“Кім тапқыр” ойыны
ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?
Қоныс той: жаңа үйге бата беру
Әмин, деп қол жайып,
Бата берем толғанып.
Баспанаңды бітірдің,
Еңбегің жанып оңдалып.
Жиһаз толсын ішіне,
Дос сүйсінсін ісіңе.
Мерейленіп....
Бизнестің жол картасы-2020: Кәсібіңді дамытуға қайтарымсыз 3 миллион теңге беруге дайынбыз
Одан бөлек Жаңаөзен секілді моно қалаларды дамыту бағдарламасы....
Мұсылманша 500+ ұл балалардың есімі мен олардың мағынасы
Жетімі жоқ жаһанда өмір сүру - бір ләззат !
Жаратылыстану 6 сынып (1, 2, 3, 4 тоқсан)
Мешітке кірерде және мешіттен шыққанда айтылатын дұға
Кірер кезде:
«Әъузу билләһил ъазим, уә биуәжһиһил кәрим, уә султаниһил қадим, минәш шайтанир ражим» /Бисмилләһ уас-салату уәс-сәләму ъала расулилләһ/ «Аллаһуммәф-тәхли әбуәбә рахматик».
(Ұлы Аллаға, Оның ардақты дидарына және Оның ежелгі билігіне лағнетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сыйынамын. (Алланың атымен, Алланың елшісіне Оның тыныштығы мен игілігі болсын!) Я, Алла! Маған мейірім есіктеріңді аша гөр!)
Шыққанда:
«Бисмилләһ уас-салату уәс-сәләму ъала расулилләһ, Аллаһумма инни әсәлукә мин фадлик, Аллаһумма иъсымни минәш шайтанир ражим».
Алланың атымен, Алланың елшісіне Оның тыныштығы мен игілігі болсын! Я, Алла! Шынында, мен Сенің кеңшілігіңді сұраймын. Я, Алла! Мені шайтанның азғыруынан сақтай гөр! дұғаларын оқу керек.
Мешіт – имандылық ұясы
Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен, балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сынды көптеген діни рәсімдер мешітте орындалады.