Тәрбие сағат тақырыбы: Қазақстан еліне саяхат Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбие сағат көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.