Музыка ойналып, екі бала залға кіреді. 1- бала: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық! Жаа жылды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық! 2- бала: Ертегі әлемі Қандай өзі әдемі, Жасыл шырша жанында, Барлық достар жиналды. Кәне балақай, байқашы, Мән беріп қарашы! Достардың барлығы, Үлгерді ме, санашы. Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрады.