше есе жақсы сіңіре алады. Мысалы, ауада ультрадыбыстың сіңу коэффициенті сумен салыстырғанда 1000 есе жоғары. Ультрадыбыс өнеркәсіпте тексеру - өлшеу (дефектоскопия, мұржалар қабырғаларының қалыңдығын анықтау және т.б.) мақсатында қолданылады, сонымен қатар әртүрлі технологиялық процестерді жүргізу және күшейтуге (бөлшектерді тазалауға, пісіруге, дәнекерлеуге, үгітуге және т.б.). Ультрадыбыс диффузия процестерін, ерітуді және химиялық реакцияларды жылдамдатуға да пайдаланылады.
Ультрадыбыстың басқа дыбыстар сияқты адам организміне тигізетін зиянды әсері бар. Ол нерв жүйесінің бұзылуына, тамырдағы қысым мөлшерінің, қанның құрамы мен қасиетінің өзгеруіне себебін тигізеді. Ультрадыбыс ауа, немесе сұйық және қатты орта арқылы өтеді. Адам организміне түйіскен байланыс арқылы өткен ультрадыбыс өте қауіпті келеді.
Қатты үздіксіз дыбыстарды шу дейді. Шу адамзаттың өмір серігі. Деңгейіне қарай шу адамға қолайлы және қолайсыз әсер тигізеді. Мысалы, табиғи нәзік шулар – жапырақтардың салдыры, өзен ағысының дыбысы, құстар әні, т.б. адамға қолайлы әсерін тигізеді, нерв жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылады. Ал қатты шулардың пайда болуы адамдардың есту қабілеттерінің төмендеуіне және әр түрлі нерв жүйе ауруларының көбеюіне себеп болады. Ұзаққа созылған қатты шулар жүректің, бауырдың жұмыс істеу қабілеттерін бұзады және нерв клеткаларын тоздырады. Нервтік жүйе клеткаларының әлсіреуіне байланысты бүкіл организмнің жұмыс істеу қабілеті төмендеп, әртүрлі патологиялық өзгерістер орын алады. Қатты шулар тек адамдарға ғана емес өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де қолайсыз әсерін тигізеді. Мысалы, шулы көшелерге жақын жерден ұя салған құстардың қанында холестерин мөлшері, тыныш жерде ұясы бар құстардікінен анағұрлым жоғары болатынын биологтар талай рет тәжірибе жүзінде дәлелдеп жүр.
Әр түрлі механикалық, аэродинамикалық және электр магниттік құбылыстар шудың пайда болуына себеп. Машиналар мен механизмдер жұмыс істегенде олардың бөлшектері бір-біріне соғылысу мен қажалудың арқасында және өндірістерде қолданылатын соғылу процестерінің (штамптар, темір соғу) нәтижесінде шудың механикалық түрі орын алады. Аэродинамикалық және гидродинамикалық шулар газдар мен сұйықтар аққанда пайда болады. Ал электр магниттік шулар әр түрлі электрлік қондырғылардың жұмыс істегенінде жарыса қабаттаса шығады.
Шу деңгейі дыбыстық қысыммен өлшенеді, өлшем бірлігі децибел (дБ). Шу әсерінің шекті рауалы деңгейі децибелмен белгіленеді. Шудың мөлшері 20-30 дБ-ге дейін болса ол адам организміне зиянын тигізбейді. 130 дБ шамасындағы шу адамға қолайсыз әсер етеді. Шу 150 дБ асса, оны организм көтере алмайды. Шудың шектік деңгейі 80 дБ. Кейбір шектік рауалды шу деңгейлері 3-ші кестеде берілген [8].
Кесте 4. Әр түрлі мақсаттағы жерлерге белгіленген шудың рауалды деңгейлері
Жер |
| |||
Елді мекендердің қоныс орналасқан жерлері | 45 | 60 | ||
Көпшілік дем алатын жерлер | 35 | 50 | ||
Ауыл шаруашалығына бағытталған жерлер | 45 | 50 | ||
Қорықтар мен заказниктер | 30-ға дейін | 35-ке дейін | ||
*Шумомердің А шкаласымен өлшенген шу деңгейі дБА өлшем бірлігімен беріледі.
Өте қатты шу (100 дБ жоғары) есірткі сияқты әсер етіп, адам масаяды. Қазіргі кездегі электр музыкаға егілушіліктің бір себебі болып осы шуылдан масаю саналады, оның шуы ауырсындыратын шектен асып, 130 дД-ге дейін жетеді. Түнгі уақыттағы 30-40 дБА деңгейіндегі шу адамды қатты мазалайтын факторға жатады.
Әр көзден шығаратын шу деңгейі әр түрлі: жапырақ сылдыры мен тыныш жағдайдағы теңіз толқынының шарпыны 20 дБ, ақырын баяу сөйлескенде 40-45 дБ, қатты сөйлескенде 60-70 дБ, шаңсорғыштікі 70-80 дБ, қоңырау сағаттікі (1м-ге дейін) 80-95 дБ, мотоцикл, автокөлік және басқа көліктердікі 80-100 дБ, күн күркірегенде 130 дБ, реактивті ұшақтікі 150 дБ үстінде, космостық ракеталардікі 175 дБ шамасында. Қаладағы тіршілікте шудың негізгі көзі – автокөлік болып табылады.
Қазіргі кезде барлық үлкен қалаларда шу деңгейі жоғарылай түсуде. Дүние жүзінде ең шулы қалаға Рио-Де-Жанейро жатады. Оның көптеген аудандарында шу мөлшері 80 дБ үстінде.Шулы қалалар қатарына Египет астанасы Каир да (12 млн. адамы бар, яғни бұл бүкіл Египетте тұратын халықтың ¼ бөлігі) кіреді. Оның негізгі көшелерінде шу күші кейбір кезде 100 дБ-ге дейін жетіп қалады.
Әр адамның шуды қабылдау қабілеті әр түрлі, ол олардың жасына, өткір мінезділігіне, денсаулығына, қоршаған жағдайына байланысты. Күннен күнге техниканың дамуына байланысты күшті шу көздері көбейіп, адамды үйге де, өндіріс мекемелерінде де жиі мазалауда. Сондықтан шу проблемасы шешуді қажет ететін маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. У сияқты шу әсері адамға белгілі бір із қалдырады.
Өндірістік шудан қорғану үшін шусыз технологиялық процестерді, шусыз көлік пен құралдарды пайдалану, шуды азайтатын арнаулы асфальттан жол қаптамасын жасау, құрылыстарда дыбыс сіңіргіш материалдарды қолдану, жасыл желек жолақтарын өсіру, шуға қарсы арнаулы экрандар құрастыру қажет.
Шудың механикалық түрін мынадай жолдармен: машиналар мен механизмдердің конструкцияларын жақсарту, металдан жасаған бөлшектерді пластмассаға ауыстыру, соғылу процесіне бағытталған технологияларды соғыспайтын түрлерге (мысалы, штамптауды – престеуге, шелеуді – пісіруге және т.б.) ауыстыру, қатты дыбыс шығаратын тісті дөңгелектерді басқа түрлерге, бір – бірімен үйкесіп қажалатын бөлшектерді майлау арқылы төмендетуге болады.
Аэродинамикалық және гидродинамикалық шуларды азайту үшін негізінде газдың немесе судың кедергілерді айнала ағатын жылдамдықтарды төмендету, дененің аэродинамикасын жақсару, сұйықтарды айдайтын насостардың оптималдық режимін табу, т.б. көптеген ұсыныстар жасалады. Егер де аэродинамикалық шуды төмендетуді оның пайда болатын көзінде жасауға мүмкіндік болмаса, басқа әдістер қолданылады. Мысалы, шу шығаратын көзді жекелендіру, сөндіргіштерді орнату.
Электр магниттік шулармен күресу үшін электрлік машиналардағы бөліктердің (подшибниктер, ротор) айналуын теңестіру, электрлік қозғалтқыш щеткасын қысылып жабысып тұратын етіп орнату және т.с.
Егер де кейбір қондырғылардан шығатын шудың белгілі бағыты болатын болса, онда шу деңгейін төмендету үшін қолданылатын әдістің бірі оның шығатын бағытын өзгерту болып табылады. Мысалы, осындай қондырғыларға тығыз ауаны атмосфераға жіберіп отыруға пайдаланылатын мұржаларды жатқызуға болады. Шу толқыны тұрғын үйден немесе жұмыс орнынан басқа қарама-қарсы бетке қарай бағытталуы қажет.
Адам денсаулығына қолайсыз әсер тигізетін факторлардың біріне инфрадыбысты да жатқызуға болады. Инфрадыбыс жер қозғалғанда, дауыл көтерілгенде, теңіз дауылдары тұрғанда пайда болады. Инфрадыбыс толқындары шығатын көздерге компрессорлар, турбина, дизель қозғалтқыштары, кондиционерлі жүйелер, желдеткіштер және әр түрлі механизмдер жатады. Адам физиологиясына әсерін тигізетін дыбыс мөлшері 20-70 Гц арасында.
Белгілі көздерден шыққан төменгі жиілікпен теңселетін инфрадыбыстар су және жер қыртысы арқылы алшақтығы айтарлықтай алыс жерге таралады. Осы себепке байланысты жер сілкінер алдыңда жануарлар мен бауырмен жорғалаушылар көптеген түрлері мазасызданады. Оның басталуынан бірнеше сағат бұрын олар өздерінің індерін тастап, қауіпсіз жер іздеуге талпынады.
Инфрадыбыс қай жолмен пайда болса да тірі организмдерге қолайсыз әсер тигізеді. Мысалы, қала көліктері жұмыс істегенде орын алатын жиілігі төмен инфрадыбыс теңселуі адамдардың жүйкесін тоздырып, әр түрлі органдардың жұмыс істеу қабілетіне кері әсер етеді.
Инфрадыбыстан қорғану үшін шудан сақтануға болатын кейбір ұқсастығы бар әдістер қолдануға жатады. Мысалы, инфрадыбыс деңгейі көзден шығар кезінде тұншықтырғыштарды пайдалану арқылы төмендетіледі. Сонымен қатар кейбір шуды бәсеңдететін жекелендіру немесе сіңіру әдістері инфрадыбысқа қолдану өте тиімсіз келеді. Ең тиімді ұтымды жол – дыбыс шығатын көзбен күресу [7].
Кесте 5. Іс – жүзінде құрылыста жиі қолданылатын шуды сіңіретін кейбір материалдар
Шу сіңіргіш материалдардан жасалатын қорғандар | Қалыңдығы, мм | Шу сіңіргіш қабілеттіліктің орташа мағынасы, дБ |
Бетон және темірбетон | 50 | 44 |
Бетон және темірбетон | 100 | 47 |
1 кірпіштен жасалған кірпіштік қалау | 250 | 43 |
1,5 кірпіштен жасалған кірпіштік қалау | 380 | 49 |
Екі тақтадан жасалған гипсті шымылдық | 80 | 44 |
Арасында ауа аралығы бар гипсты шымылдықтар | 80 | 49 |
Темірбетон блоктарынан жасалған шымылдық | 9 | 42 |
Болат табағы | 0,7 | 25 |
Болат табағы | 2 | 33 |
Сыланған ағаш қабырға | 40 | 32 |
Шыны | 4 | 28 |
Діріл – ортаның физикалық ластануының бір түрі. Ол айнымалы қысымның механикалық көзінен берілу нәтижесінде пайда болатын жиілік ауқымы кең күрделі тербелмелі процесс.
Адамға әсер ету жолына байланысты діріл екі түрге бөлінеді:
- Жалпы, ол отырған немесе түрегеп тұрған адамның денесіне салмақ түскен жер арқылы беретін;
- Локальды (жергілікті), түрегеп тұрған адамның қолы немесе аяғы арқылы денеге өтетін.
Діріл биологиялық активтігі жоғары факторлардың бірі.
Шуылмен ластану сияқты діріл децибелмен, немесе діріл жылдамдығымен (м/с), діріл шапшаңдату шамасымен (м/с) өлшенеді. Дірілдің амплитудасы мен жиілігінің маңызы зор. Себебі 6-7 Гц тең резонанстық жиілік адамның жанына бататын етіп асқазан мен басына әсерін тигізеді. Жиілігі төмен діріл адам организмінде жүретін алмасу процестерін: көмірсуларының алмасуын, қанның биохимиялық көрсеткіштерін өзгертеді, бұл белоктық, ферментативтік, сонымен қатар витаминдік пен холестериндік алмасуды бұзады.
Кесте 6. Адам организміне дірілдің тигізетін түрі мен әсері
Діріл көзі | |||
Абыржу | Органдардың жылжуы | Клеткалар мен бұлшық тарамдарының өзгеруі | Нерв клеткалары мен органдар |
Әсер нәтижесі | |||
Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі | Орталық нерв жүйесінің бұзылуы | Жүру – жылжымалы аппарат функциясының бұзылуы | Жыныс мүшелері функцияларының бұзылуы |
Жұмыс барысында ұзақ уақыт дірілдің әсерінде болған адам әр түрлі кәсіптік ауруға ұшырайды, мысалы, асқазанның жаралы кеселіне, психикалық және нерв жүйесі ауруына, гипертония, діріл ауруына шалдықтырады. Кәсіптік аурулардың ішінде діріл ауруының алатын орны ерекше, осы аурумен жиі ауыратындар машина жасау, металлургия, құрылыс, тау-кен өнеркәсіптерінде, көлік саласында және ауыл шаруашылығында істейтін жұмысшылар. Діріл жиілігі 16-20 Гц шамасында болғанда діріл ауруы пайда болатын жағдай туады. Діріл жылдамдығының қабылданатын мөлшері 10-4 м/с деңгейінде, ал 1 м/с ауру сезіле бастайды. Діріл ұзақ уақыт әсер еткенде ғимарат, техника бұзылуы мүмкін [8].
Жылулық құбылыстар
Табиғи қоршаған ортаға қолайсыз әсер ететін факторларға жылулық ластануды да жатқызуға болады. Жылулық ластану дегеніміз қоршаған ортаға жылу-энергетика кешендерінен, мұнай өндіру саласында қосалқы газдарды жаққанда бөлінген, мұнай-химия кәсіпорындарының газ алауларынан және т.б. адамзаттың шаруашылық әрекеттерінен бөлініп шыққан жылумен ауаның, судың, топырақтың жылынуы.
Жылулық ластанудың нәтижесінде қала орталығының температурасы оның шет аймақтарына қарағанда белгілі дәрежеде жоғары болады. Кейбір аймақтарда ауа температурасының артуы мен ұлғалдануы тұманның аймақтық бұлттың және жергілікті жауын-шашынның пайда болуына апарып соқтырады. Су қоймаларындағы температура жылулық қалдықтар арқасында көтерілсе, көптеген су организмдері өзінің өсуін, азықтануын және көбеюін тоқтатады, сонымен жұтаңдану басталды, осы қолайсыз жағдаймен қатар, суды жаппай гүлдену басталып, гидротехникалық ғимараттарды балдырлар қаптап басып кетеді.
Көптеген үлкен калалар мен ірі өндіріс орындары орналасқан орталықтардың атмосфералық ауасы жылумен ластанады. Себебі, атмосфераға температурасы жоғары заттар көптеп шығарылады. Ірі өндіріс орьшдарының мұржаларынан, үйлерді жылумен қамтамасыз ету, орман өрттері салдарынан 60°С-ге дейін немесе одан да жоғары температурада қыздырылған заттар қоршаған ортаға бөлінеді. Атмосфералық ауаның орташа жылдық температурасы ірі калалар мен өндіріс орталыктарының үстінде болу керек көрсеткіштен 6-7 градусқа жоғары болып келеді. Мамандардың мэлімдеуінше соңғы 25жылдың ішінде тропосфераның орташа температурасы өз мөлшерінен 0,70 С-ге көтерілген.
Су көздерінің, теңіз акваторийлерінің жылумен ластануы жылу электр станцияларынан және кейбір өндіріс орындарынан шығарылған кайнаған ағынды сулардың кұйылуынан туындайды. Мұндай қайнаған ағынды сулардың құйылуынан, су қоймаларындағы температура 6-8 градусқа жоғары болады. Нәтижесінде, судың табиғи температурасы бұзылады. Бұл судағы жасыл балдырлардың дамуына кері эсер етіп, судың өзін - өзі тазарту қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар, су жәндіктеріне де зиянын тигізеді.
Жылулық ластану қолайсыз әсер тигізбеу үшін осы факторды нормалау қажет. Балық шаруашылығына бағытталған су қоймаларының температурасы табиғи жазғы судың температурасынан 5 С артық жоғарыламауы тиіс. Ал шаруашылық-ауыз суға және мәдени-тұрмыстық жағдайға қолданылатын су объектілеріне өндірістен шыққан жылы суларды араластырғанда олардың суының температурасы 10 жыл ішінде ең ыстық айларда болған температурадан 3 С-ден артық көтерілмеуі қажет.
Тап осылай нормалау проблемасын шешуді жақсы жолдың бірі деп санауға болмайды. Тиімді жол деп суды қайтарып қолдануды, яғни тұйық циклды пайдалануды айтуға болады.
Электромагнитті ластану
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар эртүрлі факторлармен үздіксіз қарым-қатынас нэтижесінде эволюцияға ұшырап, қазіргі күйіне жетті. Бұл факторалардың көбі электромагнитті кеңістікпен тығыз байланысты.
Электромагнитті кеңістікті зерттеу 60-шы жылдардан басталды. Дегенмен, әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Тек көптеген болжамдар ғана бар.
Электромагнитті кеңістіктер әсіресе балалар мен жатырдағы эмбрион үшін, сонымен қатар, жүрегі, орталық жүйке жүйесі ауыратын адамдар үшін қауіпті болып келеді. Көптеген зерттеулер нэтижесі электромагнитті кеңістіккке эсіресе жүйке жүйесі сезімтал екенін көрсетті. Бұл адамдардың есте сақтау кабілетін төмендетеді [9].
ІІ Тарау. Ақтөбе қаласының физикалық ластану жағдайы
2.1 Қала территориясының шумен ластану жағдайы
Қала халқының денсаулығына жағымсыз әсер ететін физикалық факторлар шуылдық жүктемелер және электромагниттік сәулелену. Бұл факторлар әсерінің қарқындылығы санитарлы-гигиеналық және құрылыс нормативтерімен нормаланады және қала құрылысы мен сәулет-құрылысы құжаттамасының барлық түрлерінде ескеріледі.
Ақтөбе қаласында шуылды жүктемелердің басты көзі жеңілкөліктер жолы және теміржол, қала орталығынан қашықтықта орналасқан Халықаралық «Ақтөбе» аэропорты (В сыныбы), трансформаторлы бекеттер болып табылады.
Қала ішіндегі автокөліктердің шуылдық әсерлері өзекті проблема болып отыр. Шуылдық әсерлердің қарқындылығы көптеген факторларға тәуелді, олардың ішінде ең бастысы – көлік ағысының қарқындылығы, көлік түрі және оның техникалық сипаттамалары, техникалық жағдай және жолдардың жүргінші бөлігі. Жол жамылғысының сапасы, автомагистральдар параметрлері, олардың абаттандандырылуы және көгалдандырылуы, құрылыс тәсілдері және т.б.
Қала территориясының маңында Ақтөбе қаласының орталығынан қашықтықта орналасқан «Ақтөбе» Халықаралық аэропорты да (В классы) шуылдық әсерлердің көзі болып табылады.
Қазіргі кезде Халықаралық аэропорт ең алдымен, ішкі рейстерге қызмет етеді. Ақтөбе аэродромы бірегей орналасу аэродромы ретінде ҚР Үкіметімен анықталған және ҚР ІҚК ұшақтары үшін қолданылады. Ұшу-қону жолақ ұзындығы , ені . Ұшу-қону жолақ өлшемдері бойынша Ақтөбе аэродромы Қазақстанның батыс ауданында ең үлкен болып саналады, қазіргі кездегі сертификатты талаптарға сәйкес, бұл ішкі және халықаралық бағыттар бойынша әуе тасымалдауларын орындайтын әуе кемелері (ӘК) барлық типтеріндегі қабылдау – шығаруды іске асырады.
Осы Ақтөбе аэропорты 8, 9, 11, 12 ықшам аудандарының тұрғын үйлеріне шуылдық жүктеме түсіреді, себебі Ақтөбелік аэропортының ұшып – қону жолағының қоныстану аймағына осы аудандар жақын орналасқан.
Аэропорттың қарқынды жұмыс жасауы кезінде осы тұрғын аудандарындағы дыбыс деңгейлері 80 дБ-ға дейін жетеді, ал максималды деңгейлер 92-ден 108 дБ – ға дейін тербеледі [11].
Ақтөбе теміржол түйінінің тепловоздары қаланың қоныстану аумақтарына елеулі шуылдық әсер етеді. Теміржол тауар бекеттеріне, жүк аудандарына, локоматив депосына, вагон жөндеу кәсіпорындарына және т.б. жақын орналасқан жерлерде әсері ерекше үлкен. Пойыздардың қарапайым қозғалысының шуылына қарағанда вокзал және жүктеме сұрыптамасының шуылы әлде қайда жағымсыздық танытады. Пойыз шуылы локоматив және вагондар шуылынан құралады. Тепловоздар жұмысы кезіндегі шуыл дыбыстық қысым деңгейлері 100-110 дБ–ға жетеді. Тепловоздың шуылы жол өсінен қашықтықта да 83-89 дБ құрайды.
Вагондар шуылының басты көзі дөңгелектердің тораптарының және рельстердің біртекті емес соққылары болып табылады. Рельс кезіндегі кемшіліктер қозу мен соққыларға әкеледі және 15 дБ шу деңгейлерін жоғарлатады. Рельс тораптары 10 дБ-ге дейінгі соққы шуылын тудырады.
Санитарлық бағалау бойынша дөңгелектік шуылының жоғары деңгейі өте зиянды. Шуылды төмендетуде қолданылатын әдістері айқын нәтиже бермейді.
Ақтөбе бекетінен өтетін пойыздардан басқа шуыл көздері локоматив депосы, вагон жөндеуші кәсіпорын, контейнерлерді тиеу және түсіру ауданы болып табылады. Ақтөбе бекетінде жүктік алаңы, сұрыптаушы жолдары бар вокзал орналасқан.
Осылай, қаладағы теміржол көлігімен дыбыстың максималды эквивалент деңгейлері, дБ төмендегідей дыбыс мөлшерін көрсетеді: Ақтөбе бекетіне жақын жерлерде 84-86 дБ – ға дейін. Сұрыптау жолдарында шуыл – 97 дБ – ға дейін, ал жүктік терминалдан – 97 дБ-ға дейін. Локоматив депосы 90 дБ-ға дейінгі шуыл әсерін көрсетеді.
Автокөлік: шуылдың көптеген деңгейлері қаланың магистралды көшелерінде байқалады. Көшелер бойынша шуыл деңгейлерінің көптеген өлшемдері 78-ден 91 дБА көрсеткіштерінде болады, ал бұл РШД (рауалды-шекті деңгейлер) бірегей жоғарлауы болып табылады.
2010 жылы «ЭКО Сервис» ЖШС зерттеу жүргізген, сол кезде өлшеу орындары ретінде мына нүктелерді алған: Әбілқайыр хан көшесі, 3, 21, 75, 79, 80 үйлері; ағайынды Жұбановтар көшесі - 284,306 үйлері; М.Оспанов көшесі – 54 үй; Ә.Молдағұлова даңғылы - 5,7,41 үйлері; Тургенев көшесі - 32,34,64,66,104,110,112; Есет-батыр көшесі - 83,89,107,109,116,142,144 үйлер; Маресьева көшесі - 9,78 үйлері; Шернияз көшесі – 53 үй; Асау-барақ көшесі – 49 үй; Ш.Уалиханов көшесі: 30 үй; Ломоносов көшесі: 30 үй; 12 ықшамауданы - 25,26 үйлері; 11 ықшамауданы - 81,83,86,100,111 үйлері; Иманов көшесі - 16,16А,90,93,107,145,163,166 үйлері; Мясоедов көшесі - 13,28,60,67102,130,152 үйлері; Авиақалашық ауданы- 16,20 үйлері; Некрасов көшесі – 75,79,84,97 үйлері.
Шуылдың құрал-жабдықтық өлшенулері тұрғын үйлердің бірінші және жоғарғы қабаттарындағы пәтерлерде жүргізіледі. Өлшену нәтижелері дыбыстың (шуылдың) эквивалентті деңгейінің жоғарлауын көрсетті. Шуыл шамасы 46-62 дБ шектерінде, ал оның шекіт мөлшері 40 дБ аспауы керек.
Сонда қала бойынша шу деңгейі жоғары көшелер: Әбілқайыр хан даңғылы, Ағайынды Жұбановтар, М.Оспанов, Тургенев, Есет батыр, Шернияз, Асау – Барақ, Ш.Уалиханов, Ломоносов көшелері болып табылады.
Трансформаторлы қосалқы бекеттер шуылы. Қазіргі кезде қала территориясында 110-35 кВ қосалқы бекеттер қатары орналасқан. Олардың шуылдық әсерлері трансформаторлар қуатына байланысты 70-тен 80 дБ – ге дейін тербеледі. Трансформаторлар қосалқы бекеттерінің қажетті санитарлы – қорғау зонасы және техникалық сипаттамалары 7-кестеде келтірілген.
Кесте 7. Ақтөбе қ. территориясының техникалық сипаттамасы және трансформаторлы қосалқы бекеттерінің СҚЗ
Атауы | Кернеуі | Трансформатор саны | СҚЗ өлшемі | ||||
Городская | 110/10 | 2x160 | 370/200 | ||||
Новый | 35/10 | 1x25 | 140/70 | ||||
Құрашасай | 35/10 | 1x10 | 140/70 | ||||
Тазартпа қондырғылары | 36/10 | 2x4 | 140/70 | ||||
Пригородный | 35/10 | 1x3,2+ 1x4 | 140/70 | ||||
Ақшат | 35/10 | 1x2,5 | 140/70 | ||||
Қарғалы | 35/10 | 1x1,6+1x2,5 | 140/70 | ||||
Заречная | 110/10 | 1x10+1x6,3 | 290/160 | ||||
Кірпіш зауыты | 35/10 | 1x2,5 | 140/70 | ||||
Молзавод | 110/10 | 1x10+1x6,3 | 290/160 | ||||
41-ый разъезд | 110/10 | 1x6,3+1x16 | 370/200 | ||||
ПОШ | 110/10 | 2x10 | 290/160 | ||||
РМС | 35/10 | 1x4+1x2,5 | 140/70 | ||||
Тұрғындар қалашығы | 35/10 | 2x16 | 250/140 | ||||
Сазды | 110/35/10 | 2x40 | 500/300 | ||||
ГПП | 35/10 | 2x10 | 190/100 | ||||
Құрайлы | 35/10 | 2x2,5 | 140/70 | ||||
Елек | 110/35/10 | 2x20 | 450/250 | ||||
Актюбрентген | 35/10 | 2x10 | 190/100 | ||||
Западная | 110/35/10 | 1x10+1x16 | 370/200 | ||||
Сельмаш | 110/10 | 2x25 | 450/250 | ||||
/алымы – жаңа құрылыс аудандарында, бөлімі – қазіргі кезде бар/
Пойыздардың шуылы ұйқының бұзылуында, ауырлық жағдайдағы, мінез – құлықтың өзгеруінде және т.б. көрінетін жағымсыз салдарлары бар.
Пойыздар шуылын қабылдау қаланың жалпы шуыл айналасына тәуелді. Тұрғын үй жерлеріне қарағанда зауыттың шеттерінде бұл сезімталдығы аз етіп қабылданады.
2.2 Қала территориясындағы электромагниттік сәулелену көздері
Қала территориясындағы электромагниттік сәулеленулер (ЭМС) көздеріне көптеген салыстырмалы ұсақ радиотехникалық нысандар (РТН) жатады.
Қазіргі уақытта қалада келесі РТН орналастырылған: радиоқабылдағыштар, ұялы, транкингті, пейджингті, редиорелейлі, спутниктік және т.б. Олардың барлық саны 99 дана.
Ең маңызды РТН – Ақтөбе қаласының қоныстану аймағында орналасқан (Летняя көшесі, 25) Ақтөбе облыстық транслокациондық беру орталығы биіктіктегі діңгекте орнатылған радиотелевизионды – хабарлағыш, жалпы қуаты – 6 кВт-қа жуық.
Электр қосалқы бекетінің халыққа зиянды әсерін болдырмау үшін оның кернеулігі тұрғын құрылыс аумағындағы мәні – 1 кВ/м, ал қоныстану жерлерінде, тұрғылықты емес құрылыстарда, сонымен қатар бау-бақша телімдерінің аумағында – 5 кВ/м – ден аспау керек.
Қала маңындағы аумақтарда электромагниттік сәулеленудің маңызды көздері аэропорттың радиотехникалық нысандары болып табылады (М.А. «Ақтөбе»). Аэродромның электромагнитті өрісі құрамына жерге жақын радиолокациондық бекеттерінің (РЛБ) сәулеленулері және аз дәрежеде жерге жақын радиолокациондық құралдарының, құрал-жабдықтық қонудың, радиотехникалық құралдарының және радиобайланыс құралдарының сәулеленулері кіреді.
«Әуе қозғалыс ұйымдарының Батыс-Қазақстандық аудандық ЕМК орталығымен» ұсынылған мәліметтерге сәйкес ұшу жолағынан қашықтықта орналасқан ТШР электромагниттік сәулеленудің ең қуатты көзі болып табылады. Бірақ аталған локатордың тұрғын үйлерден алшақ орналасуына қарай Ақтөбе қаласына жағымсыз әсер етпейді [12].
2.3 Қаланың радиациялық жағдайы
Ақтөбе қаласының радиациялық жағдайы Волковгеология АҚ-мен 1993-1994 және 2003 жж. жоспарлы түрде зерттелді [16, 17].
Сонымен қатар 2007ж, 2010 жылы Ақтөбе қаласының радиациялық жағдайы зерттелген.
Жұмыстар 20 шаршы км ауданында жүргізілді. 2007 жылы Ақтөбе қала территорияларында жүргізілген радиометрлік зерттеулердің көрсетуі бойынша гамма-сәулеленудің экспозициялық мөлшер қуатының (ЭМҚ) деңгейлері 0,04-ден 0,14 мкЗв/сағ дейінгі шамалармен сипатталады. 1994 ж. жүргізілген зерттеулер есебі бойынша қала аумағы үшін ЭМҚ орташа шамасы 0,11 мкЗв/сағ деп қабылданды.
ЭМҚ ең төмен мәндері Елек және Сазды өзен жайылымдарына қатысты табиғи ландшафтармен және құрылыс аумақтарымен сипатталады. Мұнда экспозициялық мөлшер деңгейлері 0,07-ден 0,09 мкР/сағ дейінгі мәнді құрайды. Қаланың тексерілген қалған бөліктері 0,08-ден 0,14 мкР/сағ дейінгі гамма-сәулеленудің жалпы мәндерімен сипатталады. Қаланың тексерілген бөлігіндегі радиактивтіліктің ауытқушылықты жоғарлауы айқындалмайды [13], [12], [16].
Қорытынды
Жұмысты жазу барысында мындай қорытындылар келтіріп өтемін:
- Физикалық ластануыныц келесідей түрлері бар:
• жылумен ластану;
• шумен ластану;
• электромагнитті ластану;
• радиоактивті ластану;
• жарықпен ластану.
- Шудың эквивалентті деңгейі – қаланың барлық дерлік тоғыспалы жолдарында рауалды-рұқсат етілген мәндерінен жоғары. Бұл қалада көлік санының артуына байланысты болып отырған жағдай деп тұжырымдауға болады. Жалпы қаламыз жол желісі оңтайландыруды қажет етеді, электр көлігінің, әсіресе трамвай дамымаған. Ал көптеген ірі еуропалық қаларда трамвайлық қатынас кең пайдаланылады. Қазіргі трамвайлардың қолданылуы, яғни трамвайлық желі бірқатар экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да мәселелерді шешеді.
- Қала территориясындағы электромагниттік сәулеленулер (ЭМС) көздеріне көптеген салыстырмалы ұсақ радиотехникалық нысандар (РТН) жатқызуға болады. Жалпы тұрғын үй алаң аудандарында ЭМС жоғары мәндері байқалмайды.
- 2007 жылы Ақтөбе қала территорияларында жүргізілген радиометрлік зерттеулердің көрсетуі бойынша гамма-сәулеленудің экспозициялық мөлшер қуатының (ЭМҚ) деңгейлері 0,04-ден 0,14 мкЗв/сағ дейінгі шамалармен сипатталады. ЭМҚ ең төмен мәндері Елек және Сазды өзен жайылымдарына қатысты табиғи ландшафтарда, мұнда 0,07-ден 0,09 мкР/сағ дейінгі мәнді құрайды. Қаланың қалған бөліктері 0,08-ден 0,14 мкР/сағ дейінгі гамма-сәулеленудің жалпы мәндерімен сипатталады. Жалпы қаланың көпшілік аудандарында радиактивтілік ауытқушылығының жоғарлауы байқалмайды.
Ғылыми жұмысты қорытындылай келе тұрғындардың денсаулық жағыдайын жағымсыз әсер етіп отырған негізгі физикалық фактор-қоршаған ортаның шумен ластануы болғандықтан мен мынадай ұсыныстар айтар едім:
- көшелердің түрлі санаттағы көлік қозғалысының бөлінуі үшін және қала бойынша жол айрықтарының, жүргінші жолдардың орналасуымен көліктер қозғалысының тиімді жүйесін жетілдіру;
- қала маңындағы жолдардың құрылысын тездету;
- басты магистральдарды кеңейтумен және тораптардағы көліктердің жеңіл жүруін қамтамасыз етумен жолдардың тиімді жөнделуін жүргізу;
- электр көліктерін, соның ішінде қазіргі трамвайлар мен электр пойыздарын пайдалануды кеңейту.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Алексеенко В.А. Экологическая геохимия. М. ЛОГОС,2000. 1113-119ст.
- Концепция экологической безопасности Республики Казахстан. 24-36 бб.
- Экологический кодекс РК, № 212-III ЗРК от 9.04.07г.
- Отчет по экологическому районированию территории Актюбинской области и входящих в нее эколого-географических районов. ОАО «АктюбНИГРИ». Актобе - . 2 части, 2004. 75-91ст.
- Материалы сайта http://www.aktobe.stat.kz/
- Бюллетени РГП «Казгидромет»,2001-2010 гг.
- ГОСТ 23337-78 «Шум. Методы измерения шума на селитебной территории и в помещениях жилых и общественных зданий».
- СанПиН РК 3.01.035-97 «Предельно-допустимые уровни шума в помещениях жилых и общественных зданий на территории жилой застройки», .
- ГОСТ РК «Электромагнитные поля промышленной частоты. Допустимые уровни напряженности и требования к проведению контроля».
- Бюллетени РГП «Казгидромет»,2001-2010 гг.
- Давидович Г.Т. и др. Геологический мониторинг территории Актюбинской области и 5 районов Актюбинского Приаралья. РНПЦ Казэкология, . 46-52 ст.
- Назаров Ю.Л. Краснов Г.И. Изучение радиационной экологической обстановки и выявление участков радиоактивного загрязнения в городах Актюбинской области, Алматы, . 12-26 ст.
- Дубинчин П.П. КрючковВ.И. Отчет по теме «Выборочное радиационное обследование городов Актобе и Хромтау», Алматы, 2004. 9-16 ст.
- Методические рекомендации по проведению комплексных обследований и оценке загрязнения природной среды в районах, подверженных интенсивному антропогенному воздействию, Астана-2003. 46-49 ст.
- РНД 211.1.06.02-97 «Методические указания по обеспечению безопасности от природных источников ионизирующих излучений».
- «Руководство по методам контроля за радиоактивностью окружающей среды». Астана-. 52-59 ст.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру