Өзін_өзі_бағалау және_өзара бағалау
Бағалау дегеніміз не?
•Бағалау латын тілінен аударғанда «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде біз оқушылармен бірге отырамыз. Біз барлығын солармен және солар үшін жасаймыз. Рәсімдерді оқушыларға тек қолданып қана қоймаймыз.
Грин, 1999
•Бағалау – бұл оқытуды дамыту мақсатында оқушылардың дәлелдерін жинау үшін қолданатын формальды және формальды емес үдерістер
Блэк және Уильям, 1998
Баға дегеніміз – бір нәрсенің маңыздылығын немесе құндылығы.Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісін реттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізген нәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс.
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ принциптері
•оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);
•барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
•бағалау белгіленбейді;
•оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
•әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
•ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Өзін өзі бағалау және өзара бағалау бойынша нұсқаулық
Өзін– өзі бағалау дегеніміз, әркім өз жетістіктері мен әлсіз жақтары жайында ақпаратты жинап талдауға бағытталған үдеріс.Бұл бағалау өз іс- әрекетінің соңғы нәтижесін ғана емес,сонымен қатар үдерісті де бағалау
Өзіне сенімді ,жеке жұмыс жасай алатын тұлғаның дамуына күнделікті оқыту үдерісінде өзін- өзі бағалауды енгізудің ықпалы зор
Өзін -өзі бағалау бойынша ұсыныстар
- Өзін- өзі бағалауға уақыт жоспарлау.
- .Сабақ мақсатын хабарлау, оқушылар сол мақсатқа жету үшін бағалау критерийлерін анық көріп отыру керек (тақтаға, қабырғаға жазып қою) (мұғалім тапсырманы тексермес бұрын, бағалай критерийлерді еске түсіріп, жұмыстарын сол критерийлер негізінде тағы бір рет тексеруге мүмкіндік береді
- Оқушыларға өз іс-әрекеттері жайында тиімді кері байланыс беру
- Өз оқыту үдерісін ұйымдастыруына белсене қатысу
- Оқушыларды өз жетістіктерін жақсартатын тәсілдері мен өзін-өзі бағалау қағидаттары таныстыру
Өзін-өзі бағалау алгоритмі:
•Неге үйрендім?
•Өзімді не үшін мадақтай аламын?
•Қандай мәселе бойынша әлі де жұмыс жасауым қажет
-бұл бірлескен жұмыс, ұжымдық шығармашылық, жұппен жұмыс істеуі және бірлесе проблеманы шеше отырып, бір шешімге келуі.
Ынтымақтастық барысында, оқушылардың бойында қарым қатынас жасау, проблеманы шешу және талдау дағдылары дамиды.
Өзара бағалау
Өзара бағалау қиындықары
1.Әділетсіздік
2.Уақыттың көп кетуі .
3.Түзетулерге дәлелдеме келтіре алмауы
Шешу жолдару
1.Әділетсіздік.
Жұптарымен жиі ауыстыру.
Оқушыларға өз бағалауына дәлелдеме келтіруге үйрету
Оларды шешу жолдары
2. Уақытты көп алуы.
Өзара бағалау тәсілдерін тым көп пайдаланбаңыз.
Өзара бағалау тәсілі оқушыларды жеке жұмыс жасауға дайындау кезеніне жатады.
Сыныптасымен жұмыс орындау барысында,ол жұмыс жасау алгоритимін еске түсіріп, өз жұмысына талдау жасауды еске түсіреді
Оларды шешу жолдары
3.Оқушылар түзетулерге дәлелдеме келтіре алмайды
Өзара бағалау тәсілін мұғалімнің жетекшілігімен, ұжымдық жұмыстар арқылы қолдану ұсынылады. Мұғалім, өзара бағалау тәсілін практикада қолдану арқылы, оқушылардың бойында өзін- өзі бақылау және өз жұмысына талдау жасау дағдыларын дамытуына бастапқы кезен болып саналады.
Өзара бағалау үдерісінде қиындықтарды шешу үшін, оқушыларға:
• Бағалау критерийлер бойынша нақты нұсқау беру;
•Сапалы жұмыс орындауға нұсқау беру;
•Өз жұмысын жақсарту үшін, сыныптастары
Тапсырмалар
Өзара бағалау сабақ барысында қандай қиындықтар тудыруы мүмкін?
Қалыптастырушы бағалау мен өзара бағалаудың айырмашылықтары қандай?
Егер сабақ барысында оқушылар арасында өзара бағалауда пайда болатын қиындықтарды қалай шешесің?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру