Экономика | Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның дамуы

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның дамуы

Мазмұны

Кіріспе.

І Несие ұғымы және экономикалық мәні
1.1. Несие, мәні және қажеттігі
1.2. Несиенің қызметтері.
1.3. Несиенің негізгі формалары және олардың жіктелуі

ІІ Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның
дамуы
2.1. Несие жүйесінің жалпы сипаттамасы мен құрылымы
2.2. ҚР банк жүйесі
2.3. Банктердің мәні және қызметтері

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер


1. Несие ұғымы және экономикалық мәні.
1.1. Несие, мәні және қажеттігі

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
1.2. Несиенің қызметтері.
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
• қайта бөлу;
• айналыс шығындарын үнемдеу;
• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• капиталдың шоғырлануын жеделдету
• ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

1.3. Несиенің негізгі формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі формасыың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
• кепіл-хатпен,
• кепілдемемен;
• кепілдікпен
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік)несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасында.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалды бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?