41-сабақ Түбір сөз және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 41-сабақ Түбір сөз және туынды сөз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаян жаза алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
- сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,
туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;
- болған оқиғаны сипаттап өмірбаян жаза алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу үзбей және біркелкі шапшаң жазады...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық